План урока по профессиональному казахскому языку

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Мамандық.

Лексика: Мамандық, кәсіптердің аталуы.

Грамматика: Зат есім тудыратын - шы / - ші жұрнақтары. Етістік шақтары.

Сабақтың мақсаттары: Жаңа сөздерді үйретіп, мамандықтарын айтқызып, не істейтіндерін айтқызып үйрету. Оқушылардың ой-өрісін дамыту. Мамандыққа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Еңбекке, адамгершілікке баулу. Етістіктің шақ формаларын практикалық жолдармен меңгеру. Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы шақ формаларын дұрыс қолданып, қазақша сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың үлгісі: аралас.

Сабақта пайдаланатын әдістер: салыстырмалы, сұрақ-жауап, түсіндірме, аудару.

Сабақты қамтамасыз етудің жолдары:

Қөрнекі құралдар: таблицалар "Етістіктер".

Ұлестіретін материал: карточкалар.


Сабақтың барысы


1. Білімнің, дағдының маңыздылығы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. кезекшімен сұхбат

  2. сыныппен сұхбат

а) жыл мезгілі туралы

ә) ауа-райы туралы

б) уақыт туралы

II. Үй тапсырмасын тексеріп бекіту:

  1. Сөздік жұмысы: Тізбек бойынша оқушылар бір - біріне сөз айтып жауап (аудармасын) қайтарады.

  2. Дәрігерде (сұхбат):

    • Әр оқушы үйде дәптерге жазған сұхбаттарын оқып аударады.

    • Қандай грамматикалық

2. Жаңа ұғымды, білімді, дағданы қалыптастыру:

  1. Кіріспе: Тақырыпен, мақсатпен таныстыру

  2. Жаңа сөздер: Дәуір, ғасыр, жыл (мезгілдері), ай, апта, күн, тәулік, уақыт.

  3. Тәулік мезгілдері: таң, танертең, күн, күндіз, кеш, кешке, түс, түсте, түн, түнде, түн ортасы, бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні.

Апталар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Ай аттары: қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан.

Жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күң.

  1. Сұрақ-жауап: қыс айлары, көктем айлары, жазайлары, күз айлары.

Қаңтар қандай ай? - Қаңтар ең суық ай.

Ақпанда не болады? - Ақпанда қатты аяз болады.

Наурызда не болады? - Наурызда қар ериді.

Сәуір қандай ай? - Сәуірде көкек шақырады.

Мамырда не болады? - Мамырда күн жылынады шөп шығады.

Маусымда не болады? - Маусымда жеміс-жидек піседі.

Шілде қандай ай? - Шілде ең ыстық ай, егін піседі.

Қыркүйек қандай ай? - Қыркүйекте егін жиналады.

Қазан қандай ай? - Қазанда күн суытады.

Қарашада не болады? - Қарашада қар жауады.

Желтоқсан қандай ай? - Желтоқсан қарлы, боранды.

Ең ұзақ күн шілденің 22-де болады, ал ең қысқа күн желтоқсанның 22. Наурыздың 22-сі күн мен түн теңеседі.

  1. 7 байланысты: қазына, күн, жұрт, жоқ, жұт, жарғы. 12 - ай, жыл аттары, мүше жас.

3. Оқыған материалды бекіту:

  • Бір ғасырда неше жыл?

  • Бір жылда неше ай?

  • Бір айда неше күн? Ақпан айында неше күн?

  • Бір айда неше апта? Аптада неше күн?

  • Бір тәулікте неше сағат? Сағатта неше минут? Қыс айлар? Көктем айлары? Жаз айлары? Күз айлары?

  • Қайырлы күн (түн, кеш, таң)!

4. Үй тапсырмасына нұсқаулық:

Жыл мезгілі туралы әңгіме жазып келіңдер. Жаңа сөздерді жаттап, сұрақ-жауапқа дайындалыңдар.

© 2010-2022