Сыныптан тыс шара

Ақын бір сұхбатында: «Поэзия мені асырады, ал мен оған не бердім, оны оқырман, келер дәуір айтар. Осындай тағдыр берген Аллаға алғыстан басқа айтарым жоқ. Көп көрдім, көп жүрдім, көп адамдармен істес болдым, көп түйдім, көп еңбектендім. Бір де бір күнім қаламсыз өткен жоқ. Достарым көп, дұшпаным аз болды...» - деген.Қадыр шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекшеленіп, ғасырдан ғасырға тарих көшімен бірге ілесіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мәңгі жасай бермек.
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІНІҢ ҚАДЫРЫ

Малика: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!

Берекет: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Қадыр Мырзалиевтің шығармашылығына арналған «Қазақ өлеңінің Қадыры» атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Малика: Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев 1935 жылы қаңтардың 5 жұлдызында Жымпиты топырағында дүниеге келді. Еңбек жолын аудандық комсомол комитетінде пионер және мектеп бөлімінің меңгерушісі болып бастаған жас ақын, жұмыс басты болып жүрсе де шығармашылықтан қол үзбейді. Сол кездердегі Орал өңіріндегі «Екпінді құрылыс» газеті ақынның алғашқы «Бейбітшілік көктемі» атты өлеңін жариялап, Қадыр Мырзалиевтың творчестволық тұсауын кеседі.

Берекет:Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік және Тарлан сыйлықтарының иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырзалиев 1958 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін, аспирантурасын бітіреді. «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында біраз жыл өнімді еңбек етеді.Ақынның алғаш өлеңі 1954 жылы «Пионер» журналына жарияланса, «Көктем» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді.Содан бері күні бүгінге дейін елуден астам поэзиялық,прозалық және әдеби сын кітаптары шықты.

Малика:Иә, қазіргі таңда тілі шыққан баладан аты шыққан данаға дейін Қадыр есімі - қадірлі.

Берекет:

«Өмірбаян орнына» өлеңі

Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,

Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен.

Мырзалының

Үміт артқан өлгенше

Үшұлынанжалғызеркеккіндік мен.

Жүз демейін-

Түсінеді жөнді ұққан,

Жалғыз едім мен бір ірі сомдықтан.

Жалғыз едім өспей қойған атадан,

Жоғалуғақақымжоқ-ты сондықтан!

Ағайын жоқ ертелі -кеш андыздар,

Бар аздаған ойнамайтын балдыздар.

Бар аздаған жолдастарым,

Достарым,

Олар да сол:

Менсекілдіжалғыздар

Ә, айтпақшы,

Жарқылдаған жарым бар,

Үш балам бар,

Құдайбергендарын бар.

Момын да еменкөнекетерқорлыққа,

Асау да емен ала қашыпарындар.

Өлең жаздым тоғыз тарау,

Жеті өрім.

Сездім соның жүректерге жетерін.

Жалғызбын деп

Жанға нөкер болмадым,

Өзімнің де болған емес нөкерім.

Сөйледім бе,

Сөйлемеймін бекерге,

Ақылымды алмасын тек кетерде

Жағаласпай тыныш жүрсем,

Әлі де

Жаман жүрек жарап қалар лекерге!

Малика:Ақын қырықтан астам кітаптар мен балаларға арналған топтамалардың авторы. Оның 200-дей өлеңіне ән жазылыпты. Көптеген өлеңдері мектеп оқулықтарына да енді.Ақын өзінің әзіл,ойнақы жырларымен тентектікті, жалқаулықты, мақтаншақтықты әжуалап, өз оқушысын жақсы өнеге,сүйкімді қылыққа мегзейді.

«Мақтаншақ лақ»өлеңі - Абуова Айжан-3а класс

«Жалқаубек» өлеңі- Есетова Аружан-3а класс

«Не үшін?» өлеңі - екеуі бірге

Берекет:Ақын белгілі бір тақырыпты терең зерттеп зерделейтін жүйе жинақтарды өмірге әкелді. Олар «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Ой арманы», «Дала дидары», «Домбыра», «Жерұйық», «Алақан», «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Мәңгі майдан», «Қылыш пен қанжар», «Заман-ай», «Алмас жерде қалмас» тағы басқа жинақтар қазақ поэзиясында бұрын -соңды болып қөрмеген құбылыс ретінде қабылданды. Оның қаламынан әдебиеттің әр жанрына қатысты шығармалар туды.Ол лирика, поэма, драма, эссе, афоризмдер, ғибратты мөлтек әңгімелер, әдеби сын, аудармалар еді.

Ақын өлеңдері орыс, ағылшын, француз, неміс, болгар, венгр, фин тілдеріне аударылса, ал ақынның өзі орыс әдебиетіндегі ұлы ақын Лермонтовтың, Есениннің өлеңдерін өз ана тіліне аударды. Ендігі кезекті аудармаларына берейік.

Қ.Мырзалиев «Нүкте»өлеңі - Ноғаева Ләйла - 4а класс

«Точка» өлеңі - Савенко Юля - 8б класс

Қ.Мырзалиевтің Лермонтовтан аудармасы«Аспан мен жұлдыздар» - Насыр Нұрдана -9а класс

Малика:Халқымның ең қымбаты төрі ме еді?!

Төрден ол қай уақытта жерінеді?

Қонақсыз қалған күні

Сол қазаққа

Бір нәрсе жетпейтіндей көрінеді- деп жырлаған Қадыр ағамыздың сөзіне жазылған «Қазақ осы»әнін қабыл алыңыздар. (Домбырашылар тобы орындайды)

Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы - аңғал-саңғалжабусыз,

Қазақ осы - ақыл-тегіл, көл-көсір!

Қазақ осы - дала дейтін, күндейтін,

Қазақ осы - "өнералды - тіл" дейтін.

Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсыңба, жатырқаудыбілмейтін!

Қазақ осы - көргенінентанбайтын,

Той-думансызотытүзужанбайтын.

Қазақ осы - алудай-ақалатын,

Ал беруденалдынажансалмайтын.

Қазақ осы - ашықжарқынқабағы,

Қонақкелсешабылыпбірқалады.

Байқа да тұр, саған да олкетерде,

Атміңгізіп, жібекшапанжабады.


Берекет:Ақын өз өмірі туралы былай деп толғанады: «Менің балалық шағым жоқтықпен өтті. Соғыстан кейінгі аштықтың ауыр азабын бастан кешіп өстім. Үйімізде мал, дүние болған жоқ. Әке мен шешеге еркелеуді білгем жоқ. Талонмен жүрек жалғар ғана нан береді. Дүкенде фамилияң жазулы тұрады. Таң қараңғысынан кезекке тұрып, нанға барамыз. Дүкен төбелеу жерде болатын.

Бір күні нан алып келе жатып, қарным ашқаннан көзім қарауытып құлап қалғанмын», - деп еске ала отырып, «Бір үзім нан» өлеңін жазған екен.

«Бір үзім нан» - Аманғосова Аида -8а класс

Малика:

Тамылжыған сыршыл әннен сан қилы

Кең даламның жұпар исі аңқиды

Қуат алам сырға толы әуеннен

Жан дүниеге шуақ төккен әуелден

Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылғанән«Сыған серенадасы»

(Ән. Көрініс)- Берекет, Алия - 9 класс

Музыка қосылады. Алия шығады. Музыка жай басылады Берекет өлеңді оқиды.

Берекет:Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан НұршайықовҚадыр философиялық ойлы кітаптарды, афоризмдерді өте көп жинайтын. Ол гүлден бал жинаған арадай болып, жиған-тергенін халқына ұсынатын» - деп еске алады. Ендеше,ақын Қадыр Мырзалиевтің философиялық ойларына кезек берсек:

6 а класс оқушылары: Дильназ,

Әкеңді білмеген ештеңе емес, қаптаған халықтың ішінен ұлтыңды білмеген не деген сұмдық.!

Тіршілік қаншалықты қиын, қаншалықты қиямет болған күннің өзінде өмірден қол үзу одан да гөрі қиындау.


Малика:

Ұнатамын халық әнін сарынды

Биіктеткен ой-санамды, арымды

Ізгілікті әндерінен Қадырдың

Парасаттың шұғыласы тарады.

Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған Н.Тілендиевтің әні «Өз елім».

6 а класс оқушылары - Рақымжан, Рахат, Руслан

Берекет:Түспесін деп мезгілсіз жапырағым,

Тамырымды суарып жатыр ағын.

Өлең - менің шашылған күлкім емес,

Лоқсып шыққан тереңнен запыраным,

Ақынның монологына айналған өлеңі.

Даниева Гүлзира - 9 а класс

ЖОҚ, ӨЛМЕЙМІН!


Көк дауылмен жағаласып кемеміз,
Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз.
О, Жасаған!
Өстіп жүріп бір күні
Өлеміз-ау,
Өлеміз-ау,
Өлеміз!
Кейбіреулер соны неге ұқпайды,
Қадалады жүрегіме мұң-қайғы.
Мен де өлемін,
Менің бірақ есімім
Жазушылар тізімінен шықпайды!
Пендемін ғой, тау болсам да шөгер ем,
Гүлдей солам,
Бірақ қайта көгерем:
Тірілердің көзіне оттай басылар,
Талай-талай немерем мен шөберем.
Өліп-өшкен ғашық жігіт
Күніне
Мендік көзбен қарар сүйген гүліне.
Мен болмаспын,
Бірақ сөзім оралар
Сайрап тұрған шешендердің тіліне.
Жүрек неге,
Өкпе неге алқынды?
Қимайды ма өте шыққан бал күнді?
Әдемі әзіл бір кездері мен айтқан,
Әлі талай ду күлдірер халқымды.
Амал қанша!
Татар дәмім таусылды.
Қабірстан құшағымен қаусырды…
Жоқ! Өлмеймін!
Елім талай естиді
Лентаға жазып алған даусымды!
Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,
Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.
Жоқ! Өлмеймін!
Правом жоқ өлуге,
Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!

Малика: Иә, Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды. Талантына табынды. Өзгеге ұқсамайтын жауһар жырларын тұшына оқыды. Бұл туралы естеліктер не дейді екен?

6 а кластан 3 оқушы шығады

Мадина - 6 класс

Ол қазақтың арасындағы неміс еді. Қадырды сонау 1963 жылдан бері білетінмін. Екеуміз тіпті құрдас болдық десе де болады. Мен одан екі ай үлкенмін. Қадырдың шығармашылығынан да, адамдық мінезінен де, кітаптарынан да, бүкіл жанрда жазған еңбектерінің бәрінен де хабардармын. Оны ұнататыным - неміске тән еңбекқорлығы, ұқыптылығы еді. Осы жағы маған өте-мөте қатты ұнайтын. Мен немістіңарасындағықазақболсам, олқазақтыңарасындағынеміседі.

Герольд БЕЛЬГЕР,

прозашы, аудармашы.

Алтынбек - 6 класс

Ол ешқашанда есіп сөйлемейді, кесіп сөйлейді. Ол өңменнен өткізіп, жетеңе жеткізіп, тесіп сөйлейді. Ол біреулер айтып жүргендей қалап сөйлемейді, ол мірдің оғындай қадап сөйлейді. Ол ұлы ақын, ол қайталанбас құбылыс, ылайым оның еңбектерін біздің ұрпақтарымыздың бойына сіңіре білсек, ұлттық патриотизм әлдеқайда қуатты, әлдеқайда қайратты болады.

Темірхан Медетбек, ақын

6 класс

Қазақта атақты ақындар көп. Бірақ атақтылардың бәрі бірдей ардақты бола бермейді. Сен сол ең ардақты ақындарымыздың бірі едің, Қадыржан.

Ақындардың бәрі бірдей ой толғайды. Бірақ ойшыл ақындардың бәрі бірдей философ бола бермейді. Сен ойламаған ойың, оқымаған кітабың жоқ, ендігі ең философ ақындардың бірегейі едің. Сенің философиялық толғамдарың қазақ халқының ақыл мен ой-қазынасын одан әрі толықтыра түсті.

Әзілхан Нұршайықовтың жазушы

Малика: Қадыр Мырзалиевтің соңғы жылдары жазған «Жазмыш», «Иірім» атты эссе- естеліктері халық арасына кеңінен таралды.

Берекет:

Ақын бір сұхбатында: «Поэзия мені асырады, ал мен оған не бердім, оны оқырман, келер дәуір айтар. Осындай тағдыр берген Аллаға алғыстан басқа айтарым жоқ. Көп көрдім, көп жүрдім, көп адамдармен істес болдым, көп түйдім, көп еңбектендім. Бір де бір күнім қаламсыз өткен жоқ. Достарым көп, дұшпаным аз болды...» - деген.

Қадыр шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекшеленіп, ғасырдан ғасырға тарих көшімен бірге ілесіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мәңгі жасай бермек.

Малика: Қазақ халқының екінші әнұранына айналған Қадыр Мырзалиевтің сөзіне жазылған ән«Атамекен».

Бәрі шығып хормен айтады

© 2010-2022