Презентация по предмету специалит спец

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мусалимов Нұрлан Есетұлы.
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің «Пісіру ісі» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері
Атырау қаласы

Өндірістік оқудың сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Жиектерді V- тәрізді пластиндерді түйістіріп, тік
бағытта пісіру.
Сабақтың білімділік мақсаты: Студенттерге жиектерді түйістіріп, тік бағытта пісіру процесін жете меңгерту.
Сабақтың тәрбилік мақсаты: Студенттер бойында құрал - саймандарды күтіп ұстау, шикізаттармен материалдарды үнемді пайдалану, жұмыс барысында ұқыптылық пен тыңғылықты еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қасиеттеріне тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жиектерді түйістіріп, тік бағытта пісіру прцесімен жұмыс жасай отырып, әрі қарай дамыту.
Пәнаралық байланыс: Сызу, Арнайы технология, химия, физика
Көрнекілігі: 1. Құралдар: балғалар, болат щеткалар,соққыштар, сызғыштар, бор, жікті өлшегіштер, кислорот, пропан, резак, маскалар, арнайы киімдер - брезент кеудешелер, шалбарлар, бас киімдер және қолғаптар.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, мультимедия, электронды оқулық, нұсқау картасы, сызбалар
Жұмыс орны: Оқу шеберханасы, дәнекерлеу ісі цехы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
1.Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
2.Оқушылардың формасын, оқу- құрал жабдықтарын тексеру.
II. Кіріспе нұсқау
1.Сабақтың мақсаты мен тақырыбын айту.
2. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Көлденең жіктерді пісірудің қандай әдісі бар?
Көлденең жіктерді жасау жұмыстары
Қауіпсіздік ережелері
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Газэлектормен пісіру жұмысындағы қауіпсіздік ережелері және жұмыс орындарын дайындау
Металды газды жалындатқандағы қауіпсіздік техникасының сұрақтарына көп көңіл бөлу керек. Оттегі баллонымен және бәсеңдеткіштермен жұмыс істеудегі ережелерін ескере отырып, оттегіне қатты және сұйық майлардың қосылмау керек екенін нұсқау және қайта соққылардың пайда болатынын, сақтағыштағы судың деңгейін тексеру керектігін ескерту. Сонымен қатар, негізгі металдың үстінің ластануына, жіктердің дұрыс піспей қалуына әкелетінін; газ тесіктері немесе қожданған қосылыстар пайда болуына жеткізетінін айту
Жиектерді тік жікті дайындамай-ақ тілімшелерді пісіру.
Жиектерді тік жікті дайындамай-ақ тілімшелерді пісіру жұмысын көрсете отырып, оқушыларға мұндай пісіруді, ереже бойынша, сол әдіспен, яғни, төменнен жоғары қарай орындау керектігін түсіндіру қажет. Себебі ол тік білікшелердің балқытуына ұқсас. Осыдан кейін тік жіктерді пісіреді және оң әдіспен аз қалыңдығы металл үшін, жоғарыдан төмен қарай орындайды. Ваннаның көлемі аз және газдың жалынының қысымымен металды ұстап қалуға болады
Тік жікті алмаспайтын білікшемен пісіру.
Сол сияқты металдың қалыңдығы 6 мм дейін жеткенде алмаспайтын білікше әдісін қолдануға болады. Пісіру техникасын алмаспайтын білікше арқылы жүргізуде, түйістіріп күйдіріп тесік жасау керек. Кейін оны төменнен жоғары қарай дайындауға болады.*
Жиектерді V- тәрізді дайындап тілімшелерді түйістіріп пісіру.Жиектерді V- тәрізді дайындап тілімшелерді түйістіріп пісіру жұмысын орындамас бұрын жинастыру жұмысындағы саңылаулар, жалынның дұрыс қуатын таңдау туралы, сол сияқты жұмыс барысында жік түбінің дұрыс пісіруіне көп көңіл бөлу керек. Бөлікті төменгі орналасында пісіру керек, білікшелердің дұрыс орналасуын және негізгі металдың жиегінің сенімді балқытылуын қамтамасыз ету. Ішкі жағын қарап саңылаудың, қож қосылыстарының, піспей қалған және балқытылмаған жерлері болмауын тексеру керек
Түйіндерді тік орналасуында пісіру.
Тік жіктерді пісіру кезінде балқыған металдың талшықтары төмен қарай ағады. Сондықтан тік жіктерді пісіруді біршама қысқа доғамен жүргізеді, яғни, мұнда балқыған металдың тамшылары электродтан жіктер шұңқырына оңай өтеді. Электродтың ұшын бұл жағдайда жоғары немесе қатуға мүмкіндік бере отырып, тамшыдан басқа жаққа бұрып отырады. Тік жіктерді төменнен жлоғары бағытқа қарай пісірген дұрыс, сол кезде төменде жатқан кратер электродтың ұшынан ағуға ұмтылған металл тамшысын ұстап қалады.

IV. Жаңа сабақты пысықтау.
Газбен пісірушінің балқыту жұмыстарындағы жұмыс орнын қалай дұрыс ұйымдастыру керек?
Пісіру жаланының негізгі бөлімдерін атаңдар.
Пісіру жалынын қандай бөліммен орындауға болады?
Жіктерді төменгі қалыпта пісірудің қауіпсіздік ережелері қандай?
Жиектерді қалай дайындауға және тазалауға болады?
Алмаспайтын білікшемен пісіру әдісінің ерекелігі неде?
Тік және көлденең жіктерді пісіруде кездесетін қандай ақаулар бар?
Техника қауіпсіздік ережесі ?
V. Ағымдағы нұсқау
1- кезең Оқушылардың жұмыс орнын ұйымдастыру және жұмысқа дайындығын тексеру, техника қауіпсіздік ережесін түсіндіру.
2- кезең Оқушылардың жұмыс технологиясын сақтай отырып жұмысының орындалу процесін тексеру және оларға түсініктемелер жасау. Нұсқау картасымен таныстыру.
(Осыдан соң электронды оқулықтан пісіру жұмыстары туралы көрсеттім. Ол оқушының санасына көзбен көрсету арқылы түсінік беру болып табылады.) *
3- кезең Техника қауіпсіздігін сақтау.
4- кезең Жұмыс сапасын тексеру. (9-10 сурет)
VI. Қорытынды
Сабақты қортындылау және бағалау.
Сол күнгі жасалған жұмыстың сапасын тексеру.
Жұмыс орнын тазалау
Үйге тапсырма: Жаңа сабақты қайталау

Нұсқаулы технологиялық карта
Тақырыбы: Жиектерді V- тәрізді пластиндерді түйістіріп, тік бағытта пісіру.
№ Жасалатын жұмыстар Қолданылатын қосылыстар Жасау ережесі Техникалық қауіпсіздік ережелері
1 Темір пластинаны өлшеу Өлшегіш, бор, сызғыш Темір пластина өлшеуіш құралдары, сызғыш Жұмысты бастамас бұрын, бірінші жұмыс орнын ұйымдастыру керек.
2 Темір пластинаны кесу Кескіш болгарка Сызылған темірді болгаркамен кесу Темірді тазалап, кесу үшін болгарка керек. Болгаркамен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік көз әйнегін тағу керек.
3 Дәнекерлік аппаратты қосу ESAB-400 Аппаратты қоспас бұрын тексеру керек. Тексергеннен кейін тоқ көзін жасалатын металдың қалыңдығына байланысты реттеп қою керек
Кесуге арналған дискілердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізу керек. Бәрін тексеріп келе іске қосып металды өлшеміне қарай кесу керек
4 Кескен пластинадан бұрышты қосылыс жасап үзікті жік қою Электрод, шлангі, редуктр Темірді түйістіріп, үзікті жікпен ұстату Дәнекерлеу жұмысы кезінде бірінші арнаулы маска мен маман киімін кию керек. Аппаратты және ақпараттық кабельдерін қарау керек.
5 Жиектерді V- тәрізді дайындап тілімшелерді түйістіріп пісіру Трансформатор,
электрод Жиектерді V- тәрізді дайындап тілімшелерді түйістіріп пісіру жұмысын орындамас бұрын жинастыру жұмысындағы саңылаулар, жалынның дұрыс қуатын таңдау туралы, сол сияқты жұмыс барысында жік түбінің дұрыс пісіруіне көп көңіл бөлу керек Ішкі жағын қарап саңылаудың, қож қосылыстарының, піспей қалған және балқытылмаған жерлері болмауын тексеру керек.

6 Дәнекерлік аппаратты өшіру ESAB-400 Жұмыс аяқталғаннан соң дәнекерлік аппараттарды тоқ көзінен өшіріп дәнекерлік құралдарды жинақтау Аппаратты жер желісіне бекітілуіне көз жеткізу керек. Ауа сору жүйесін тексеру керек. Қорытындылап тексергеннен кейін дәнекерлік аппаратты тоқ көзіне қосып берілген тапсырманы орындай беруге болады
7 Ақауды түзету
Сызғыш Кесіп біткеннен кейін кескіш оттегінің бұрандасын жабу
Жанып жатқан газдың және қыздырылған оттегінің бұрандасын жабу керек Құрметті тәлімгер сайтының қолданушысы Жиектерді V- тәрізді пластиндерді түйістіріп, тік бағытта пісіру. - Электронды мұрағат ұстаздарға тегін жүтеп көре аласыз. Тәлімгер.орг сайтындағы Жиектерді V- тәрізді пластиндерді түйістіріп, тік бағытта пісіру. атты материал танысу үшін берілген. Тәлімгерсайтында сіз кез-келген тақырыпта ашық сабақ, презентация рефератмақалаларды және сабақ жоспарларын таба аласыз. Жиектерді V- тәрізді пластиндерді түйістіріп, тік бағытта пісіру. Мектептен тыс мекемелер материалын жүктеу сілтемесі астында жазылған. Егер сізде ашық сабақтар, рефераттар бар болса сайтта жариялауға болады

© 2010-2022