Баяндама Оқу белсенділігін арттыру

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу белсенділігін арттыру

Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мағлұматтарды қарапайым беруге негізделген, жеткілікті дәрежеде айқын қалыптасқан білім беру моделінің тоқырауын айқын көрсетіп берді. Жеке тұлғаға деген талаптың күшейе түсуі қазір дүние жүзіндегі білім беру саласында жобалы өзгерістер жасау тенденциясының үдей түсуіне себеп болып отыр:

  • білім берудің статистикалық моделінен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің көп сырлы құрылымын қалыптастыруға көшу;

  • оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекеттер құралын белсенді меңгеруге бағыттау;

  • Оқыту үрдісін жеке тұлғаның мүддесі мен қажеттілігіне бейімдеп, болашақта өзгермелі қазіргі замандағы қоғамға толық мүмкіндігінше өзін-өзі жүзеге асыру.

Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру арқылы өздігінен білім алуды қажетсіну - қазіргі таңда шешуін күткен өзекті мәселелердің бірі екені айқын.

Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моралдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жармдылыған жете анықтау-мұғалімнің басты міндеті.

Оқушылардың оқу белсенділігн қалыптастырудың бір көзі - жаңа технологиялар қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу. Көптеген иновациялар арасанда оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыруға аса қолайлы технология - сын тұрғысынан ойлау жобасы. Сын тұрғысынан ойлау - ашық қоғам негізі. Ол өз алдында сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.

Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады.

  1. Қызығуды ояту. Оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі артады.

  2. Мағынаны ажырату. Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі

  3. Ой-толғаныс. Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара пікір алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді.

Осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірбие жүзінде қолданса, оқушылардың оқу белсенділіктері, сабаққа деген қызығулары артып, олардың бір- бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптасады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп,бұйығып отыратын оқушыларда өз ойларын аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады.

Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын дұрыс пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз жағдайдың белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда оқушылар өз пікірінде тұра алуы, пікірталастар мен талқылауларға қатысуы, өз жолдастарына және мұғаліміне сұрақ қоя алуы, жолдастарының жауаптарын түзету, жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білуі, артта қалған оқушыларды оқытуы, үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі, өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы, танымдық міндетті шешудің бірнеше түрін табуы, өзін-өзі тексеру үшін өзіндік танымдық және тәжірбиелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруды қарастырылады, танымдық міндеттерді шешудің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдана алады.

Оқытуда тұлғаның белсенділігін арттыру - психология, педагогика ғылымы саласындағы, сондай - ақ білімдендіру тәжірибесіндегі маңызды мәселенің бірі. Педагогтер оқушылардың білім алуға деген самарқаулығын, оқуға құлықсыздығын, білуге деген қызығуы мен құмарлығының мәз еместігін байқап, оны болдырмас үшін оқытудың тиімді түрлерін ізденіп, түрлі моделдер жасап, оқытудың жаңа амал тәсілдерін іздестіру керек. Осы орайда оқушылардың атқаратын жұмысына деген бақылауды да күшейтіп, берілген ақпараттық мағлұматты қаншалық меңгергендігіне байланысты интенсификациялауда оқытудың техникалық құралдарын, компьютерлік жүйені де, түрлі психологиялық тәсілдерді де кеңінен қолдануға болады.

Оқытуға қойылатын ма қсатқа жетудегі басты фактортұлғаның белсенділігін арттыру проблемасына байланысты. Былайша айтқанда, тұлғаның жалпы дамуы, кәсібилікке әзірлік деңгейі, ақыл-ой жұмысына бейімділігі, оқыту ұстанымдарына байланысты білімінің мазмұнын, формасфн, әдістерін меңгерумен, сондай - ақ оқытудың стратегиялық бағдарына үйлесімділігін арттырып, олардың белсенділігін дамытып, тілдіруді назарда ұстаумен де шарттас. Ал игерілуге тиісті білімінің мәнін көтеруде дидактикалық, психологиялық ахуалды дұрыс пайдалану және тұлғаның дербестік деңгейін жетілдіру - бір-бірімен тығыз байланысып жатқан мәселе.

Адамның іс - әрекетке қабілеттілігін қалыптастыру үшін оқытудың функциясы белгілі және заттық құралдарға толық бейімделуіне байланысты. Оқытудың ең қарапайым түрі: оқушы мен оқытушының қарым-қатынасынан тұрады, мұғалім оқушы іс-әрекетін дұрыс немесе дұрыс емес етіп бағалайды. Бұл жағдайда оқыту үрдісінің бөлшектенетіні көрінеді. Педагогикалық белсенділікті былай қарстыруға болады: 1) басқару қызметі ретінде; 2) ұжымдық сана мен оқушының санасын түсіну ретінде педагогтің жұмысындағы маңызды жағдай - оқушының жағдайын түсіну және қарым - қатынас болып табылады. Түсіну оқушының ішкі көзқарасын жүйелік қалыптасуға , басқа адамның ішкі жан дүниесін түсінуге мүмкіндік береді. Педагог өзін түсінуге және өзінің көзқарасы бойынша оқушыға маңызды бір нәрсені жеткізу, бірақ түсіну тікелей берілмейді, оны тек қана өзінің жеке тәжірибесін ұғыну арқылы беруге болады. Педагогикалық акт коммуникативтік диагностикалық акт болып табылады.

Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі -қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл -адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдармен қарым- қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қатынас жасауға еліктеу рөлді ойындарды атқару барысында байқалады. Көбінесе, балалардың ойындарда адамдардың іс-әрекеттері, тұрмысы, өзара қатынасы қамтылып көрсетіледі, ұжымдық өмір дағдылары қалыптаса бастайды. Ойын барысында балалардың құрдастарымен де өзара қатынасы өзгереді. Олар басқа балалармен ойнауға тілек білдіреді, еңбекке байланысты тасырмаларды бірігіп орындауға, өз қылықтарын ережеге бағындыруға, керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді.

Қарым-қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар - адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өз үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілігі.

Әртүрлі ойын баланың дүниетанымын кеңейтіп, қарым - қатынас жасау белсенділігін дамытады. Белсенділікпен қатар оқушылардың оқуға деген қызығуының тағы бір маңызды қыры ашылады, яғни олардың мұғалімдер мен үлкендердің көмегінсіз нысанды, құралды анықтауға байланысты іс-әрекетті жүзеге асырудағы дербестігі. Танымдық белсенділік пен оқушылардың дербестігі бір-бірінен ажыратқысыз, неғұрлым белсенді оқушылар соғұрлым дербес, оқушылардың жеткіліксіз дербестігі басқаларға тәуелді етеді және дербестіктен айырады.

Оқушының танымы белсенділігі, таным-түсініктегі сапалық қасиеті оның білімге деген қабілеті мен интеллектуалдық болмысын сипаттайды. Ал басқа қабілет қасиеттері іс-әрекет барысында айқындалып дамиды. Тиісті жағдай, мүмкіндік болмаған кезде белсенділік те, дербестік те өркен жая алмайды. Сондықтан да белсенділікті арттыратын әдістерді мейлінше дамыту тәжірибелік іс-әрекеттің өркендеуіне, ақыл-ойға қозғау салады, мұның өзі білім сапасын көтерумен қатар оны өмірде пайдаланудың жолын кеңейтеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. И.А. Зимняя. Педагогикалық психология. Оқулық. Алматы. 2005. 123-б.

  2. А. Қойшыбаева. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыру. / «Қазақ тілі мен әдебиеті»,№7. 59-61-б.

  3. Ә.Рамазанқызы. Оқушылардың белсенділігін арттырудың тиімді жолдары/ «Қазақ тілі мен әдебиеті», №3, 49-52-б.

  4. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика. Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. Алматы. 2004. 420-б.

  5. С.Жәнібекова. Оқушылардың ойлау белсенділігін д

  6. амыту.// «Бастауыш мектеп», №7,1999. 13-15-б.


© 2010-2022