Разработка урока на тему Кел төрле, мерейлі Наурыз!

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Кел төрле, мерейлі Наурыз!

Сабақтың мақсаты: «Наурыз мейрамы» туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақтың ұлттық тағамдары, салт-дәстүрі, Наурызға арналған

көрме. Интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!!!

Міне, бар әлемді бусандырып, жер-ананың кіндігін жібітіп, бәрміздің көптен күткен Наурыз мерекесі де келіп жетті.

Наурыз «жаңа күн» деген сөз.

Яғни, бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

1-жүргізуші: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып шашайық.

Ел боп қарсы алайық.

2- жүргізуші: Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Той шашуға тойыңдар,

Бұдан кейін ойын бар.

1-жүргізуші: Уа, жараңдар,жараңдар!

Көңілің бар алаңдар.

2-жүргізуші: Ата менен анаң бар,

Үлкен-кііш ағаң бар.

жүргізуші: Наурыз тойы басталды,

Бәрің бері қараңдар!

2-жүргізуші: Жүріңдер Наурызға басып аяқ,

Қалыс қадам болмасын некен-саяқ.

Ән шырқап, би билейтін қауым болып,

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.

1-оқушы: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

2-оқушы: Наурыз тойың, наурыз тойың,

Құтты болсын, халайық.

Күй төгілсін, күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық.

Ән: «Наурыз той»

3-оқушы: Тышқан жылы кел төрлет,

Ел достығын өркендет.

Мол болсын ырыс, құт,

Болсын елде тыныштық.

4-оқушы: Құтты болсын Наурыз той!

Құлпырып тұр қыр мен ой.

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден.

Құтты болсын Наурыз!

6-оқушы: Ұлыс бақыт әкелсін,

Әр күніміз жақсы болсын.

Достығымыз берік болсын,

Білім-өнер серік болсын,

Ұлыс оң болсын, бестік баға мол болсын.

7-оқушы: Көктем жетті көл-көсір шуақ болып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

Ән: «Наурыз думан»

8-оқушы:Бақта құстар сайрайды,

Жайнап көктем нұрымен.

Жаңа дәстүр жырымен,

Ел наурызды тойлайды.

9-оқушы: Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышты ел енді.

Наурыз келді салтымыз,

Көгерсін деп халқұымыз.

Көшеге тал егеміз,

Жарқырады күніміз,

Жайқалып жас гүліміз.

10-оқушы: Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты наурыздан.

Ән: «Шақырады көктем»

Наурыз қыз: Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы - Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.

11-оқушы: Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.

12-оқушы: Сондықтан да тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қадыр баба барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп, жақсылық шашады екен.

Мұғалім: Балалар, бізге Қыдыр бабамыз, бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді?

Тапсырмалар:

Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?

1-оқушы: Ананың сүті тәтті,

Ананың қолы жұмсақ.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім.

2. Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіңдер?

3. Жеті атаңды ата.

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

4. Сүттен жасалған тағамдарды ата.

7-оқушы: Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, қаймақ, шұбат, қымыз, май, іркіт т.б.

5. Наурыз көже қалай жасалады?

8-оқушы: Наурыз көже 7 түрлі тағамнан жасалады.

Ет, сүт, су, тұз, тары, құрт, мейіз.

6. Ұлттық ойындарды ата.

9-оқушы: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ т.б.

7. Жеті қазынаны ата.

10-оқушы: Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, бирен мылтық, құмай тазы.

8. Үш алысты ата.

11-оқушы: Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

Мұғалім:

Кейде адамның ұқпаймыз-ау жанын біз,

Тәтті ойға батырады жалын жүз,

Биші Шара апасындай болсам деп,

Еліктейді мың бұралып балғын қыз.

Би «Кербез сұлу»

Орындайтын: 8 «а» сынып оқушысы Айгерім және 8 «б» сынып оқушысы Айдана.

4-8 сұрақтары мен жауаптарын тақтадан көрсеті.

Ұлттық тағамдар, ұлттық ойындардың суреттерін көрсету.



© 2010-2022