Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

колледж директорының

оқу ісі жөніндегі

орынбасары _____Сейдахметова Г.



Ашық сабақ жоспары


Күні:

Оқу тобы:

Қатысқан оқушылар саны: 32

Пәні: Менеджмент және маркетинг негіздері

Сабақтың тақырыбы: Жарнама - біздің өмірімізде

Білімділігі

Сабақтың мақсаты: жарнама туралы түсінік беру, экономикалық білімін қалыптастыру

Дамытушылығы: ойлау қабілеттері мен білімдерін тереңірек дамыту

Тәрбиелілігі: Алған білімдерін сабақ барысында меңгерту, жарнаманың тарихы, жарнаманың артықшылықтары мен кемшіліктері, әртүрлі кеңестермен оқушыларды таныстыру, адамгершілікке, инабаттылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: экономика негіздері, тарих, математика

Көрнекіліктері: сөзжұмбақ, плакаттар, буклеттер, слайд, интерактивтік тақтамен жұмыс

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару, психологиялық даярлау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрау.

Жаңа сабақ

Жарнаманың шығу тарихы

Жарнама қалай жұмыс жасайды

Жарнаманың түрлері

Жарнаманың артықшылықтары мен кемшіліктері






Жарнаманың рөлі


Жарнама тарихы. Жарнама адамзатқа ерте заманнан белгілі. Жарнама француз тілінде «reclame» -айқайлап айту дегенді білдіреді. Жарнама - тауарлар мен қызмет түрлерінің тұтынушылық қасиеті туралы іс-шаралар, бір нәрсені хабарлау. Жарнама қай кезде де адамдармен тиімді болатындай қарым-қатынасқа бағытталады. Жарнамалық шығармашылық - әлемдік мәдениеттегі өзінше бөлек объект. Жарнаманың көрнекті әрекеттерінің көп ғасырлы дәстүрі бар.

Адам өзін тұлға ретінде сезіне бастағаннан бері өздерінің жеке қасиеттері мен керемет сапаларын көрсету тәсілдерін меңгере бастады. Мұны бәрінен бұрын, киініп, денелерін бояп, сурет салу арқылы жасады. Осы кезде суреттік жарнама пайда болды. Адамдар суреттер мен мүсіндерді тек қана үңгір қабырғаларын бояу арқылы ғана емес, сонымен қатар өздерінің маңдайларына, мұрындарына, қолдары мен аяқтарына салу арқылы да меңгерді. Әдет ғұрыптық тату (сурет салу) дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталған. Орталық Африкада, Астралияда, Оңтүстік Америкада татудың саяси функциясын көрсететін тайпалар өмір сүрді. Тату бойынша тайпа заттарын, саяси дәрежесін, жеке қасиеттерін - жігерлілігін, батылдығын көруге болады. Осы мақсаттарға бояумен жасалған денедегі ендер және әр түрлі әшекей бұйымдар қызмет етеді.

Тайпалық тотемдерде жарнаманың белгілері болды: тайпа басшысы ретінде батылдық, даналық, қулық иесі есептелген жануарлар тағайындалған. Ал осы жануарлар бейнесі уақыт өте келе фирмалық белгі болып қайта оралды. Жеті мың жыл бұрын жазу пайда болды және ежелгілер оны жарнамалық мақсатта пайдалана бастады. Фин саудагерлері теңіздерде жүзіп жүріп, жағалаудағы тастарға, ең жақсы бұйымдарды тек өздерінен сатып алуға хабарламалар жазып кеткен. Ал біздің заманымызға дейін жеткен жарнамалықхабарламалардың бірі - құлдардың сатылуы жөнінде хабарланған, египет папирусы есептеледі. Жарнама мәтіндерінің ең көнесі - Мемфистегі түс жору хабарламасы. 2500 жыл бұрын таста былай деп жазылған: «Мен, Крит аралынан Риномын, құдайлардың көмегімен түс жоримын».

Жарнаманың көптеген тәсілдері антикалық дәуірде пайда болған. Антикалық дәуірде сонымен қатар дыбыстық жарнама және сурет жанры да жақсы дамыған. Фирмалық белгілер өте қажет болды, себебі өндіруші мен сатушы көбіне бір адам ретінде шығып жүрді. Шеберлер бұйымдарда өздернің аттарын қырып жазып немесе бас бармақтарын ішкі сазда басып қалдырып отырды. Жарнамалық кәсіпке тек қана шеберлер мен саудагерлер ғана араласқан жоқ. Басшылар, әскер басылар, атақты адамдар, өздерінің атақтарын, жасаған ерліктерін әйгілеу үшін жазулар жазылған мүсіндер жасатқан. Бұларды ежелгілер «сөйлейтін тастар» деп атаған, олар ондаған данамен шығарылып антикалық қалалардың алаңдарында орнатылған.

Қабырғаларда бояумен салынған немесе ойылған графити деп аталатын жазбалар кең тараған. Ежелгі Промпейде осындай мың жарымдай жазба табылған. Олардың ішінде көптеген қазіргі заманғы құрылымды жарнама мәтіндері бар: экономикалық, саяси, әртүрлі қызметтер туралы жарнамалар, тіпті қоршаған табиғатты қорғауға арналған хабарламалар.

Ежелгі Римде үйлердің қабырғаларында жазған. Үйлердің иелері, әрине қарсы шықты, қала басқармасы мұндай жабайы жарнамаға қарсы тұруға тырысып, жарлықтар шығарды. Антикалық қалалар, саудагерлер мен шеберлер, өздері мен өз тауарларын белгілеу үшін, үйлерін әшекейлеген. Сол кезден бастап адамзат екі мың жыл бойы жазбалар арасында тұрып келеді. Жазбалармен бірге суреттер болды. Суреттер әрқашан да тауардың символдық бейнесін немесе қызмет-белгілерді бейнелеген. Мұндай белгілер өте көп болды. Гладиатор күрестері, трагедиялар, көшпелі күлдіргілер көрсетілімдері - бәрінде жарнамалық бағыт болды. Осы барлық акробаттар, сыйқыршылар, балгерлер, актерлер, сәйкес мәтінді айқайлап, дауыстарымен ғана емес, түрлерімен, киімдерімен, іс-қимылдарымен жарнама жасады.

Антикалық дәуірдегі түрлі жарнамалық кәсіпшілік Батыс Еуропада ортағасырларда жалғасын тапты. Мемуарлы әдебиеттерде ауызша жарнаманың үлгілері сақталған. Шағын дүкендердің, кафелердің иелері, айқайлап жарнамаланғанға қанағаттанбайды. Олар тіпті «физикалық күшті» пайдаланды - өтіп бара жатқан адамды қолдарынан, киімдерінен ұстап, өздерінің дүкендеріне сүйреп әкелген. Ортағасырлық жарнама әлемі ауызша айғайлап айтумен шектелмеді. Ортағасырлық қалалар өмірін суреттік тақтайларсыз елестетуге болмайды. Жарнама жасау үшін суретшілер, мүсіншілер еңбектенді. Шеберхана, шағын дүкен, мейманханаларды бейнелеу үшін діни және теңіздік белгілер қолданылды. Көбісі жаза алмайтын, оқи алмайтын кезеңде мұндай белгілер өте жақсы жарнама болды. Мейманхана тақтайында бейнеленген белгі уақыт өте келе оның атауына айналды. Міне, ежелгі еуропалық мейманханалардың атаулары осылай пайда болған: «Періште», «Пірадар басы», «Раушан мен тәж» т.с.с. Көптеген сатушылар есіктердің үстінде үш өлшемді белгілер орнатқан. Әдетте, бұл белгілер ұсынылатын затқа байланысты болатын. Қолғап дүкенін қолғаптар суретінен, бас киімдікін - бас киімнен, көзілдіріктікін - үлкен көзілдіріктер немесе көздердің суретінен тануға болады.

Баспасөз пайда болуы Еуропа өміріне нендей өзгерістер әкелді екен. Иоганн Гутенберг ойлап тапқан баспа станогы (1450 ж) жарнамалық кәсіптің жаңа дәуірін бастады. Графиттерді жазбалық қағаздар алмастырды. Жарнама арнайы кәсіпшілік ретінде таныла бастады. Гутенбергтің типографиялық станогының пайда болуымен жаңалықтың уақытылы тарауы мүмкін болды. Бірінші басылған жарнамалық хабарлама 1472 жылмен белгіленген. Мәтін Лондонның бір шіркеуінің есігіне жабыстырылған, онда діни кітаптың сатылуы жайында жазылған.

Кейін жарнама кеңінен таныла бастады. Ол барлық салаға еніп, таратудың барлық әрекеттері мен тәсілдерін меңгере бастады. Жарнама дамуының жаңа қадамы журналистика факультетінің ашылуымен сәйкес келеді. Бұдан былай жарнамалық кәсіп мерзімді басылымдармен байланысты дамыды. Газетке жарияланған бірінші жарнамалық жолдама - жоғалған жылқылардың мекен-жайын айтқандарға берілетін сыйлық туралы хабарлама болып саналады. Бұл Лондонның бір газетінде 1630 жылы жарық көрген.

Англияда басталып, Еуропаны жаулап алған, индустриалды революция Америкаға жетті. Жарнаманың жаңа түрлері өркендей бастады: арнайы жарнама баспалары, жарнама агенттіктері, ірі жарнама компаниялары ашылды. Жарнама мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде жанданып отырды.

ХІХ ғасыр туралы ерекше тоқталған жөн. Бұл, фотографиямен байланысты, жарнаманың жаңадан өрлеуі. Француз азаматтары Л.Ж.Дагермен Ж.Н. Ньепс 1839 жылы өз балалары жарнама жұмысында қандай шу тудырғанын тіпті де сезген жоқ. Жарнамалық мәтінді, жарнаманы шынайы және сенімдірек ететін сурет толықтырады. Ал 1844 жылы телеграфтың шығарылуы қашықтыққа қарсы күресте нүкте қойып, алыс аймақтарды орталықтарды байланыстырды. Жарнама кәсіптік іске айналды. Мәтін дайындаумен айналысатын жарнама агенттіктері құрылды. Жарнама сөздерінің мәтінін дайындайтын және жарнама компанияларын өткізетін және жобалайтын, бірінші жарнама агенттігі филадельфиялық жарнамалық агенттік «Айер и Сын» 1890 жылы құрылды.

Ресейде жарнама қалай дамыды? Х-ХІ ғасырларда саудагерлер өз тауарларын жарнамалаудың түрлі тәсілдерін қолданды. Әдетте, белгілі төлемақыға айқайлап жарнамалаушыны шақырып, ас дүкендерінің қасында тұрып, тауар артықшылықтарын және оның иесінің жетістіктерін хабарлап тұрады. Кітап баспасы пайда болған кезде ХVI ғасыр соңында Русьте жарнамалық сипаттағы суреттер мен мәтіндік парақтар тарай бастады. Лубоктар (суреттер) патша сарайынан, жарлы лашығына да таратылды. Мұндай суреттер ресейлік экономика нарығының дамуымен коммерциялық жарнама ретінде жақсы қолданылды. Ресейде жәрмеңке - халыққа ұнайтын және асыға күтетін іс-шара, ол жұмыс орындарына да пайда әкеледі. ХІХ ғасыр басында Мәскеуде саудагерлер соңынан арзан сатылымдар ұйымында Ресейдің басқа қалаларының сатушылары да қосылды, ал Нижный Новгородтағы жыл сайынғы жәрмеңке бар әлемге танылды. Ондағы жәрмеңке әрдайым мейрам ретінде өтеді. Жәрмеңке тауардың жарнамалық көрмесі рөлінде болды. Ресейде бұрыннан көрме де белгілі. Оны жартылай сауатты шеберлер ұйымдастырды. Олар өз бұйымдарын қателермен жазды. Ол күлкілі болды.

Жарнамалық сипаттағы баспа хабарламалары ХVIІІ ғасырдың басында Петр І «Ведомостволарында» кездеседі. Жарнама мәтіндері бұл кезеңде жұмыс ақпараттары ретінде болды. ХІХ ғасырдың басында жарнама ағыны газет ақпаратында күш жинай бастады, ал меншіктіліктің жойылуымен Ресейде жарнама кәсібінің жаңа сатысы дами бастады. Ол капиталистік қатынастың жылдам дамуына байланысты. Жарнаманы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында еуропалық және ресейлік деп бөлудің қажеті жоқ. Жарнама түрі мен тәсілдері бірдей болды. Жарнамалаудың нәтижелі тәсілі қарастырылды, сонымен қатар иллюстрация қатар қолданыла бастады. Жарнама мәтініне жиі үш сиқырлы сөз - «жаңа», «арзан», «соңғы» сөздері енгізілді. Олар қазіргі кезде де жарнамалық тиімділіктің негізін құрайды. Адамдарды арзан, әрі жаңа тауарға қызықтырды.

Газет жолдарынан баспа жарнамасы қала көшелеріне аяқ басты. Дөңгелек мұнараларда, алаңдарда, базарларда жарнама қағаздары жабыстырлды. Жарнама трамвайларда да пайда болды. Дүкендер жанында кішкентай балалар тауар жайлы жазылған күнтізбелер мен қағаздар таратты. . Көптүсті боялған қағаздар қала түріне әсер ете бастады. Қарапайым афиша ХІХ ғасыр басында ерекше жарнама жанрына айналды. Бірақ жарнаманың бұл түрінің бәсекелесі - сауданың ежелгі және дәстүрлі серігі - маңдайшадағы жазулар (вывеска) болды.

VІІІ ғасырдан бастап жарнамалық белгілердің дәстүрі сақталды. Арнайы дүкендерде суретті мәтінсіз маңдайшалар немесе үлкен жарнамалық белгілер болды. Оптикалық дүкендерде темір жақтаулы көз әйнекті көзәйнектер суреті болды. Сағат дүкендерінде - ағаштан немесе басқа материалдан жасалған үлкен қалта сағаттары болды, олардың циферблатында дүкен иесінің иесінің фамилиясы жазылған. Әр дүкеннің өз мағынасын білдіріп тұратын белгілері болды. Жеміс-жидек дүкенінің маңдайшасында қара түстің үстінде алтын түстес құмырада үстінде ананасы бар жеміс-жидек суреті болды. Ал шаштараздарда - сабындалған адам оның қасында ұстарасы бар шаштараз суреті болды. ХІХ ғасырдағы жарнама әлемінің соңғы жаңалығы - көше витриналары. Электр тогы бар қалаларда кешке жақын витриналарда шамдар жанып тұрды. Көше витриналары тауарды көбірек мөлшерде көрсету үшін пайдаланды. Неғұрлым тауар көбірек көрсетілсе соғұрлым бай саналды. Әр дүкенге қатаң сақталынатын жарнама ережелері бекітілді.

Жарнама қалай жұмыс жасайды. Өтпелі экономика қиыншылықтарын бастан кешіріп отырған жас мемлекетімізде бәріміз де шамалы кәсіпкер болуға мәжбүрміз. Сіздің жеке фирмаңыз болмаса да, өзіңіз шыратын тауарды сатпасаңыз да, жұмыс берушімен келісім шартқа отыру үшін жарнама ережелерін білуіңіз қажет. Жарнама істің (кәсіптің) тиімді кіріспе бөлігі болып табылады.. Өз тауарыңды өткізу үшін, тек қатты айқайлап сатып алушыларды шақырып қана қоймай, қазіргі заманғы жарнама қулықтарының барлығын да білген жөн. Сауданы мәдениетті жүргізуде бірден бір қажетті іс - жарнама.

Сатып алушы сізді таңдау үшін жарнаманы қалай жасау керек?

Жарнама қашан да қажеттілікке ие. Тұтынушыға қажетті тауарды табуға, ал өндіруші мен сатушыға оны өткізуге көмектесе отырып, жарнама айналымды жеделдетеді. Неғұрлым жарнама сәтті болса, соғұрлым сауданың жүруі кеңейеді. Жарнама жаңа сұранысты тудырады. Ақырында, осы жарнама өмірге жаңа мамандықты, кәсіпшілікті, армандар мен идеядарды әкелді.

Кәсіпкер жақсы және нашар жарнаманың ерекшелігін білуі қажет, бұл үшін жарнаманың құрылу принциптерін білу қажет. Тауарды өткізу туралыәртүрлі керекті ақпаратты жинау, өңдеу және ұйымдастыру әрекеттерін біріктіретін - нарықтық сараптама. Мұның өзі мөлшерлік және сапалық нарықтық сараптама болып бөлінеді. Осыдан жарнаманың негізгі мәні анықталады: бұл тауар туралы айту емес, сатып алушының сол жарнамаланған тауар қанағаттандыруы тиіс қажеттілігін еске салу.

Жарнамада айтылатын адам қажеттіліктерінің негізгілері мынадай:

Азық-түлікке деген қажеттілік - тағамдар мен сусындардың рөлінің қандайлығы айтпаса да түсінікті. Көпшілік адамдар үшін түскі ас, әсіресе үй асханасынан басқа жерде тамақтану ұнайды. Бұл әрі адамдармен кездесу уақыты. Бұл байланысты тағам мен сусын жарнамасында тиімді пайдалануға болады.

Өзін-өзі сақтау қажеттілігі. Өзін-өзі сақтауға үлкен қауіп - жұмыссыздық, кірістің болмауы, ауру және мүгедектіктен келеді. Тұтынушы мен оның отбасының қауіпсіздігін сақтандыру компаниялары, фармацевтикалық өнеркәсіптер, медицина, полиция, өрттен қорғау, мемлекеттік ұйымдарды реттеу жарнамалары бекіте алады.

Денсаулық. Бұл себеп жеміс-жидек шырынын, спорт тауарларын, киімнің бөлек түрлерін, туристік жолдамаларды, тұрғын үйлер желдеткіштері жабдықтарын сату кезінде сәтті қолданылады.

Махаббат қажеттілігі. Егер ұсынылатын тауарды әйел адам қолданса, онда ер адамның ол тауарға қызығушылығы артады және керісінше. Сондықтан бұл себеп жарнамаға негіз бола алады.

Сыйласуға деген қажеттілік. Өз-өзі туралыжақсы ойлау және басқалардың да сен туралы солай ойлағандығын армандау, барлық адамға тән қасиет. Әрбір адам қоғам бөлшегі болуға, «барлығы» сияқты болуға ұмтылады және әрбір адам өзінің «менін» ерекшелеп көрсетуді армандайды. Сатып алушылар жарнамаланатын тауарды тестілеуден өткізеді: «Адамдар бұған не айтар екен? Мұны сатып алсам қандай пайда, әсер аламын?»

Көңіл көтерудегі қажеттілік. Жарнамалық өнім негізінде жаңа тауарға деген адамның талпынысы жатуы керек. Егер сауда орталығының басшылары уақытты қызықты өткізуді де қанағаттандыру керектігін түсінбесе, онда нарықтың өз үлесін кеңейтуге оның үміті ақталмайды. Бұрын мұны бәрі білді және тұтынушыларын қала өсектерімен, күлдіргі әңгімелермен қызықтырды.

Тауар жарнамалауға берілетін кеңестер

Сәтті жарнамалық табыстарды қайталаған жөн. Жарнаманы терең ұғыну оныншы-он екінші басылымнан басталады. Егер бір жарнаманы он үш апта бойына, аптасына бір рет көрсетсе, онда оны 63 пайыз көрермен немесе тыңдарман есінде қалдыратынын сынақ дәлелдеген. Бір айдан соң жарнаманы 32 пайызы есіне түсірген. Тағы екі апта өткен соң тек 21 пайызы оны есіне түсіре алған. Бір жарым ай өткеннен соң жарнама науқанының аяқталуы себепті 80 пайыз сатып алушы жарнамаланған тауарды ұмытып кеткен.

Бір реттік жарнамалық акцияны қабылдайтын жарнама науқаны. Жарнамалық науқан жарнаманы радио бойынша, теледидар бойынша және афишаларда тікелей қосады. Барлық жарнама науқаны бойынша бірегей жарнамалық хабарлау мен бірігей жарнамалық сипат болуы керек.

Жалықтыратын тауар жоқ, жалықтыратын жарнама бар. Эмоция назар аудартқызады. Көңіл аударылған кезде, жарнаманың келесі сатысы басталады, адам оның мәнін ұғына бастайды. Тұтынушы тауарды алғаннан пайда көретінін ойлап, оны алуға асығады.

Жарнамада аргументация керек. Сатып алушы өзінің қандай пайда көретінін білуі қажет. Жарнамада бірінші орында - қолдану әмбебептығы, сақтау артықшылықтары және ең соңғы орында - пайда мен арзандығы тұрады.

Жарнамада дәлел көп болса, соғұрлым тауар жақсы өтеді.

Жарнамада тұтынушыға салыстыру мүмкіндігін беру қажет.

Жарнамаға көп шығын кетсе, соғұрлым сатып алушылар фирма белгісін тезірек біледі, соғұрлым олар осы фирманың белгісіне көңіл аударады.

Жарнаманың түрлері. Жарнаманың қандай түрін қолдану керектігі көптеген себептерге байланысты: жарнамалайтын өнімге, жарнам берушінің қаражаттық мүмкіндіктеріне, жарнаманың тұтынушыға жеткізілуіне т.б. Өз тауарыңа жарнама түрін таңдау үшін жарнаманың барлық ерекшеліктерін жақсы білуі қажет.

Баспалық жарнама. Күн сайын миллиондаған адамдар газет оқиды. Газеттік жарнамаға бәрінің көзі үйренді. Газеттік жарнамаға тез жауап беріледі және де ол өте тиімді.

Радио мен теледидардағы жарнама. Радио мен теледидар - қуатты жарнама құралы. Көп адамдар үшін оқығаннан гөрі есте сақтау оңай. Бұл жарнама түрі үшін қажеттісі - адам даусы мен әдемі әуен. Әлем бойынша жарнамаға 250 млрд. доллар жұмсалады.

Тікелей пошталық жарнама. Түрлері өте көп: хат жіберу конверттері, открыткалар, каталогтар, фирмалық журналдар, шақырулар, сурет карталары, күнтізбелер.

Сыртқы жарнама. Соңғы кезде тұтынушылар көшеде қаптап ілініп тұрған жарнаманы көріп жүр. Қанша қате, әрі нашар болғанымен бұл хабарламалар өздері жарнамалайтын тауарға тұтынушы табады. Сыртқы жарнама өзіне көңіл аударылатындай жасалуы керек, жүріп бара жатқан адамға оңай оқылуы керек.

Дүкен сөрелеріндегі жарнама. Жақын жерден және дереу сатып алуға қажетті тауарлар мен қызметтер туралы дүкен сөрелеріндегі жарнамалар жеткілікті. Сөредегі жарнамлардың артықшылығы онда тауар тұрады және сол сәтте сатылуы мүмкін.

Жарнама мақсаты - тауар туралы ақпараттандыру, еске салып тұру немесе сол тауарға тұтынушылардың сенімін арттыру.

Жарнаманың мәні оның қоғамдағы алатын қоғамдық, экономикалық, маркетингтік және коммуникациялық рөліне байланысты.

Жарнаманың қоғамдық рөлі оның адамдардың санасы, көзқарасы, пікірлері мен мінез-құлқының қалыптасуына әсерін тигізуінде.

Жарнаманың экономикалық рөлі - сұраныс пен ұсыныс жасауға, бәсекенің пайда болуына, өткізу нарығының кеңеюі мен жалпы экономиканың және оның әртүрлі саласының дамуына әсер етуі.

Жарнаманың маркетингтік рөлі - тауар сұранысының, өткізу көлемінің және фирма пайдасының өсуіне әсері.

Жарнаманың коммуникациялық рөлі - өнім туралы ақпарат беріп қана қоймай, оның тұтынушы санасында әлдебір бейне ретінде қалыптасуына әсері.

Жарнама агенттіктері - жарнама қызметін ұсынатын делдалдар.

Жарнама құралдары - жарнама таратушылардың жиынтығы.

Жарнама берушілер - бұлар өндірушілер, бөлшек көтерме саудагерлер, мемлекеттік емес ұйымдар және тағы басқа Қазақстан нарығында негізгі жарнама берушілер - шетелдік компаниялар.

Жарнамалық хабар - компанияның өз хабарламаларында не айтылатындығын жоспарлауы.

Жарнаманың артықшылығы:

Жарнама тұтас алғанда әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы тұтынушылардың және экономиканың мүддесіне қызмет етеді.

  • Жарнама тұтынушыларды нарықтағы баға, соңғы жетістіктер мен жаңа тауарлар, қызмет көрсетулер туралы ақпаратпен жабдықтайды.

  • Жарнама кейде бағаның арзандауына септеседі. Ол жаппай нарық жағдайын жасақтай отырып өнімнің өзіндік құнының азаюына және тұтынушылардың өз ақшасын үнемдеуіне мүмкіндік береді.

  • Жарнама бәсекені ынталандырады, бұл нарықта кімге болса да пайдалы. Бір фирманың жарнамасы қалғандарына аз болғанда әлгі сапа деңгейіне жетуіне, сөйтіп сол арқылы тұтынушылар ақшасын қалтаға түсіруге құлшындырады.

  • Жарнамадан түскен табыс газеттер мен журналдардың шығуына кететін шығынның үлкен бөлігін, коммерциялық радио мен телевидениені ұстауға шығатын бүкіл шығынды құрайды.

  • Жарнама жалпы алғанда тұтыну сұранымына серпін бере отырып экономикаға пайда әкеледі. Жарнама сұранымды қажет деңгейде ұстап тұруға көмектеседі.

Жарнаманың кемшіліктері:

  • Жарнаманың мазмұны көбінесе теріс мәліметтерге құрылып, сатып алушыларды адастырып жібереді.

  • Жарнамаға қомақты қаржы шығарылатындықтан мұның өзі тауар бағасын қымбаттатып жібереді.

  • Жарнама тұтынушылардың өздеріне тіпті де қажеті жоқ тауарға ақша шығындауына күштеп көндіреді.

  • Бұқаралық ақпарат құралдары жарнама берушілерге тәуелді болып қалатындықтан олардың еркіндігі де шектеледі.

Жарнама қай кезде өтірік айтады? Орындалмайтын уәде бергенде: «Бұл жастықты қайтарады!», «Бұл дәрі ракты емдейді!» т.с.с.

Қымбат тауарға арзан баға қойғанда. Мысалы сол тауардың таусылғанын оған қарағанда жақсы, бірақ қымбаты бар екенін байқайды. Егер толық сипаттама орнына бірнеше қасиеттерін берген жарнама өтірік айтады. Жарнама тауарды жетілдірілген қасиеттермен жасалған сияқты жаңа қорапқа орап қояды. Жарнама суреттерінде тауар шын мәніндегі түріне қарағанда тартымды көрінуі мүмкін. Кейде жарнама жастардың еліктейтін «жұлдыздары» сол тауарды тұтынатындай етіп көрсетеді. «Жұлдыз» үшін бұл ақша табу, ал жарнамаға кеткен ақшасын сатушы сол тауарды өткізуден қайтып алады. Жарнама сапасыз тауарды атақты фирмалар атауымен жасыруы мүмкін. Мысалы, «Panasonix» немесе «Panasound» магнитофондарын сенгіш адамдар атақты «Panasoniс»-тен алып жатырмыз деп ойлауы мүмкін.

Жарнама тұтынушыларды алдап кетпес үшін 1987 жылы Парижде Халықаралық Жарнама кодексі қабылданып онда былай делінген: Кез-келген жарнамалық хабарлама заңды түрде таза, шынайы және сенімді болуы керек. Кез-келген жарнама қоғам алдындағы жауапкершілікпен құрылуы керек және саудада қабылданған бәсекелестік талаптарына жауап беруі керек. Ешқандар жарнамалық хабарлама қоғамның жарнамаға деген сенімін бұзбауы керек.

Слоган дегеніміз сатылатын заттың қайталанбас қасиетін көрсетіп тұратын қысқа да нұсқа бейнелі сөз, девиз, нақыл.

Осынау қысқа да нұсқа жарнамалық тіркестерге қойылатын талаптардың тұтас теориясы жасалған:

  • Слоган достық шырайлы болуы және мейірімге шақырып тұруы тиіс. Сөйлемнің әр сөзінде ұшырасатын әріптердің немес буын бунақтарының қайталанып келіп отырғаны дұрыс.

  • Слоганда бас әріптер, графикалық символдар болуы керек.

  • Сөздің өрнектілігі, тақ-тұқ қысқа болғаны жақсы.

  • Реті келсе «бастап» және «дейін» сияқты көмекші сөздерді, «көбірек», «күштірек» іспетті сөздерді қарама-қарсы қойып пайдалану жөн. Мысалы, «Сони» фирмасының слоганы: «Бізде арзан зат болмайды, біздегінің бәрі де таңдаулы»

Слоган жарнаманың қайсысында болсын барлық хабарландыруда кездеседі. «Кока-кола» фирмасының соңғы 100 жылда даму серпінін бақылап көрсек 1886 жылы фармацевт Дж.Пумбертон ойлап тапқан танымал сусынның слоганы мына түрде дамып отырған.

1886 жыл - «Кока-кола» ішіңіз

1904 жыл - «Кока-коламен» мейір қандырыңыз

1906 жыл - Нағыз сапа сусыны

1911жыл - Қуаныш тұнған сусын.

1917 жыл - Күніне 3 миллион

1923 жыл - шөл қандыруды лаззатқа айналдырыңыз

1926 жыл - «Кока-кола» - шөл мен нәрге алып баратын ең төте жол

1923 жыл - Мұздай күн шұғыласы

1923 жыл - «Кока-коланың» теңдесі жоқ

1942 жыл - Енді керемет

1946 жыл - Иә!

1950 жыл - Сапа мен шөл қандырғанға не жетсін

1956 жыл - Жер шарындағы достыққа шақыратын нағыз сусын

1966 жыл - «Кока-кола» шырай келтіруде алдына жан салмайды

1966 жыл - Дәмін татқан соң іше бергің келеді

1968 жыл - Жұтымнан соң жұтым, тасқыннан соң тасқын.

1976 жыл - Кока ғұмырды ұзартады

1988 жыл - Коканың дәмін татсаң, езуіңе күлкі үйіріледі

1988-1991 жыл - Шынайы сусынға теңесер ештеңе жоқ

1997 жыл - Әрқашанда «Кока-Кола»

Кроссворд «Жарнама»


Ж


А


Р



Н



А


М



А


Сұрақтары:

  1. Халықаралық жарнама кодексі қай қалада қабылданды? (Париж)

  2. Саудалық қарым-қатынастың қайталанбайтындығын білдіретін қысқаша мәлімет, ұран, афоризм. (Слоган)

  3. Көру сезімі арқылы қабылданатын жарнама түрі (сыртқы)

  4. Жарнама қызметін ұсынатын делдал (агент).

  5. Жарнама сұраныс пен ұсыныс жасауға, бәсекенің пайда болуына, өткізу нарығының кеңеюі, экономиканың түрлі саласының дамуына әсер етеді. Бұл жарнаманың қандай қызметін, ролін көрсетеді? (экономикалық)

  6. Тауар өндіру, оны тұтынушыға ұсыну және айырбас арқылы жеке адамдар тобының және тұтынушылар мұқтаждығы мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік және басқару процесі (маркетинг).

  7. Тауар туралы ақпараттандыру, еске салу, сенімін арттыру. Бұл- жарнаманың ..... болып табылады. (мақсаты).

Аннаграманы шеш


  1. Жеқатіткіл


  1. Ұттнуыыш


  1. Рднөішіу


  1. Іісрөдн


  1. Екккәіперлі


  1. рнажама


Карточканың мына түрін пайдаландым:

Карточка №1

1. Көп нүктенің орнына мына сөздерді қойыңдар: өткізу, фирма, маркетингтік

«Жарнаманың .... рөлі тауар сұранысының, .... көлемінің және .... пайдасының

өсуіне әсерінен көрініс табады»

2. Радиохабарландыру, радиороликтер, радиорепортаждар, радиожурналдар жарнаманың

қай түріне жатады?

Карточка №2

1. Жарнаманың қандай түрлері бар? Артықшылықтары мен кемшіліктері.

2. Жарнама сөзіне ассоциация құр.

Тест сұрақтары:

1. ЖАРНАМА ТҮРЛЕРІ:

А) өндіруші, тұтынушы;

Б) ақпараттық, үгіттік, еске салушы;

В) талап етуші, талап етпейтін;

Г) жеткізуші, маманданған;

Д) нұсқаулық, шығармашылық.

2. ТАУАРДЫ НАРЫҚҚА ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІНДЕ АЛҒАШҚЫ

СҰРАНЫСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

А) ақпаратты жарнама;

Б) үгіттік жарнама;

В) еске салушы жарнама;

Г) қарапайым жарнама;

Д) барлық жауабы дұрыс.

3. ТҰТЫНУШЫ ТАУАР ТУРАЛЫ ЕСІНЕ АЛУҒА МӘЖБҮР ЕТУ

ҮШІН АЙРЫҚША МӘНГЕ ИЕ ЖАРНАМА ТҮРІ.

А) ақпаратты жарнама;

Б) үгіттік жарнама;

В) еске салушы жарнама;

Г) қарапайым жарнама;

Д) дұрыс жауабы жоқ.

4. ЖАРНАМА ҚҰРАЛДАРЫ.

А) жарнама таратушылардың жиынтығы;

Б) жарнаманың мақсаты;

В) жарнамаға сын айтушылар ;

Г) қарапайым жарнама;

Д) дұрыс жауабы жоқ.

5. ЖАРНАМАНЫҢ МӘНІ НЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ.

А) қоғамдық роліне;

Б) экономикалық роліне;

В) маркетингтік роліне;

Г) коммуникациялық роліне;

Д) барлық жауабы дұрыс.



С Ұ Р А Қ Т А Р М Е Н Т А П С Ы Р М А Л А Р

Әр ұғымға (аталымға) сай келетін анықтаманы тауып таңдаңыз


Аталымдар

Анықтамалар

1. Жарнамалық хабар

А)Қаржыландыру көзі анық көрсетілген, бұқаралық ақпарат құралдары арқылыжүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны

2. Жарнаманы қамту ауқымы

Б)Компанияның өз хабарламаларында не айтылатындығын жоспарлауы

3. Жарнама жеткізушілері

В)Жарнама қызметін ұсынатын делдалдар

4. Жарнама агенттіктері

Г)Жарнаманы тарататын нақты құралдар: нақты журналдар, телешоу, радиобағдарламалар

5. Жарнама

Д)Берілген уақыт аралығында жарнама науқанымен таныстыратын мақсатты аудиториядағы адамдардың белгілі бір пайызы.

Өз жауаптарыңызды кестеге толтырыңыз



1

2

3

4

5



Үйге тапсырма: «Жарнама бізге керек пе?» деген тақырыпта эссе жазу. Көрнекілік құралдар дайындау: буклет, карточка, БАҚ-нан жарнамаға қатысты мақалалар қарастыру.

Қорытынды: Сабаққа белсенді қатысқан, үй тапсырмасын орындаған оқушыларды бағалау. Уақытты тиімді, ұтымды пайдалана отырып сабақ барысына қорытынды жасау.


Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде

Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде

Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде


Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде

Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде

Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде


Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде

Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде

Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде

Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде

Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде

Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде


Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде

Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде

Ашық сабақ Жарнама біздің өмірімізде

© 2010-2022