Медғат Қасым. Ашық сабақ

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қазақ тілі 5-сыныптар.

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:1. оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білімін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау, машықтарын қалыптастыру;

2. сөз саптау қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.;

3. оқушыларды ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: топтық, сұрақ-жауап, іздендіру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

- Үй тапсырмасын сұрау.

129-жаттығу

ІІ. Блиц сұрақтары:

  1. Мақал-мәтел дегеніміз не?

  2. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы

ІІІ. Жаңа сабақ.

«Білім қымбат, білу қиын»

"Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ"

"Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ"

«Сөздің көркі-мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады. Мақал-тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мысалы: «Кең болсаң, кем болмайсың», «Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені, еменнің иілгені-сынғаны».

ІV. Дәптермен жұмыс.

І топ ІІ топ

І кезең: Жалғасын тап

1. Әдептілік, ар-ұят-…………..

2. Көре-көре …………...........…

Сөйлей-сөйлей …………......

  1. Досы көпті ………………………

Ақылы көпті ……………………

  1. Кең болсаң,……………………

  2. Отансыз адам …………………

  3. Адамды адам еткен …………

  4. Батыр туса, ……………………

  5. Жаңбыр жауса,……………

  6. Еңбектің наны- ……………………

Жалқаудың жаны- ………………

  1. Ерді намыс ………………………

Қоянды қамыс ………………

  1. Ата көрген……………………

Ана көрген …......................

ІІ кезең

1-топ:«Жеті» сөзі қатысқан бес мақал-мәтелдер жаз.

2-топ:Достық, сыйластық, туыстық сезімдер туралы бес мақал-мәтелдер жаз.

ІІІ кезең

Берілген сөздерден мақал-мәтелдер жазыңдар

  1. Тауық 2. Тамақ 3. Ат 4. Егін

  1. Білім 6. Еңбек 7. Отан 8. Дос

V кезең

Өздерің қалаған мақал немесе мәтел негізінде ребус құраңдар;

VІ кезең. Оқулықпен жұмыс.

124,126,133 - жаттығулар

VІІ. Сабақты бекіту:

  1. Мақал-мәтелдер дегеніміз не?

  2. Мақал мен мәтелдің бір-бірінен айырмашылығын атаңдар.

  3. Мақал-мәтелдер қалай қолданылады?

VІІІ. Үйге тапсырма: Мақал-мәтелдер

134-жаттығу

23-суретке қарап, ағаш отырғызып жатқан бала туралы мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып, шағын мәтін құрастыру.

ІХ. Бағалау:


© 2010-2022