Мағжан Жұмабаев Қазақ тілі

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқытушысы: Жалгасбаева Г.У.

Пәні: Қазақ әдебиті

Күні:23.11.2015

Сыныбы: 6 «г»
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы сұрау, өлеңдерінің мазмұны мен негізгі идеясын ашу;
Дамытушылық.Оқушыларды мәнерлеп оқуға машықтандыру, өз пікірін нақты жеткізе білуге, шығармашылыққа баулу;
Тәрбиелік.Өз ұлтын, елін сүйетін патриот азамат тәрбиелеу;
Көрекілігі: слайд, видео, ақын кітаптары, ақын суреті

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: түсіндріу, сұрақ - жауап,топтастыр


Күтілетін нәтижелер:
● Мағжан сыршыл ақын екенін, Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен күшті ақын екенін біледі, өлеңдерінің негізгі идеясын ашады;
● Логикалық ойлау қабілеті дамиды, шығарма - шылық ізденіске талпынады;
● Жүрегі өз ұлтым деп соққан нағыз патриот азамат тәрбиеленеді;

I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сыныпта жағымды ахуал туғызу
ә) Топқа бөлу (конвертке ақынның шығармашылығы туралы сөздер беріледі, сол арқылы оқушылар бір - бірін тауып 3 топқа бөлінеді)
II. Үй тапсырмасын пысықтау. (10 минут) І топ- «Сабит Дөнентаев»

ІІ топ -«Бозторғай» ІІІ топ- «Өлең құрылысына талдау»

Өлең құрылысына талдау.

Бозторғай/ зорлық көріп /тұрымтайдан,/ 11а

Таяныш/ таба алмапты /қырдан, ойдан./ 11а

Болыпты/ мұңын шақпақ,/зарын айтпақ/ 11б

Қырғиды /жолықтырып/ көрсе қайдан./ 11а

3бунақты,4 тармақты, 1шумақ, қара өлең ұйқасымен жазылған.


Ш. Жаңа сабақты меңгерту. «Ой таным»
Мұғалім: Мағжан - сыршыл ақын. Мағжан сөзі тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсың. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген де - Мағжан.

Ал, енді оқушылар, бүгінгі сабағымызға назар аударалық.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген,
Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?-
- Бұл өлең жолдарының авторы кім, қане, есімізге түсірелік.
- Мағжан Жұмабаев.
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы. Дәптерімізді ашып, күннің жады мен тақырыпты жазайық.
- Есімізге түсірелік, Мағжан кім?
Мағжан:
Прозашы
Аудармашы
Ақын
Абайдың ізбасары
Лирик
Поэмашы
Бес арыстың бірі

- Өте жақсы, Мағжанның қандай өлеңдерін білеміз?
-«Түркістан», «Сорлы қазақ», «Қазағым», «Күз», «Толқын», «От», т. б.
- Ендеше, оқушылар, мен сендерге Мағжан Жұмабаев өмір жолы мен шығармашылығымен толығырақ таныстырып өтейін.

Өмірдерек кестесі
Тарихи күн Болған оқиғалар

Жылдар

Оқиғалар

1

1893ж. 25. 06.

Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл басында туған.

2

1909 ж.

Мағжан Абайдың Петербургте жарық көрген өлеңдерін оқып, содан сусындайды.

3

1910 - 1913жж.

Уфада Ғалия медресесінде оқиды.

4

1913 - 1917жж.

Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны алтын медальмен тәмамдайды.

5

1923 - 1926жж.

Мәскеуде көркем - әдебиет институтында оқиды.

6

1927 - 1929жж.

Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызмет атқарады.

7

1912ж.

Қазан қаласында алғашқы "Шолпан" атты өлеңдер жинағы басылды.

8

1922ж.

Келесі өлеңдер жинағы Қазанда, Ташкенде басылады. Атақты "Батыр Баян" дастаны дүниеге келеді.

9

1925 ж.

"Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жайы" еңбектері жарияланады.

10

1927 ж.

Қызылжар педагогикалық техникумы мен совет партия мектебінде сабақ беріп жүреді.

11

1929 ж

Москвадағы Бутырка түрмесіне қамалады. Содан 10 жылға сотталып, Карелияда 10 жыл айдауда болады.

12

1935 ж.

М. Горькийге хат жазып, ұлы жазушының көмегімен абақтыдан босайды.

13

1937ж. 18. 03

С. Сейфуллиннің шақыруымен Алматыға келеді. Бірақ
1937ж. 30. 12. қайтадан тұтқынға түседі.

14

1937ж. 30.12.

Аяулы ақын сталинизмнің құрбаны болады.

Мағжанның әкесі Бекен мен анасы Гүлсімнен тараған 7 ұл мен 2 қыз да қуғын - сүргінге ұшырайды. Олардың айыбы біреу ғана - олар Мағжанның іні - қарындастары болғандары үшін.
Қазіргі заманда Мағжаннан басқасының бәрінің де арттарында қалған ұрпақтары бар. Ал Мағжан жасында мұғалімдер семинариясын бітіргеннен кейін, Қызылжар қаласында тұратын Шоқан Тастеміров деген кісінің қызымен ( Зейнеп ) қосылады. Бірақ 1 - 2 жылдан соң Зейнеп қайтыс болады. Азамат соғысы заманына қатысты атын Граждан деп қойған кішкентай нәрестесі де келесі жылы көз жұмады. Сол жылдары ақын қаламынан жары мен ұлына арналған талай мұң мен зарға толы өлеңдері дүниеге келеді.
- Мағжан Шығыс поэзиясы, Батыс, орыс әдебиеті және фольклор (халық ауыз әдебиеті) арқылы сусындап, мол тәлім алды.
- Ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр енгізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын - Мағжан.



ІY. Оқулықпен жұмыс.
I - топ Мағжан кім?«Топтастыру». Отбасы жайлы мәлімет беру

II - топ «Мағжан - ақиық ақын» деген пікірмен келісесің бе?
III - топ Қазақ тілінің бүгінгі таңдағы маңызы қандай?

Y. Бағалау. (бес жұлдызды, төрт бұрышты, үш бұрышты түрлі-түсті қағаздармен бағалау)

ҮІ. Сергіту сәті «Теңізге саяхат»

Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?

YІI. Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
І топ. «Ой толғау» «Ақын - ұлт перзенті» «Ұлт» деген сөзді қалай түсінесің?
ІІ топ. Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі, үмітінің өміршеңдігін дәлелдеп көр.
Ш топ, Ақынды толғандырған не?


YIІІ. Ұжымдық жұмыс «Поэзия сәті»
Мағжанның «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқу.

ІХ. Бағалау. (бес жұлдызды, төрт бұрышты, үш бұрышты түрлі-түсті қағаздармен бағала)


X. Топтық жұмыс

  1. Өлең құрылысына талдау
    Күш кеміді // айбынды // ту құлады, а
    Кеше батыр // - бүгін қорқақ // бұғады. а
    Ерікке ұмтылған // ұшқыр жаны // кісенде, б
    Қом суынған // жүрек // солғын соғады. а
    Шумағы: 4, тармағы: 16, бунағы: 3, буыны: 11, ұйқасы: қара өлең ұйқасы


    ХІІ. Қорытындылау.
    - Оқушылар, Мағжан ақын ұстазы ұлы Абай екеуі де бір мәуелі бәйтеректей. Қане, бәріміз қосылып Абайдың бір әнімен сабағымыз -
    ды аяқтайық.

    ХШ.Үйге тапсырма
    - М. Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңін жаттап келу.

ХІҮ. Бағалау


© 2010-2022