КОНСПЕКТ ПО ЛИТЕРАТУРЕ НА ТЕМУ КОЗЫ КОРПЕШ

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті пәні

7 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры

Мақсаты: білімділік - Лиро-эпостық жырлардың тақырыбы, өзіндік ерекшеліктері және олардың қаһармандық эпостан айырмашылығын қайталай келе, лиро-эпостық жырлардағы халықтың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпының көрінісі көрсету. Дамтытушылығы: жырдың көне дәуір мұрасы екендігін таныту. Тақырыбы, мазмұны мен идеясын, көркемдік ерекшеліктерін ашу. Қозы мен Баянның адал махаббаты. Қарабай мен Сарыбай - типтік образдар және Қарабайлар мен Қодарлар әлеміне балалар мен бірге саяхат жасау. Тәрбиелігі: адалдық мен мейірімділікке баулу,шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: білім дағдысын қалыптастыру сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіре оқыту.

Сабақтың көрнекілгі: кесте сызбалар мен суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысуын, оқу құралдарын тексеру.

Сабаққа зейіндерін аудару.

Үй тапсырмасын сұрау.

Үлестірмелі карточка және «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрау.

  1. Лиро-эпос жыр дегеніміз не?

  2. Оларды ата.

  3. Батырлық жырлардан айырмашылығын атап бер.

  4. Жағымды кейіпкерлерді ата

  5. Жағымсыз кейіпкерлерді ата

  6. Жырды кімдер зерттеген, қанша нұсқасы бар.

Жырдан түсінгендерін сұрау. Мәнерлеп оқу үрдісіне мән беру.

Жырдағы ауыз әдебиеті үлгілері, тарихи жер-су аттарын сұрау, олардың шындыққа қаншалықты үйлесімділігі бар екендігін ортаға салып пікір таластыру.

Жаңа сабақ. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры

  1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының сюжетті мынандай:

  • Сарыбай мен Қарабайдың аңға шығуы, бір-бірімен құда болуы;

  • Сарыбайдың өлімі;

  • Қарабайдың Аягөзге көшуі;

  • Козы Көрпештің Баянды іздеп шығуы;

  • Қодардың қастандығы;

  • Қозы мен Баянның трагедиясы және мазардың тарихы.



  1. Жырдағы ауыз әдебиеті үлгілері, тарихи жер-су аттары.

Жыр 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Жырдың тілі -нағыз халық тілі. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырдағы ауыз әдебиеті үлгілері. Олар: үйлену салт жырлары, жар-жар, қоштасу, естірту, жоқтау.

Қоштасу - бұл жырлардың мазмұны қарай әр алуан болып келеді. Мәселен өмірмен қоштасу, туған жермен қоштасу,жүйрік аттан, қыран құстан айырылу, т.б. Бұл жырда Ай мен Таңсық елмен, жермен қоштасады.

Жоқтау - қаза болған жақын, туыс адамдарына жоқтау өлең айтып жоқтап жылайды.

Естірту - біреудің дүние салғанын, соның жанкүйер жақындарына естірту.

Жырдағы тарихи жер-су аттары: Аягөз.



  1. Жыр мазмұнындағы кейіпкерлер бейнесі жайлы әңгіме құрып, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді анықтау.

ЖАҒЫМСЫЗ КЕЙІПКЕРЛЕР

ЖАҒЫМДЫ КЕЙІПКЕРЛЕР



  1. Жыр мазмұнындағы кейіпкерлердің бейнесін рөлге бөліп, сахналандыру.

Баян рөлінде: Жанетта

Қозы рөлінде: Ерсұлтан

Сарыбай рөлінде: Асылхан

Қарабай рөлінде: Қуаныш

Қодар рөлінде: Батырхан



  1. Кейіпкерлерге мінездеме беру.

Баян сұлу - әдемі, ақылына көркі сай сұлу, ибалы, махаббатына адал, өр мінезді

Қозы Көрпеш - айтқанынан қайтпайтын ер көңіл, ғашық жан, батыр, махаббаттан айнымас адал.

Сарыбай -бағыс руынан, мерген, бай, ел сұлтаны, дәулетті, сараң, тәкәппар.

Қарабай - қалтай руынан, мерген, бай, ел сұлтаны, дәулетті, сараң, тәкәппар.

Қодар- ноғай руынан, батыр, бай болған, кекшіл, қара жүрек.

Сабақты пысықтау

  • «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын кімдер зерттеген.

  • Жыр қай кезде шыққан.

  • Басқа қандай лиро-эпос жыр білеміз.

  • Лиро-эпостық жыр дегеніміз не?

  • Оған қандай жырлар жатады? Атап бер.

Үйге тапсырма.

Үйге тапсырма.

  1. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырын оқып мазмұнын айту.

Жыр шумақтарын жаттау.



  1. Жырдағы ауыз әдебиеті үлгілері, тарихи жер-су аттары, олардың шындыққа үйлесімділігі мен үндестігін табу.

«БББ-кестесін» жазады.

  • Білемін

  • Білдім

  • Білгім келеді.



© 2010-2022