Аналар мерекесіне арналған ертеңгілік іс-шараның өткізу жоспары

«АНА БІЗДІҢ КҮНІМІЗ» Жүргізуші:Ақ тілекті ағытып бір тастайық,  Аналардың мерекесін  бастайық.       Көздеріңнен көрем шаттық арайын,     Өтсін солай әрбір күнің әр айың. Армысыздар, құрметті қонақтар,аналар,әжелер,сүйкімді қыздар көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мерекелеріңіз құтты болсын.Біз үшін ең қымбатты,ең ардақты аналарымызға арналады.   (Ортаға әуенді музыка ырғағымен балалар кіреді). Тақпақ:, Айзада :              Анаң болса қасында,                               Басқа бақыт не кер...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КМҚК «Салтанат» бөбекжай бақшасы
















«АНА БІЗДІҢ КҮНІМІЗ»

8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі

2 сәбилер тобы







Тәрбиеші: С.Е.Утебаева




















2014 жыл

«АНА БІЗДІҢ КҮНІМІЗ»

Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің әр айың.

Армысыздар, құрметті қонақтар, аналар, әжелер, сүйкімді қыздар көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз мерекелеріңіз құтты болсын. Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты аналарымызға арналады.

(Ортаға әуенді музыка ырғағымен балалар кіреді).

Тақпақ:,

Айзада : Анаң болса қасында,

Басқа бақыт не керек.

Аналардың жүрегі,

Мейірімді ғой керемет.

Санжар: Наурыздың сегізі ,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз баланың,

Анаға айтар лебізі.

Александра: Анашым анам,

Ризамын саған.

Тіліңді алам,

Ақылды болам.

Раушан: Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Анамыздан тарайды,

Біздің ана тіліміз.

Ән: Н. Тілендеиев. «Құттықтаймын, анашым» әні орындалады.

Айналайын мама, туған күніңмен

Сыйлайыншы саған дала гүлін мен,

Күлімдеген көзің күннің нұрындай,

Ұлым деген сөзің, ақын жырындай

Ля-ля,ля, ля-ля,ля, ля-ля,ля,ляяяя...

Дүниеде артық жан жоқ мамамнан

Дариядай шалқып ән боп таралған,

Айналайын мама, туған күніңмен

Сыйлайыншы саған дала гүлін мен.

Ля-ля,ля, ля-ля,ля, ля-ля,ля,ляяяя...

(Бір-біріне ренжіскен ата мен әже залға кіреді)

Әже: -Осы сенің табысты жұмыс істейтің күнің болады ма?

Ата: -Мені ұрыспашы, бүгін сенің мейрамың ғой.

Әже: -иә, менің мейрамым жыл сайын осылай өтеді! деп- әже кір жүғышты тақылдатып, кір жуа бастайды.

Әже-Көп сөзді доғар да, көлге барып балық аулап әкел, үйде тамақ жоқ.

Ата -Айтқаның болсын кемпір.

Жүргізуші. Балалар, біз сендермен ертегілер еліне еніп кеттік - ау деймін? Олай болса ертегіні тамашалайық.

Ата көлге барып, ауды үш рет лақтырып балық ұстай алмай, көңілсіз болып қалады. Төртінші рет лақтырған кезде, алтын балық түседі.

Алтын балық: -Ата, мені жіберші, мен сенің бар тілегінді орындаймын.

Ата: -жарайды, мен сені жіберемін, сен өте әдемі балық екенсің.

Жүргізуші: Ата әженің қасына басын салбыратып келеді.

Әже: Не болды, тағы түк жоқ па?

Ата: иә,бірақ балық ұстаған едім, ол біз секілді сөйлеп, «мені жіберші, бар тілегіңді орындаймын» - деді.

Әже:Сен не дедің?

Ата: Ештеңе керек емес деп,жібере салдым.

Әже: Ақымақ, бар балығыңа айт, бүгін менің мейрамым, алдыма келсін!

Ата. Жарайды, айтқаның болсын.

Жүргізуші: (Ата көлге барып балықты шақырады).

Ата: - Алтын балық, алтын балық....

Алтын балық.-Не болды ата?

Ата: Кемпір сенің балалармен бірге би билеп берулеріңді сұрайды.

Алтын балық:- ата, мен сіздің тілегіңізді орындай алмаймын, егер балалар би билеуге келісетін болса мен қарсы емеспін.

Жүргізуші: балалар, бүгін мереке ғой, сондықтан да біз ата мен балыққа көмектесейік, әжелерге арнап би билеп беріп, әжелеріміз бен аналарымыздың тілектерін орындайық. Әже сіздің қандай қалауыңыз бар?

Әже: - Балалар көңілді би билеп берсін!

Би: «Көңілді балалар». (танец с парами «веселые ребята»)

Жүргізуші. Өте тамаша, әже сізге балалардың билері ұнады ма? Ал енді біздің балалар тілектерін жолдайды.

Тақпақ:

Самира: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Арсен: Сені өсірген балалар,

Батырлар мен даналар.

Құтықтаймыз,мейраммен,

Құрметті аналар!


Магас: Жылылықпен жаралған,

Құшағы оның таң мекен.

Менің айдай анамнан,

Асқан сұлу барма екен?

Ернар: Айналайын анашым,

Асқар таудай панасың.

Күн көзіңдей күлімдеп,

Құшағыңа аласың.

Әже. Рахмет сендерге балалар! Қандай тамаша десеңші. Ендігі тілегім мені бүгін құттықтауға өлең айтсын.

Жүргізуші: Әже сіздің тілегіңіз қабыл болды, «Құлыншақ »әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Құлыншақ»

Тақпақ:

Ерсұлтан: Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам

Д. Аружан: Айналайын анашым,

Әлемдегі жаны асыл.

Болса маған не керек,

Бәрін іздеп табасың.

.

Амир: Анашым анам,

Ыстықсың маған

Тәрбие бердің,

Көп алғыс саған.

С. Аружан: Аялаған баптаған,

Асыраған сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен.

Әже: -Уффф, шаршадым. Шал-ау жастық шақты еске алып бір ойын ойнап жіберсек қайтеді?

Ата: - Қызым-ау, менің кемпірімнің ойын ойнағысы келіп отыр, қанекей бір ойын ұйымдастырып жіберейік.

Жүргізуші: - Жақсы ата, біздің балалар «Гүл шоғын жинау» ойынын жақсы ойнай біледі. Әжемізге гүл жинап берейік.

Ойын: «Гүл шоғын жинау».

Әже: Шал, балалар жақсы ойнайды екен, сонымен қатар олардың мені қалай құттықтағанын көрдің бе?

Ата: Мен де сені қүттықтағым келіп тұр.

Әже: Қойшы, ашуымды келтірмей отыр.балалар менің тілектерімнің барлығын орындап жатыр. Мен әдемі гүлдерді өте жақсы көремін, балалар маған көп гүл сыйласын!

Жүргізуші:

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген - дей отырып келесі кезекті ұл қыздарымыздың орындауында «анама вальс» биіне береміз.

Би: «Анама вальс». Танец «Мамин вальс»

Тақпақ:

Аяжан: Мәпелейді, әлделейді, бағады,

«Құлыншағым» деп құшағына алады.

Өзгеге де , өзіне де жауапты,

Барлығына қалай уақыт табады?

.

Нұрмұхаммед: Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды,

Қуантсам деп келемін.

Аида: Еркелесем күнім дейді,

Ұрысқаны білінбейді.

Маңдайымнан иіскеп мені,

Құлыншағым күнім дейді.

Асхат: Айналайын анашым,

Әлпештеген баласын.

Ильяс: Әлпештеген баласын,

Ана бақыт,ана күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтан етер анасын.

Ата: - Мен сеңін барлық тілектерінді орындаттым ғой, кел енді екеуміз мейрамда бір би билейкші.

Әже: - Жарайды, билесек билейік.

Жүргізуші: Келесі біздің өнерлі балаларымыздың «Орамалдар» биі мен әнін тамашалаңыздар. (Ата мен әже бірге билейді).

Ән: «Орамалдар»

Әже: - шаршадым, балаларға айт ендігі тілегім маған арнап Әже туралы ән, айтып берсін.

Ән: «Ақ әжем»

Ойын: «Әжемнің жібі».

Тақпақ:

Мейірхан: Әжем маған базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін жақсысын

Маған таңдап әперді.

Адия: Менің әжем,гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Анам үшін, мен үшін,

Нағыз ана,тілі әжем.

Аслан: Жүре берсем қасыңда да,

Әйбат анам,ай анам.

Ботам деген дауысыңнан,

Мен мәз болып оянам.

Жансая: Балаға ең жақын, сіз ғой ана,

Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.

Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,

Теңесе алар бірақ, отан ғана

Әже. Қандай тамаша, әндерің де, ойындарын, тақпақтарың да жақсы екен, жүрегім жібіп қалды ғой. Осындай мейрам күнде болса ғой, шіркін - ай!

Ата: Айтқаныңды бұлжытпай орыңдайын, кемпірімнің жыл бойы мейрамы таусылмасын.

Әже:- Ал балалар сендерге көп рахмет айтамын, тілектерімді орындадындар, әжелер, аналар, қыздар 8 Наурыз мерекесімен сіздерді де құттықтаймын! Ал мен енді үйіме барып шалға тамақ дайындайын. (Екеуі қоштасып шығып кетеді).

Жүргізуші: енді біздің ұл балаларымыз қыздарымызға арнап өздерінің «Шабандоз» биін сыйлайды.

Би: «Шабандоз». Танец «Наездники»

Ата-аналарға сөз беру.

Жүргізуші. Мереке құтты болсын! Бұлдіршіндеріңіз әрқашан сіздерді қуантып жүрсін. Сіздерге әлемдегі бар жақсылықты тілей отыра балалардың өз қолдарымен жасаған азын-аулақ сыйлықтарын тарту етеміз!

Сыйлықтарды тарату.

© 2010-2022