Урок с презентацию по казахскому языку Адамның дене мүшелері 5 класс

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок с презентацию по казахскому языку Адамның дене мүшелері 5 классУрок с презентацию по казахскому языку Адамның дене мүшелері 5 классНачало формы

Конец формы


5-сынып.

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Адамның дене мүшелері.

Сабақтың мақсаты:1. Адамның дене мүшелері туралы толық мәлімет беру, жаңа сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрету. Адамның дене мүшелерінің атауларын сөйлемдерде дұрыс қолдана білу. Тақырып төңірегінде сөйлей білу. Шылауды пайдалана отырып сөйлем мен сөз тіркестерін құрату.
2. Дүниетанымын,ой-өрісін кеңейту, сөйлеу қабілеті мен жан-жақты ойлау қабілетін дамыту, күрделі тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру,ойын жинақтай білуге дамыту.
3.Салауатты өмір сүруге,сауатты жазуға, Отанын, елін , қорғауға, құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, оқулық, электронды оқулық, видео

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпты түгендеу.

Кезекшімен тіл дамыту жұмысын жүргізу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Жоқ оқушыларды белгілеу, анықтау


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ

- Балалар, сабақты бастамас бұрын тақтаға қарайық.

-Бұл кім?

- Қандай адам адам деп ойлайсыңдар?

- Бұл адамда не бар?

Енді біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Адамның дене мүшелері»

Урок с презентацию по казахскому языку Адамның дене мүшелері 5 классУрок с презентацию по казахскому языку Адамның дене мүшелері 5 класс




Олардың қандай қызмет атқаратындығын оқушылар айтып шығады.
Енді мен сендердің сөздеріңді толықтырып жіберейін.
Интерактивті тақтаға қараймыз.

---Екі көзің не үшін керек?
--- Жақсыларды көру үшін.
---Екі қолың не үшін керек?
----Елге көмек беру үшін.
---- Құлақ деген не үшін керек ?
---- Ақыл кеңес тыңдау үшін.
---Тіл мен жағың не үшін керек?
---- Ақиқатты айту үшін.
---- Ал аяғың не үшін керек?
---Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
Оқушылар оқып шығайық. Осы өлеңде шылау бар ма?
--- үшін .
-Ол қандай шылау?
--Септеулік шылау.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы 3-тапсырмадағы мәтінді тізбек бойынша мәнерлеп оқытып, орысшаға аудартып мазмұнын игерту.

Дене мүшелері неден тұрады?

Адамдар толық,қалыпты немесе арық болуы мүмкін.Бірақ әр адамның басы,тұлғасы,қолдары,аяқтары болады.Олардың барлығы бір бүтін денені-біздің организмімізді құрайды.

Дененің мүшелері әр түрлі қызмет атқарады.Шаш біздің басымызды қыста суықтан,жазда ыстықтан қорғайды.Біздің басымыз мойынға орналасқан.мойын қозғалады,сондықтан басымызды алға,артқа иеміз және жан-жағымызға бұра аламыз.

Біздің қолдарымыз иіледі және жазылады.біз онымен заттарды оңай алып ,қолымыздың саусақтарымен ұстаймыз. Аяқтарымыз табанмен аяқталады.Табанға сүйеніп жеңіл тұра аламыз.Мықты аяқтарымыздың көмегімен жүреміз,секіреміз.

Сергіту сәті

Тапсырмамен жұмыс

1 тапсырма.Берілген сөз тіркестерді аяқтаңыз

1. Адамдар баспен ....................

2. Көзбен ......................

3. Мұрынмен ..........................

4. Құлақпен ...........................

5. Ауызбен ..........................

6. Тілмен ..........................

7. Аяқпен ...........................

8. Қолмен .............................

2 тапсырма. Емес шылауын пайдалана отырып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.

1.Келген Настя ма, Әлия ма?

2.Анаңның шашы үзын ба,қысқа ма?

3.Қолың кір ме,таза ма?

4.Досыңның бойы ұзын ба, қысқа ма?

3 тапсырма.Берілген әріптерді дұрыс қойып сөзді табыңыз.

ОМЫЙН

ІТЕЗ

ЫАНШТҚ

АСУАСҚ

АҚҚНА

ЗУАЫ

ШЕКЕ

ЙАМҢАД

ҚҰЛАҚ

НРЕІ

АҢЙДТА

ІТЛ

ЕНДЕ

ҮМЕШ

Сабақтың қорыту. Ойнайықта,ойлайық

Екі көз бен қос құлақ
Бір бас пенен бір мұрын
Нешеу болды қос шырақ,
Санап шығар кім бұрын?!
Екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің...
Нешеу болды қане, бол,
Санап шығар кім бұрын?!

Үйге тапсырма: Адам мүшелеріне байланысты 7 мақал-мәтел жаттау

Бағалау.


Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

«Константиновка орта мектебі»КММ







5 сынып

Урок с презентацию по казахскому языку Адамның дене мүшелері 5 класс





Мұғалім: Жаркинбаева Ж.К.

Константиновка

2015

© 2010-2022