Разработка открытого урока по казахскому языку в 5 классе

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі. 5 сынып / орыс тілінде білім беретін сыныптар үшін/

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым

Мақсаты :

  • Оқушылардың достық туралы түсініктерін қайталай отырып нығайту. Жалғаудың түрлерін, қызметін ажырата білуге дағдыландыру. Тәуелдік жалғаудың көпше түрін қайталау. Түбір сөзге керекті жалғауды байланыстыра отырып сөйлеуге дағдыландыру.

  • Оқушылардың сөздік қорын, ой - өрісін, салыстыру, есте сақтау қабілетін дамыту.

  • Ұжымдық сезімді, жолдастарын қолдау, жақсы жақтарын айту, бағалай білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Білім беру формасы : топтық

Сабақтың әдіс - тәсілдері: кластер құру, СТО технологиясының кейбір элементтері, практикалық жаттығулар, рефлексия

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, грамматикалық кесте, бейнекөрініс, постерге арналған плакат, стикер, маркерлер

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану пәні

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабақ жоспарымен танысу

Сабақ жоспары:

1.Үй жұмысын тексеру.

/адамдар, заттар туралы

көпше түрде айтамыз/

2.Жақын достарымыз туралы айтуды үйренеміз.

3.Диалогқа қатысамыз.

4.Ашық сабақты қызықты өткізуге тырысамыз.

ІІ.Психологиялық дайындық

«Достық шеңбері» шеңбер құрып, бір - біріне тілек айту

ІІІ.Өткен сабаққа шолу

1.Сөз неше бөліктен тұрады

2.Қосымшаның қандай түрі бар?

3.Жалғаудың қызметі қандай

4.Жалғаудың неше түрі бар?

5. Сөздер канша жақта, канша түрде айтылады

6. І -жақ/ кімнің?

7. ІІ - жақ/ кімнің?

8. ІІІ - жақ / кімнің?

9. І -жаққа мысал келтіріңдер

10.ІІ - жаққа мысал келтіріңдер

11. ІІІ - жаққа мысал келтіріңдер

IV. «Ой қозғау» «Достық - өмір тірегі, достық- әр адамның тілегі»

Дос қандай болу керек?

Достарың туралы не айта аласың?

Қандай мақал - мәтел білесіңдер?

Дос сөзіне синонимдер білесіңдер ме?

V. Топтық жұмыс

1- тапсырма: топ болып сұрақтарды талқылап, кластер құру, әр топ қорытынды жасайды.

2- тапсырма: дос, жолдас, құрбы сөздерін көпше түрде тәуелдеу / дәптерге жазамыз/

3- тапсырма: шығармашылық тапсырма «Досым саған арнаймын» шағын эссе жазу, жатқа өлең оқу/дарынды оқушылардың шығармаларын, өлеңдерін тыңдау/

4- тапсырма: достық туралы мақал - мәтел жазу

VI. Сергіту сәті

«Ренжістік - достастық» мимика, түрлі қимылдар арқылы көңіл-күйді білдіру

VII.Жаңа сабақ «Айдананың хаты»

1.Мәтінмен жұмыс: а/мұғалім оқиды ә/ оқушылар оқиды

2.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

3. Жұптық жұмыс: жұп болып бір- біріне сұрақтар дайындап, жауап береді

VII.Сабақты бекіту

«Сиқырлы орындық»

Топ мүшесіне мінездеме беру:

/ жақсы қыз, мейірімді бала, ұстамды, тәртәпті, сабақты жақсы оқиды, адал дос, би билейді, ән айтады, спортпен айналысады, сыныпта көшбасшы деген сөздерді пайдаланыңа отырып/

IV.Сабақты қорытындылау

«Жақсы дос пен жаман дос қандай болады?» айырмашылықтыры мен ұқсастықтарын табу Венн диаграммасы арқылы

Жақсы дос- ақылды, адал, мейірімді, көмек береді, қолындағымен бөліседі

Жаман дос - жеңілтек, сатып кетеді, өзімшіл, көмек бермейді, колындағысын бермейді

«Өсиет сөздер» бейнекөрініс көрсету

Досыңа адал бол !
Досыңмен әрқашанда тату бол!
Досыңа кек сақтамағын!
Досыңа кешірімді бол!
Досыңды ешқашанда алдама!
Достарыңа қиын кезде көмек көрсет

IX.Үйге тапсырма

«Менің достарым» тақырыбында шағын әңгіме жазу

Х. Бағалау

формативті: топтар бір - біріне сыйлық ретінде үйден жасап келген бұйымдарын тапсырады

суммативті: мұғалім оқушылардың белсенділігі, білім дәрежесіне қарай бағалайды

Рефлексия: оқушылар сабақтан әсерлерімен бөліседі



© 2010-2022