Статья на тему Қазақстан жеріндегі педагогика ғылымының даму тарихы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан жеріндегі педагогика ғылымының даму тарихы



Әлеуметтік, қоғамдық, саяси - экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесінің мақсаты мен міндеті, мазмұны өзгерді. Бұл оқыту, тәрбиелеу технологиясын да өзгертуді, педагогикаға жаңашылдық тұрғысынан қарауды қажет етеді.

Мектеп пен педагогика ғылымыныңтарихы талай замандар тарихына кетеді. Педагоогикалық теория мен тәжірибенің даму, қалыптасу жолдарын қарастыру әрбір тарихи кезеңде, дәуірде оның сол заман талабына сәйкес өзгерістерден өткенін көрсетеді.

Ал Қазақстанда қазақ тілінде оқытатын мектеп пен педагогика ғылымы туу, қалыптасу дәуірінен өтті. Педагогика - бүгінде күрделі де қиын, қызықты да көп салалы, жүйелі ғылым. Ол даму, өсу, өркендеу кезеңдерін қазіргі уақытта да басынан кешіруде.

Педагогика - бұл әдейі ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа бағытталған, адамды қалыптастырудағы жүйееленген іс - әрекеттердің, тәрбиенің, оқытудың, білім берудің мазмұны, әдіс, түрлері туралы ғылым.

Осы анықтама бойынша педагогиканың негізгі категорияларын: білім беру, оқыту, тәрбие құрайды.

Білім беру дегенде білімді игеру, шеберлікті және дағдыны игерту деп түсінеміз.

Бұдан білім беру деп табиғат, қоғам, адам, оның ойлауы мен іс - әрекеті жайында жинақталған білім жүйесін адамның меңгеруін әрі оны іс - тәжірибеде, өмірде қолдана білуін түсінеміз.

Білім (education) «салдар, нәтиже» - «басшылық» «е» - «duco» - латын сөздерінен құралған. Білім беру - адамды надандықтан білімділікке апаратын процесс, оның негізі мектепте қаланады, ал нәтижесі білім беру жүйесіне дұрыс, тиімді педагогикалық басшылық жасай білуге тікелей байланысты.

Ұжымның шығармашылық еңбегін басқару мәселелерін қарастыра отырып, В.А.Сухомлинский «Мектептің жас директорларымен сырласу» атты еңбегінде: «Менің пікірімше, оқу - тәрбие процесінің үш бастауы бар: ғылым, шеберлік және өнер. Оқу - тәрбие процесіне жақсы басшылық жасау дегеніміз бұл оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылымды, шеберлік пен өнерді өте жоғары деңгейде жан - жақты меңгеру», - дейді.

Бірақ білім беру адамның дарындылығының әне танымдық қажеттіліктерінің даму деңгейін, оның тйжірибеде әр түрлі іс - әрекетке дайындығының деңгейін көрсетпей ме?

Сөйтіп, білім беру әр адамның меңгерген шеберлік, дағды, білімі арқылы жан - жақты дамуын қамтамасыз етеді және бұл білім әрі қарай мамандық бойынша кәсіби білім алуға көмектеседі. Білім берудің мазмұнының көлемі мен деңгейі жалпы білім беруде алғашқы, орта және жоғары болуы мүмкін.

Айта кететін мәселе, «білім беру» термині соңғы кезде кең мағынаға ие бола бастады. В.С.Лебедевтің атауы бойынша, «білім беру - бұл әлеуметтік тәжірибені келесі ұрпаққа тұрақты беріп отыратын, қоғами ұйымдастырылған, қалыпқа келтірілген үрдіс...». Білім беру мазмұнын ел былай түсінеді: «... біріншіден, келесі ұрпақтың тәжірибені меңгеруін, екіншіден, тұлғаның типологиялық сапаларын тәрбиелеуді, үшіншіден, адамның ой жүйесі мен дене бітімінің дамуын сипаттайтын біртұтас мазмұн...».осыдан білім берудің үш компоненті бөлініп шығады: оқыту, тәрбиелеу, дамыту.

Енді «оқыту» түсінігін қарастырайық.Ол білім беру мен тәрбиенің ең маңызды құралы болып есептеледі. «Оқыту» деп келешек ұрпаққа білімді жеткізуді, оның осы білімдерді меңгеруін және үздіксіз білім беруге қажетті танымдық іс - әрекеттерді түсінеміз.

Оқытудың үздіксіз болуы қазіргі замандағы мәдениетті адамның ерекше белгісі болып табылады.

Біздің уақытымыздың экономикалық формуласы: білу, істей алу, қалау, үлгеру, үздіксіз оқыту мен өзін - өзі оқытудың қозғағышы болып есептеледі.

Қазіргі кезде қазақ педогогикасының жаңа ғылыми негіздеріне қатысты қазаұстандық адам, қоғам жетілуі мақсаттары мынадай тіркестермен сипатталады: қазақстандық жақсы адам болу, қазақстандық жақсы маман болу, жоғары өркениетті қазақстандық қоғам орнату. Осы жаңа негіздерге орай қазақстандық жақсы адамның бес, қазақстандық жақсы маманның үш деңгейі белгіленген. Қазақстандық жақсы адам негізінде әлемтанымның (табиғаттаным, адамтаным, өнертаным, қоғамтаным, техникатаным, ғылымтаным) сәйкес бес деңгейі жатады. Осындай жағдайда әлемтаным құрылымындағы ғылымтаным, яғни, ғылым жайындағы білімдер мәселесі туындайды. Оның үстіне ғылым жайындағы қандай білімдерді оқулықтың білімдер құрамына кіргізу мәселелері де пайда болады. Бұл - ғылымтанымның педагогикалық мәселелерінің көтерілуі болып табылады. Ғылымның үш мың жылдай тарихы бар. Алайда, ғылымтаным, негізінен, осыдан шамамен жүз жылдай бұрын ғана пайда бола бастады. Қазіргі кезде ғылымтанымның қажеттілігі өсіп отырғаны мәлім. Өйткені қазіргі қазақстандық қоғамда (ғылымсыз қоғам, адам жетілуі мақсаттарына жетуге жеткіліксіз екендігінің белгісі. Сонда «қандай білімдер жетіспейді?» деген сұрақ туындайды. Қазақстандық ғылымның, оның ішінде қазақ ғылымның, қазақстандық қоғам, адам өміріндегі орны - оларға дұрыс жол көрсету болса, ал маңызы - осы жолмен жүруге мүмкіндік беретін білімдерді негіздеуге саяды.

Қазіргі кезде ғылымтанымның теориялық мәселелері қойылмаған. Өйткені ғылымтанымдық педагогикалық теория жасалмаған. Бұл жағдайдың негізгі себебіне қазіргі кездегі ғылым мен білім сөздерінің бұрыс пайдалануы деп айтсақ қателеспейміз.

Ғылымтанымның ғылыми педагогикалық мәселелерінің мәні мынау: ғылымтануды оқуға бейімдеу. Бұл үшін, бірінші, қазіргі толық ғылымтанымды, яғни ғылым жайындағы қазір белгілі барлық білімдерді белгілеу қажет. Қазіргі толық ғылымтанымның құрылымын белгілеу қажет. Екінші, қазіргі толық ғылымтанымның құрылымын белгілеу қажет. Қазіргі толық ғылымтаным ағаш тәріздес арқаулы біртұтас жүйе құрауы керек. Алайда, ғылым жайындағы қазіргі білімдер біртұтас жүйе құрамайды. Демек, бірінші мәселе мынау: ғылым жайындағы қазір белгілі білімдерді сабақтастыра отырып ағаш тәріздес арқаулы біртұтас жүйе құрау керек. Ьұл жүйенің басы «ғылым дегеніміз не?» деген сұрақ жаубынана бастау алады. Бұл жағдай ғылымтаным деңгейлері болатындығын көрсетеді. Ғылымтанымның үш деңгейін (негізгі, негізінен толық, толық) белгілеуге болады. Оқушыға берілетін білімдер тәрбиелік, кәсіптік болып үлкен екі топқа бөлінетіндігін негізге ала отырып, тәрбиелік және кәсіптік ғылымтаным мәселелерін көруге болады. Тәрбиелік ғылымтаным деп оқушының ғылыммен қатынасында көрінетін қасиетіне, яғни, тәрбиесіне негіз болатын ғылымтанымды түсінеміз. Кәсіптік ғылымтаным деп ғылыми зерттеулерде дұрыс жүргізуге мүмкіндік беретін ғылымтанымды айтамыз. Кәсіптік ғылымтанымы болатын немесе ғылыми зерттеулер жүргізетін адамды ғалым деп атаймыз.

Оқушының ғылымтанымы оның ғылыммен, ғалымдармен қатынастарының негізі бола отырып, әртүрлі сипаттармен көрінеді. Сол себептен оқушының дұрыс ғылымтанымы оның ғылыммен, ғалымдармен дұрыс қатынастарының негізі болса, ал - бұрыс ғылымтанымы оның ғылыммен, ғалымдармен бұрыс қатынастарының негізі болады. Бұл қатынастар мәні мынадай сипаттармен көрінеді:

- ғылым, ғалымдар жайындағы (бұрыс, дұрыс) пікірлерді естуі, оқуы, бейнелерді көруі;

- ғылым, ғалымдар туралы (дұрыс, бұрыс) пікірлерді айтуы, жазуы;

Ал енді осы мәселелерге жалпылай тоқталайық. «Ғылым» сөзіне мынадай түсініктеме жазылған: « адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкінлік беретін танымның ең жоғары пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Ғылымның басты мақсаты - ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру». Біздің көп жылдар бойына жүргізген зерттеулеріміз бұл сұраққа, әзірге, мынадай жауп беру дұрыс екендігін көрсетті: ғылым - жаңа білімдер алу үшін қолданылатын білімдер жүйесі. Бұл ғылым сөзінің практикалық, яғни, оның не үшін керек екендігі тұрғысынан белгілейтін анықтамасы. Ғылым сөзінің тура мәні, яғни, мағынасы, былай тұжырымдалады: ғылым - мынадай білімдер жүйесі. Әрине, кейін келе біз мынадай сөзінің орнына сәйкес анықтаушы сөздерді қоятын боламыз. Ғылым көмегімен алынған білімдер ғылыми деп аталады. Ғылыми білімдер ғылыми зерттеулер нәтижесінде алынады. Көптеген жағдайларда ғылыми білімдер адамдарға керек практикалық білімдердің негіздері ғана болады. Міне, сол себептен де, түптеп келгенде, таза ғылымның қоғам, адам үшін тікелей пайдасы жоқ. Ғылым көмегімен алынатын жаңа білімдер бұрын белгісіз болуы керек. Ғылыми білімдер негізінде сейкес ғылыми теория құрылады. Бұл теорияның мақсаты практикаға дұрыс бағыт көрсету болып табылады. Жаңа білімдер алудағы орнына қарай ғылымды құрайтын білімдер жүйесі мынадай үш жүйе бірлігі болып табылады: арқаулық білімдер жүйесі (ғылым негіздері), алғышарттық білімдер жүйесі (ғылым қағидалары), әдістемелік білімдер жүйесі (ғылым тәсілдері). Ғалымдар өздерінің ғылыми зерттеулері нәтижелерін қорғауы да, қорғамауы да мүмкін. Сол себептен олардың ғылыми дәрежелері (ғылым кандидаты, ғылым докторы), ғылыми атақтары (доцент, профессор, академик) болуы да, болмауы да мүмкін. Ғылыми зерттеулердің бастауыш сатысында жаңа білімдер ғылыми болжам түрінде тұжырымдалады. Зерттеулердің негізгі сатысында ғылыми болжам дәлелденіп, жаңа ғылыми білімдерге айналады. Сөйтіп, ғылыми болжам деп ғылым негізінде тұжырымдалып, ғылыми дәлелденбеген жаңа білімдерді айтамыз. Қазіргі кезде ғылымды өте көптеген белгілеріне қарай топтастыруға болады. Ғылым жалпы, ортақ, ерекше, жеке болып төрт топқа бөлінеді. Жеке ғылым деп бір мамандық негізіндегі ғылымды айтамыз. Ерекше ғылым деп мамандықтардың бір тобы негізіндегі ғылымды айтамыз. Ортақ ғылым деп мамандықтардың бірнеше тобы негізіндегі ғылымды айтамыз. Жалпы ғылым деп барлық мамандықтар негізіндегі ғылымды айтамыз. Қазіргі кезде жалпы ғылымның - бір, ортақ ғылымның - бес, ерекше ғылымның - 24, жеке ғылымның - 585 түрі бар.

Сөйтіп ғалымдар қазақстандық қоғамға қазір жетіспей жатқан білімдердің негіздерін тұжырымдамайды. Ал бұл жағдай, түптеп келгенде, қазақстандық қоғамның, адамның жетілуі мақсатына тез жетуіне едәуір көмегін тигізеді деген ойдамыз.

© 2010-2022