Поурочный план на тему Ө дыбысы (1 класс)

Раздел Другое
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Күні: 01.16ж

Сыныбы: 1 «в», 1 «г»

Пәні: қазақ тілі

Пән мұғалімі: Баттал Г.Т.

Тоқсан: ІІІ
Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ тіліне тән Ө дыбысымен таныстыру. Оның айтылу ерекшеліктерін атап өту және жазылу жолын үйрету.
Дамытушылық: Ө дыбысымен байланысты тапсырмаларды орындау оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Көркемділікке, әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап., интерактивтік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Көрнекіліктер: Ө әрпінің үлкен кеспе түрі. Осы әріппен басталатын заттардың кесте суреттері, кесте. Сюжетті суреттер.
Сабақта меңгеретін сөздер: өзен, көл, өрмекші, өрік, өшіргіш
Техникалық құрал: компьютер, мультимедиялық кешен
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу.
- Сыныпты түгендеу.
1/ Бүгін сыныпта кім кезекші?
2/ Сыныпта кім жоқ?
Сабақтың ұраны: «Бір сөз болса да, дауыстап айт,
Ең бастысы - үнсіз қалма.»
ІІ. Тіл дамыту. Сұрақ - жауап.
- Сенің атың кім?
- Сенің фамилияң кім?
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
- Сен қайда тұрасың?
- Сенің жасың нешеде?
ІІІ. Өткенді қайталау.
- Ә ,Ү,Ұ, І әріптерге басталатын сөздерді еске түсіру
ІУ. Үй жұмысын тексеру.
- өтілген сөздерді қайталау.
Сергіту сәті:
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық,
Басты солға бұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тотырып, бір тұрып.
Біз демалып қалайық.
У. Жаңа сабақ.
1. Жаңа дыбыспен танысу.
Қазақ тіліне Ө дыбыс және оның әрпімен таныстыру.
Орыс тіліндегі кездесетін О әрпінің айырмашылығын түсіндіру.
Ө - жіңішке дауысты дыбыс. Ө - мягкий гласный звук. Ө является мягкой разновидностью звука О. В казахском языке ө употребляется только в первом слоге. Например: өзен, көл, төрт.
1. Көрнекілік бойынша ө әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
2. Сурет бойынша сөздерді оқу.
- Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
- Мұғалім оқиды, оқушылар тізбектеп қайталайды.
2. Жаңа сөздермен жұмыс.
Көл, өзен, өрмекші, өшіргіш, өрік
• Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.
• Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
• Мұғалім оқиды, оқушылар тізбекпен қайталайды.
• Оқушылар сөз тіркестерді құрайды.
3. Теледидар арқылы «Ө» әріп туралы мультфилмді көрсету
4. Сөз тіркестерді құрастыру
1. көл
2. Үлкен көл.
3. Бұрабай - үлкен көл.
1. Не?
2. Қандай көл?
3. Бұрабай қандай көл?

• Мұғалім сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар қайталайды.
• Мұғалім сурет бойынша сөздерді өрбітіп сөйлеп үйретеді, оқушылар қайталайды.
4. Тақпақ. Мультимедиялық кешен арқылы тақпақты оқу.
«Ө» - дегенім,
Өрік.
Өрікті ал теріп!
Өзің ғана жемей,
Өркенге бер бөліп.
Ө әрпі
 Қыз баланың аты -
 Ұл баланың аты -
 Автобустың жүретін жолы -
 Жәндік -
 Жемістің аты -

6. «Жоғалған әріп» ойыны
К ....п , к...л, к...з
Жауабы: көп - много, көл - озеро, көз - глаз.

7. Жазу үлгісі.
1. Ө әрпінің жазылуын үйрету.
2. Оқушылар дәптеріне ө әрпін көркем етіп жазады.

Сабақты бекіту.
1. Ө қандай дыбыс?
2. Ө дыбысына сөздер айту, мысалдар келтіру.

Бағалау.
Жақсы жауап берген оқушыларға жұлдыздарды беру.
Үй жұмысын беру. 35 бет, 1 тапсырма Жаңа сөздерді жаттап келу.

Поурочный план на тему Ө дыбысы (1 класс)

Поурочный план на тему Ө дыбысы (1 класс)

Поурочный план на тему Ө дыбысы (1 класс)

Поурочный план на тему Ө дыбысы (1 класс)



© 2010-2022