Презентация по казахскому языку на тему

5 «Б» сынып Қазақ тілі 23.10.2014 Мұғалім:Успанова Г.Р. Сабақтың тақырыбы: Таңғы ,түскі,кешкі  тамақ. Септіктер. Сабақтың түрі – Ашық сабақ Сабақтың типі – ББД қолдану сабағы Сабақтың мақсаты: білімділік - септіктің жалғану жолдарын түсіндіру; түскі,таңғы,кешкі ас пен тамақтану ережелері туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту. тәрбиелік - денсаулықтың кепілі - дұрыс тамақтану, тамақтану ережелерін сақтауға баулу. дамытушылық - Мәтін мазмұны арқылы ойлау, түсініп оқу, ауызекі сөйлеу, оқушыла... Тиісті - должен жарма – крупа Тосап – варенье Тәбет ашу – открыть аппетит Зиянды  - вредный жатар алдында  – перед сном тамактанған  жөн – лучше поесть  жұғымды   –  питательный болғаны жөн (керек, мүмкін)– должен быть                                                                                                                                                                                                                                                                                          ... асықпай  - не торопясь  сақтауға тырысамыз – стараемся выполнять   тамақтануы керек – должен питаться                                                  әдетте – как обычно   қатық - простокваша     І топ тапсырмасы:  Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Тыңдалым.                                        ♦ Оқушыларға кезекпен - кезек дауыстап оқыту.Мәтінді түсініп оқу, мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыру, жауабын басқа топ мүшелерінен алу.     Адам күніне төрт рет тамақтануы керек. Біз таңғы асты үйден ішіп, мектепке барамыз. Таңғы  аста жеңіл  тағамдардан  ботқа, шайнемесе сүт, май және нан болу керек. Асты асықпай жеу керек. Дастарқан үстінде тамақты тез ішіп, тез жемеу керек. Тамақтану ережелерін сақта... 1. А 2.с 3.а 4.а 5.а 6.с 7.д   Рефлексия:  Сендерге сабақ ұнады ма? Немен? Бағалау: Әр топтан  бір оқушы шығып, ұпайларды санап, жеңімпаз топты белгілейді. Үй жұмысы: Ас, тағам туралы    мақал –мәтелдер  жаттап, мазмұнын түсіндіру.    
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 «Б» сынып

Қазақ тілі

23.10.2014

Мұғалім:Успанова Г.Р.

Сабақтың тақырыбы: Таңғы ,түскі,кешкі тамақ. Септіктер.
Сабақтың түрі - Ашық сабақ
Сабақтың типі - ББД қолдану сабағы
Сабақтың мақсаты: білімділік - септіктің жалғану жолдарын түсіндіру; түскі,таңғы,кешкі ас пен тамақтану ережелері туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту.
тәрбиелік - денсаулықтың кепілі - дұрыс тамақтану, тамақтану ережелерін сақтауға баулу.
дамытушылық - Мәтін мазмұны арқылы ойлау, түсініп оқу, ауызекі сөйлеу, оқушылардың сөздік қорын молайту, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.
Сабақта қолданатын көрнекі құралдар - белсенді тақта, оқулық, жеке тапсырмалар
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру. Кезекші диалогі.

«Миға шабуыл» әдісі.

  • Отбасың туралы не айтасың?.

  • Сенің сүйікті адамдарың бар ма?

  • Отбасыларыңда қандай дәстүр бар?

  • Сенің туып-өскен жерің?

  • Досың туралы не айтар едің?

  • Жақсы көретін тағамың?

2. Ой шақыру. Белсенді тақтада түрлі суреттер(тағамдар мен жеміс-жидек, көкөністер), оқушылар оларды 1 минуттай көріп, тақта өшірілген кезде,дәптерге есте сақталған суреттерді сөзбен жазып шығады. 1 минуттан кейін көп сөз жазған 2-3 оқушы оқиды,сосын белсенді тақтадан айтылмай қалған сөздерді өздері тексеріп шығады.


- Бүгін ,балалар,үш топта жүмыс жасаймыз. Тақтада бағалау парағы.Әр тапсырмадан кейін өз-өздеріңді және екі топ жұмыстарын бағалап отырасыңдар.

3. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Алдын-ала тақырып берілді.

Топтық жұмыс: әр топтан бір жұп диалогпен шығады.

4.Жаңа сабақ.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар,бүгін қандай сабақтың тақырыбы?

  • Дұрыс. Қандай мақсаттар бүгін қоямыз?

Сөздікпен жұмыс

Тақтадан жаңа сөздерді дауыстап оқу.

Тиісті - должен
жарма - крупа

Тосап - варенье

Тәбет ашу - открыть аппетит

Зиянды - вредный

жатар алдында - перед сном

тамактанған жөн - лучше поесть

жұғымды - питательный

болғаны жөн (керек, мүмкін)- должен быть

асықпай - не торопясь

сақтауға тырысамыз - стараемся выполнять

тамақтануы керек - должен питаться

әдетте - как обычно

қатық - простокваша

І топ тапсырмасы:

Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Тыңдалым.
♦ Оқушыларға кезекпен - кезек дауыстап оқыту.
Мәтінді түсініп оқу, мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыру, жауабын басқа топ мүшелерінен алу.
Адам күніне төрт рет тамақтануы керек. Біз таңғы асты үйден ішіп, мектепке барамыз. Таңғы аста жеңіл тағамдардан ботқа, шай немесе сүт, май және нан болу керек. Асты асықпай жеу керек. Дастарқан үстінде тамақты тез ішіп, тез жемеу керек. Тамақтану ережелерін сақтауға тырысамыз.

ІІ топ тапсырмасы:

Мәтінмен жұмыс: Мәтінді түсініп оқу, мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыру
Түскі аста салқын тағам, сұйық, қою тағам және тәтті тағам болуы мүмкін. Сұйық тағамда - борщ, суп, сорпа - еттен, балықтан,саңырауқұлақтан болады. Түскі ас, әдетте, тәтті тағаммен аяқталады. Түскі ас мәзірі: ыстық бірінші тағам - сорпа немесе борщ, екіншіге - ет, балық немесе көкөніс тағамы, үшіншіге - тосап, кисель, шырын. Түскі астың алдында тәбет ашу үшін винегрет, салат жейді.

ІІІ топ тапсырмасы:

Мәтінмен жұмыс: Мәтінді түсініп оқу, мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыру
Кешкі асты жатар алдында жеу зиянды. Сондықтан жатардан 1-2 сағат бұрын жеңіл астармен: сүт, айран, қатықпен тамактанған жөн.
Тағам жұғымды болу үшін оның әр түрлі болғаны жөн. Кешкі ас жеңіл болу керек: картоптан немесе макароннан болған дұрыс.

Сергіту сәті.
- Балалар,қалай ойлайсыңдар, тамақтанудың ережелері бар ма?

Тапсырма: Алдарыңдағы шашылған сөздерден сөйлем құрастырып, тамақтану ережелерін атап шығыңдар. Сосын тақтадан тексереміз.

Тамақтану ережелері:
1. Өз уақытында тамақтану керек.
2. Ас ішер алдында қолыңды жуу керек.
3. Тамақтану кезінде теледидар қарауға, кітап оқуға болмайды.
4. Тағамды асықпай жеу керек.
5. Тамақты көп жемеу керек.
6. Зиянды тамақтарды жемеу.

3. Артығын тап?

Септелген зат есімдер артығы -

тосаппен, тұшпарамен, жармадан

Көптелген зат есімдер артығы - көжелер, жемістер, картоптар

Тәуелденген зат есімдер артығы - ботқам, бөлішкем, наның
Жіктелген зат есімдер артығы - кезекшімін, қасықпын, аспазшымын

-Балалар,біз септік жалғауларын осы тоқсанда қайталадық,бекіттік. Қазір тест арқылы білімдеріңді тексеремін, сосын өздеріңді кілт арқылы тексересіңдер.

Өзін - өзі бақылап, бағалау. (Тест сұрақтарына жауап беру.)

1«Ас» сөзі қай септікте тұрғанын тап

А) А.с. С) Б.с.

В) І.с. Д) Ж.с.

2.Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле

А) Аспазшы С) Аспазшының

В) Аспазшыға Д) Аспазшыға

3.Барыс септігінің сұрағын белгіле

А) Кімге? Неге? Қайда? С) Кімге, Кімді? Нені?

В) Кімдерге? Кімді? Нені? Д) Кіммен? Немен?

4.Табыс септігінің жалғауын белгіле

А) -дан,-ден,-тан,-тен,-нан,-нен С) да, -де, -та, -те

В) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті Д) -мен, -бен, -пен

5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле

А) асханада С) тағаммен

В) ас үйге Д) шайдан

6.Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз

А) асқа С) астан

В) асты Д) аспен

7.Көмектес септігінің сұрақтарын ата

А) Кімнің? Ненің?. С) Кімге? Неге?

В) Кімнен? Неден? Д) Кіммен? Немен?

Жауаптары:

1. А

2.с

3.а

4.а

5.а

6.с

7.д

Рефлексия: Сендерге сабақ ұнады ма? Немен?

Бағалау: Әр топтан бір оқушы шығып, ұпайларды санап, жеңімпаз топты белгілейді.

Үй жұмысы: Ас, тағам туралы мақал -мәтелдер жаттап, мазмұнын түсіндіру.




© 2010-2022