Ақ бөкендер мәтінімен жұмыс

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: қазақ тілі

Тақырыбы: Ақ бөкендер

Мерзімі: 1.07..2015

Оқытушы аты-жөні: Ш.Канбаева

Жалағаш ауданы №201 орта мектеп-лицейі

СЫНЫП: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың мақсаттары

О2 Негізгі ойды анықтап, мәтін құрылымын ажырату

Сабақтың оқыту мақсаттары



Жетістік критерийі:

Барлық оқушылар істей алады:Берілген мәтіннің негізгі идеясын ажыратады

Оқушылардың көпшілігі істей алады: Берілген мәтіннің негізгі идеясын ажыратып,мәтіннің негізгі құрылымының қандай болатыны туралы біледі.

Кейбір оқушылар істей алады: Берілген мәтіннің құрылымдық бөлшегіне өзіндік тұжырым жасай біледі.

Оқушы мақсатына жетті,себебі мәтіннің құрылымдық ерекшеліктерін сақтай отырып,өзіндік ой-тұжырымын жасай алады.

Оқушы оқу мақсатына талпынды,себебі мәтіннің негізгі идеясын түсініп,мәтіннің құрылымын білгенімен,өзіндік тұжырымын жасауда қиналады

Кілт сөздер: киелі ұғым, ақ бөкендер, ақ дастарқан, салт-дәстүр, табиғат кереметтері

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Басы.5 минут

Қызығушы-лықты ояту.

Сөз мағынасын ашу

«Ассосация» стратегиясы

Топқа бөлу: «Киелі жануарлар», «киелі құстар», «киелі ұғымдар» болып, 3 топқа орналасады және оқушылардан бұл сандар нені білдіретіні сұралады.Жалпы «кие» сөзін қалай түсінесің? Біз нені кие тұтамыз? деген сауалдар қоя отырып, тақырыпқа болжау жасатамын.

Сабақтың мақсатын айтып, жетістік критерийлерімен таныстыру. 3 топқа 3 түрлі бөкендердің суреттері таратылып беріледі, не білетінін «Ассосация» стратегиясы бойынша топтастырады.

2 минут уақыт беріледі,неғұрлым көп мәлімет беруге тырысуы тапсырылады.









Ортасы

25минут

Оқыту іс-әрекеттері:

«Ойлан, жұптас,бөліс» стратегиясы











Соңы

Сабақтың қорытынды-сы 10 минут



Кері байланыс

5 минут



3топқа 3түрлі ақ бөкендер туралы мәтін таратылады. Мәтінге байланысты конструкция қоса беріледі. Онда оқу кезінде мәтіннің шетіндегі ашық жерге белгі қойып отыру айтылады. Ол белгілер:

егер сіздің оқып отырғаныңыз сіздің білгеніңізбен сәйкес келсе,

«v»(қанат) белгісін қойыңыз.

Оқып отырғаныңыз білгеніңізбен сәйкес келмесе, «-»(алу) белгісін қойыңыз.

Сіз үшін жаңа ақпарат «+» (қосу)

Егер ақпарат,сізді таңқалдырса,сол бойынша тереңірек білгіңіз келсе, «?» (сұрақ белгісі)таңбаларын қоя отырып оқиды , тапсырма орындауларына уақыт уақыт беріледі.Оқып болған соң, көршісімен ой бөліседі.

1.Сіз қандай ақпаратқа тап болдыңыз?

2.Сізде қандай сұрақтар туындады?

3.Нені білетін болып шықтыңыз?

4.Не туралы білгіңіз келеді?

Осы сұрақтар төңірегінде жұбымен ой бөлісіп болған соң,топта талқылап, бағанағы ассосацияға толықтырулар енгізіп, бір спикері өз ақпаратымен алмасады. 1-топ 2-топқа өз мәтінін оқып беріп,мәтінді бөліктерге бөліп, «Фишбоун» белсенді оқыту әдісін толтыруды береді.

Орындалу барысы: басы - тақырыптың мәселесі,

үстіңгі сүйектері - тақырыптың негізгі түсініктері,

астыңғы сүйектері - себептері,

құйрығы - мәселенің шешімі.

Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек, олар тірек сөздерден немесе тақырыптың өзара негізгі ойын ашатын фразалар болуы мүмкін.

2-топ өз мәтінін оқып, 3-топқа «Мәтін бөлімдері» тапсырмасын толтыруды сұрайды.

«Мәтін бөлімдері»

1-кіріспе

2-негізгі ой

3-қортынды

4-толықтыру

Осы кесте бойынша тыңдаған мәтіндерін құрылым бойынша орналастырады.

3-топ 1-топқа өз мәтінін оқып беріп, мәтіннің композициялық құрылымына талдау жасауын сұрайды.

Соңында оқушыларға «Мәтін құр» тапсырмасы беріледі. Әр оқушы қағаз бетіне бүгінгі мәтіндерге байланысты сұрақ жазып қағазды бүктеп, келесі оқушыға береді. Ол оқушы жауап беріп, келесі сұрағын жазып,өзінен кейінгіге тапсырады. Бір-бірімен жауаптарды талқылап, оларды мәтінге сәйкес ретке келтіріп, біртұтас мәтін жазып шығуы тиіс.

Жетістік критерийі беріледі. Критерий:

1.Мәтіндердің мазмұнын қамтып, жүйелі байланыстыру;

2.Мәтінде кемінде 2 мақал, 2 тұрақты тіркес, 5 синоним, 3 антоним сөздердің болуы;

3.Өз тұжырым,көзқарасының берілуі;

4.60 сөзден аспауы тиіс.

«2 аспект 1 дерек»әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алынады.

Мен үшін оңай 1 тапсырма

Мен үшін қиын 2 факт

Мен үшін маңызды 3 дерек


Қосымша ақпарат

Ажырату - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларына қарағанда анағұрлым қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау -

Оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, әдебиет, АКТ байланыстары

Құндылықтар байланыстары

«Мәтін құр» тапсырмасы арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіндерді байланыстырып, құрылымын сақтап,біртұтас мәтін жазады.

Меңгеруді бақылау

Сұрақ және жауап

Өзара кері байланыс, топтар бір-бірінің жауабын дескрипторлар арқылы бағалайды.

Топтарда жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Сол жақ бағанадан өз сабағыңызға ең орынды келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




© 2010-2022