Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шал ақын ауданының Жалтыр негізгі мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Жантокена Мәншүк Қажығалиқызы

Пән: Қазақ әдебиеті

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Сілтеме:

8-сынып оқулығы. М.Мақатаевтың өлеңдер жинағы

Сабақтың мақсаты:

Мәтінді игере отырып,оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, анаға, Отан - анаға, табиғатқа деген шынайы сүйіспеншілікке баулу

Нәтиже:

Мәтінді жан-жақты талдап, өмірмен байланыстыра алады.

Түйінді идеялар:

Поэма мазмұнын толық игеріп, идеясын аша біледі.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері:

СТО, Иірім стратегиясы, аспект оқу компонентінің түрі

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, жаратылыстану

Қызығушылықты ояту 3 мин.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру,тренинг

«Қара жорға» биі

  1. Топқа бөлу (аққу, ана, табиғат суреттері арқылы)

  2. Сабақ барысымен таныстыру, сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

  3. Бағалау критерийлерімен таныстыру.

  4. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

1.Сәлемдесу

2. Өздерін ретке келтіру,бой сергітіп, сабаққа деген қызығушылығын оятады

3.Топқа бөліну

5.Алдарына берілген таблица арқылы өздерін баллдық жүйемен бағалайды

Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам - қарындашын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасы 5 мин.


  • Ақын жайлы жинап келген қосымша мағлұматтарымен таныстыру / интерактивті тақтада көрсетілім /

Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тексеру үшін және қажеттілігін анықтау үшін «ББҮ» стратегиясын қолдану. Интербелсенді тақтада көрсетіледі. Сабақ басында және соңында толтырылады.


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




Мағынаны тану 34 мин

(Сабақтың негізгі бөлімі)

1-тапсырма: (10 минут)

Постер жасау

І топ: І бөлім

ІІ топ: ІІ бөлім

ІІІ топ: ІІІ бөлім, эпилог

Өздеріне берілген бөлімнің тақырыбы, идеясы, мазмұны, ерекшеліктері бойынша постер қорғауға дайындалады.

2-тапсырма: (10 минут)

Оқу компоненттерінің үш түрінің бірі «Аспект» бойынша сұрақтар дайындау.

І топ: І бөлім

ІІ топ: ІІ бөлім

ІІІ топ: ІІІ бөлім, эпилог

Қолжетімділік және ізденіс

Жалпылау және интерпрета-ция

Қорытынды және бағалау



3-тапсырма: (10 минут)

«Шағын топ». Топтағы әр оқушы 1-ден 6-ға дейінгі санмен белгіленеді. Әр топ дайындаған сұрақтарына «Веер» әдісі арқылы жауап беретін оқушыны анықтайды.

4 - тапсырма (4 мин.)

«Буриме» әдісі ( өлеңнің әр жолының соңғы сөзі беріледі, оқушылар тақырыппен байланысты өлең құрастырады)

халыққа,

қалжырап.

алыпқа

маужырап.


  • Берілген сұрақтарға топ болып жауап беруге дайындалады.

  • «Веер» әдісі арқылы таңдаған сандар бойынша оқушы топ атынан сөйлейді.

Ой толғаныс «ББҮ» әдісін қорытындылау

Бағалау 3 мин

Оқушылардың білімін бағалау сын тұрғысынан бағалау бойынша жүргізіледі.

бағалау көрсеткіштері

Орындай алмаймын

Жартылай орындаймын

Орындай аламын

1

Өз пікірімді, ойымды қорғау үшін дәлел келтіре аламын.

2

Деректермен жұмыс жасай аламын. Қолдана білемін.

3

Деректерге байланысты болжамдар, идеялар айта білемін.

4

Талдаудың жолдарын, кезеңдерін білемін.



Үйге тапсырма 1 мин

Ана, табиғат, аққу болып бөлінген әр топша сол тақырыпта ойтолғау жазу

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.


© 2010-2022