• Преподавателю
  • Другое
  • Шыңғыс Айтматов: дүние деген «Шығыс және Батыстың ұлттық мәдениеттерінің өрнегі»

Шыңғыс Айтматов: дүние деген «Шығыс және Батыстың ұлттық мәдениеттерінің өрнегі»

2013 ж. 14 – 16 қарашада Бішкек пен Ыстықкөл жағалауында әлемге әйгілі қырғыз жазушысы-гуманисі, мемлекет және қоғам қайраткері, әлемнің түрлі сыйлықтарының иегері Шыңгыс Төреқұлұлы Айтматовтың 85 жылдық мерей тойына арналған «Шыңгыс Айтматов және оның Ыстықкөл форумы: мәдениеттер диалогы және өркениеттердің жақындасуы» атты халықаралық форумы өтті.   Бірінші күні дәстүрлі түрде Бішкек қаласындағы Ш. Айтматовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Жазушының сүйегі қойылған «Атабейіт» мемориалдық ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шыңғыс Айтматов: дүние деген «Шығыс және Батыстың ұлттық

мәдениеттерінің өрнегі»



2013 ж. 14 - 16 қарашада Бішкек пен Ыстықкөл жағалауында әлемге әйгілі қырғыз жазушысы-гуманисі, мемлекет және қоғам қайраткері, әлемнің түрлі сыйлықтарының иегері Шыңгыс Төреқұлұлы Айтматовтың 85 жылдық мерей тойына арналған «Шыңгыс Айтматов және оның Ыстықкөл форумы: мәдениеттер диалогы және өркениеттердің жақындасуы» атты халықаралық форумы өтті.

Бірінші күні дәстүрлі түрде Бішкек қаласындағы Ш. Айтматовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Жазушының сүйегі қойылған «Атабейіт» мемориалдық кешенінде Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаев Ш. Айтматовтың комплексін ашты. Өз сөзінде ол Ш. Айтматовтың дүние салғаннан кейін Қырғызстан көп нәрседен айырылды деп көрсетті. Сонымен бірге Президент Қырғызстанда Манас пен Айтматов сияқты азаматтары әлі де болса дүниеге келеді деген сенім білдірді. Митингте атақты жазушының інісі Ильгиз, ұлы Асқар ағасы мен әкесі туралы естеліктер айтты. Біздің қазақ ақыны, қоғам және мемлекет қайраткері, «Ш. Айтматовтың атындағы Халықаралық Ыстықкөл форумы» атты халықаралық қоғамдық бірлестігінің өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов осы митингте әріптесі және дипломатиялық қызметте бірге болған жолдасы туралы әңгіме айтып, өзінің «Екі Шыңғыс» деген өлеңін оқыды.

Форумға шақырылған кісілер Ортосай мекен-жайында орналасқан Ш. Айтматов 1986 жылынан бастап көз жұмған кезге дейін өмір сүрген үйімен танысып дәм-тұз татты.

Қырғыз ұлттық филармониясындағы форумның салтанатты ашылуына Қырғыз Республикасының министрлері және Жоғарғы Кеңесінің депутаттарымен бірге 20 астам елден, соның ішінде Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия, Иран, Сирия, Түркиядан келген өкілдері қатысты. Жиында Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Джеенбеков, ТЮРСОЙ-дың бас хатшысының орынбасары Ф. Пурташ мырзалар және басқада елдердің өкілдері форумның тарихы мен келешегі туралы ақпарат берді.

Форумға КСРО-ның бірінші президенті Михаил Сергеевич Горбачёв телеграмма жолдады. Ол онда 1986 жылдағы Ыстықкөлдін бірінші форумында қөтерілген мәселелерді осы күнге дейін естен шығарған жоқтығын атап көрсетті. М. Горбачёв Ш. Айтматовты - қырғыз халқының мақтанышысы - есте мәнгі сақтауына ризашалақ білдірді.

Ататүрк атындағы Тілдер, тарих және мәдениет орталығының басшысы Дарья Орс Ш. Айтматовтың өмірі мен оның шығармалары қырғыз қоғамы мен әлемге үлкен әсер етті деп атап өтті.

Қырғызстанда форум форматында ІV Халықаралық «Артордо» театр фестивалі өтті. Ол Қырғыз ұлттық академиялық драма театрыныда Ш. Айтматовтың «Пегий пёс, бегущий краем моря» романының негізінде жасалынған «Көз жетпейтін көк жиек» атты спектаклімен ашылды.

Форум дөңгелек столдар мен секциялар түрінде өтті. Онда Ш. Айтматовтың тұлғалық феномені, оның дүниетанымы, жазушының шығармашылығы әлем мәдениетінің бір бөлшегі ретінде, қостілді (билингвальді) қаламгердің әлем мәдениетінің дамуына тигізетін әсері деген проблемалар қарастырылды. Жиынға қатусышалар сонымен қатар ұлттық, конфессиалдық және бүкіладамзаттық құндылықтар, өркениеттің дамуының жолдары, мәдениеттің көптүрлілігі және оның өзіндік ерекшелілігі диалог арқылы даму, шыдамдылық пен келісімділік, өзара келусішілік территориялардың әлеуметтік және мәдениеттік дамуының кепілі, тарихи-мәдени мұраның сақталуының стратегиясы мен тактикасы, білімнің, БАҚ-тар мен IT-коммуникациялардың жастарды мәдени дәстүрлерге деген сыйлаушылдықты қалыптастыруындаға ролі, осы форумның шығуы, қалыптасуы және оның ары қарай даму жолдары деген сұрақтар талқыланды. Қатысушылар Ыстықкөл форумы ғалымдар мен жазушылардың, суретшілер мен актёрлердің, қоғамдық қайраткерлердің глобальді құбылыстарды және одан шығатын проблемаларды талдауға арналған жұмыс трибунасына айналды және осы форум Ш. Айтматов Ыстықкөлде 1986 жылы өткізген бірінші жиынының жалғасы болды деп тұжырым жасады.

Бірінші форум КСРО-да 1986 жылы қазан айында қырғыздардың керемет өзенінің - Ыстықкөлдің - жағалауында өтті. Аты да осы жерде өткізілгеніне байланысты. Бірінші форумға Шыңғыс Айтматов бүкіл әлемге жаны ашитын прогрессивті ойшылдар мен қоғам қайраткерлерін, жазушылар мен актёрлерді, суретшілерді шақырды. Осы жиынға Шығыс пен Батыстың өздерінің принциптерімен әйгілі интеллектуалдары кейбір кезде үрей шығарып тұратын қарама-қарсы дүниеде не болып жатқанын талқылауға, дүниені нәсілге, конфессионалдық (діни), ұлттық және басқа да дискриминациялық белгілерге бөлмейтін адамдардың ойыларын білу үшін келді. Дүниені қалай мейірімдік жолына түсіру, ол үшін не істеу керек деген сұракқтарға жауап ізделінді. Осы форумда Кеңес Одағында емес бүкіл әлемде «жаңа тәсіл», «жаңаша ойлау», «дүниенің жаңа көрінісі» деген сөздер бірінші рет айтылды. Сонымен Ш. Айтматовтың Ыстықкөл форумы жаңаша ойлаудың ұрығы болды.

Бірінші форумның қатысушылары ғалым, ақын, дипломат, ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Фредерико Майор (Италия), әйгілі музыкатанушы Нараньяна Менон (Үндістан), Рим клубының төрағасы Александр Кинг, жазушылар: Нобель сыйлығының иегері Клод Симон (Франция), Яшар Кемаль (Түркия), Артур Миллер мен Жэймс Бодуин (АҚШ), Лисандро Отеро (Куба); қоғам қайраткері Аугусто Форти (Италия), футуролог-ғалымдар Олвин және Элвин Тоффлер (АҚШ), актёр Дэвид Болдуин (США), актёр және жазушы Питер Устинов (Ұлыбритания), суретші Афеверк Текле (Эфиопия), композитор Зулфу Ливанели (Түркия) және басқалары.

Бірінші Ыстықкөлдің ұраны - «шығармашылық арқылы өмір сүру». Ш. Айтматов қаламгердің «бүгінде жаңа қызметі ашылды» («в наши дни обретает новую функцию») деген еді. Өнердің басты міндеті - адам туралы әңгіме барлық адам затының біртұтастығы туралы оймен толықтырылатынын көрсету.

Ш. Айтматовтың ойынша, ХХІ ғасырдың алдында қаламгерлердің барлық ойлары ең басты проблемада шоғырланады - «Жер деген планетасында адам адам болып қалу мәселесі». Сондықтан қатысушылар осы сұраққа жауап іздеумен қатар келешектің қалыптасу формасын жасау мен оны тарату туралы пікір алмасты. Форумның президенті болып Шыңгыс Айтматов сайланды.

1997 жылы өткен екінші Ыстықкөл форумында бірінші жиынның ойлары жалғастырылды. Сол кезде Ш. Айтматов: «Замануи өркениеті қоршаған ортаны, қоғамдық институттарды, тұрмыс қалпы мен ойлау қабілеттерді, тұрмыстық құрылысты екпінді түрде өзгертеді», - деген еді. Масс-медиа, көпшілік мәдениет адам санасын және планетамыздағы әр азаматтың өмірін бір ізге салады. Ш. Айтматовтың түсінігі бойынша, барлық дүние Европа мен Азияның, «Шығыс пен Батыстың ұлттық мәдениеттерінің күрделі өрнегі ретінде қалыптасады». Техногендік өркениет «ұлттық мәдениеттердің ынтасы әр халықтың «Мен» деген ерекшелігін сақтап қалуына» алып келді.

Бірінші форумнан кейін ширек ғасыр өтті, бірақ әлем қайтадан интеллектуалдардың диалогын қажет етеді, дегенімен планетада бүкіладамзаттық принциптерінен шегініс байқалынып тұр. Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте жас буынның біршамасы «идеологиялық вакуум» жағдайында тәрбиеленіп келеді, жеке басының саулығы мен тұтыну молшылығынан басқа құндылықтарды білмейді, өз ұлтының мүддесімен ортақтастығын сезбейді. Осындай рухани жағдайда әлеуметтік тұрақтылықты, ұлттық бірдейлігін дамыту мен сақтап қалуға қол жеткізуі өте күрделі мәселеге айналады.

Бүгін біз ойшыл Айтматовтың сезімі ақталды десек болады: дүние өзгерді, үндемеу дәуірі дүние салды. Халықтар есік-терезелерін кең әлемге ашуға тырысады. Ғылыми-техникалық революция оларға көптеген өзгерістер алып келді, өмір деген мүлдем өзгерді. Бүгінде жаһандандыру әр азаматтың, қоғамның, мемлекеттің, адамзаттың өркениетінің алдында жаңа кең көлемді проблемаларын паш етті. Енді жеке тұлға ретінде ме, жоқ жалпы халық болып па біз заманауидің жаңа шақыруына жауап беруге мәжбүрміз.

Жаңа мыңжылдықта дүниенің қарама-қарсылығы жанды түршіктірендіреді. Бір жағынан, ақпараттық кеңістіктің біркелілігі мәдени мен рухани біртұтастығына алып келеді, бірақ ұлттық, тұлғалық ерекшелік жойылуына жол береді. 1991 жылғы мемлекеттік межеленіп бөлінуі ұлттық сезімінің оянуына алып келді, сонымен қатар өмірдің барлық өрісінде бірігу саясаты екпінді түрде басып келеді. Осындай қарама-қарсылық дәуірінде әлем жалпы тарихи-мәдени бастамасын іздеу арқылы заманауидің ең күрделі проблемаларын шешуге жауабын табу қажет.

Үшінші Ыстықкөл форумында Қазақстан, Ресей, АҚШ, ТМД және басқа елдері бұқаралық ақпарат құралдарының, жоғары оқу орындарының, қоғамдық мекемелерінің, өкілдері, әлеумет-, өнер-, мідениеттану, білім беру, тарих, эксперттері гуманитарлық кеңістіктің және мәдениеттердің әрекеттестігінің көзекті проблемаларын қарастырды. Форумда қазіргі заманғы жағдайда бір ғана дұрыс шешім ұсынатын белгіледі. Оны немістің ұлы ақыны Гётенің формуласымен айтуға болады: «Адамзат - халықтардан артық» («Превыше народов - человечество»).

Форумға қатысушылар үндеу қабылдады. Онда мәдениеттің түрлілігі өркениеттің ажыратылмайтын айрықша белгісі, адамзаттың жалпы мұрасы болады және барлық ұлттардың игілігіне сақталынуы қажет деп ескертілген; «Шыңгыс Айтматов және оның Ыстықкөл форумы: мәдениеттер диалогы және өркениеттердің жақындасуы» атты халықаралық форумы ЮНЕСКО-ның мүшелігіне кіретін мемлекеттері 2005 жылы 20 қазандағы Париж қаласындағы қабылданған Мәдениеттердің өз-өзін білдіру формаларын сақтап қалу мен қолдау конвенциясына қосылу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Форумның үшінші күні Ыстықкөлдің жағалауында орналасқан «Рухордо» этнографиялық және әлемдік кешен-музейінде өтті. Бұл рухани орталығында Ш. Айтматовтың көркем әлемінің кейіпкерлерінің мүсіндері, суреттелінген табиғаты, қырғыз халқының өмірі кескіндемелерінде бейнеленген. Көрермендерге музейді жасаушылары - архитекторлары, мүсіншілері, суретшілері, дизайнерлері - «этнографиялық полотносының» арқауына үйлесімді түрде Шығыс пен Батыстың антикалық, ортағасырлық, Қайта өрлеу, Ағарту, жаңа және қазіргі заманның өнерлік, көркемдік, философиялық, ғылыми әлемін енгізгені үлкен әсер етеді. Мұнда Европа мен Азияның барлық материалдық, интеллектуалдық, рухани байлығы жинастырылған: ежелгі гректердің әйел құдайларының әсем түрінде жасалынған сымбат мүсіндері, терең ойлы философтары және гуманитарлық пен жаратылыстану ғылымдарының ғалымдары, ақындары мен жазушылары, батырлары және шешендерінің ескерткіштері. Кешеннін территориясының периметрі бойында орналасқан алты храм өздерінің айбындылығымен таңдандырады. Ол ислам, православие, католик, будда, иудей, Тәңір мешіттері мен шіркеулері. Әрине, әлемнің түрлілігін жағымды қабылдайтын адам осының бәрін қырғыз халқының бүкіладамзаттың құндылықтарына құрмет көрсеткен деп қабылдайды.


© 2010-2022