Наурыз - берекем, наурыз - мерекем мерекелік бағдарлама

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем!

1-жүргізуші: О,жарандар,жарандар,

Бәрің мұнда қараңдар.

Наурыз тойы басталды,

Теккке қарап тұрмаңдар.

Әуелесін армандар,

Үміті от боп жанғандар.

Бақ дарып, Қызыр қарасын,

Мерекеден қалмаңдар.

2-жүргізуші:

О,жарандар,жарандар,

Тамашадан қалмаңдар,

Құс қанатты көңілмен,

Жер әлемді шарлаңдар

Оятып шың мен асқарды,

Ерітіп мұз бен ақ қарды

Нұрландырған даланы,

Наурыз көктем басталды.

Екі жүргізуші бірге: Наурыз мерекесі баршаңызға құт-береке әкелсін!

1-жүргізуші: Құрметті мерекеге жиналған қонақтар! Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын!

Наурыз-көнеден келе жатқан мейрам.Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мерекесіне айналған.

Наурыз-бақтың бастамасы,жақсылықтың жаршысы,өмірге нұр сыйлаған,халық қастерлейтін күн.

2-жүргізуші: Уа,халайық! Бұл Ұлыстың ұлы күні.Ақ түйенің қарны жарылған күн.Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі.Қар еріп,жер жүзі көктеп,көгеріп,тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ.Бұл ата-бабаларымыз үй-үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн.

1-жүргізуші:

Кел,халайық, халайық

Наурыз тойын тойлайық.

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық-демекші,бүгінгі ауыл тұрғындарына арналып өткелі отырған«Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем!» атты мерекелік думанға қош келдіңіздер!

Наурыз келсе,
Құт келгені халайық
Есік ашып шашу шашып
Ел боп қарсы алайық.
(шашу шашылады)

Шашу шаштық болсын деп аман халқым,

Болған соң мұндай дәстүр жақсы салтым.

Шашуды тер, мол болсын деп несібелі

Келер жылға жетсек деп аман-есен.

Қазақ биімен ашу (қыздар)

(Наурыз кіріп келеді)

Наурыз:

Сәлем-анам алтын Күн

Сәлем қарты халқымның

Уақытыма риза боп

Бақытыма шалқыдым.

«Наурыз қыз» - Ақбота ән айтады.

1-жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні, жаңа жалда наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы Қыдыр баба аралайды екен.

Қош келдің жас Наурыз жылдың басы,
Батаңды бер, жарылқа жыл мырзасы.
Әумин деп қол жайдық әз ақсақал,
Бата сұрап өзіңнен Қыдыр баба!
(ортаға Қыбыр баба шығады.)

Қызыр баба: Ал, халайық.Жарайсыңдар, «Атаның сөзі-ақылдың көзі» дегендей ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Көсегелерің көгерсін, ырысымыз көп болсын деп Наурыз тойына бата берейін. (Бата)

Ассалаумағалейкум!

Кең пейілді қазақ елім!

Кемелденген ғажап елім!

Ұлыс күні құтты болсын!

Ел іргесі мықты болсын!

Бақыт әкеп ұлыс күні,

Баянды боп тыныштығы,

Әнші құстар баққа қонсын!

Алтын табақ аққа толсын!

Бұлт шалмасын ай-күнімді!

Жаңа күнім жадырасын!

Төл көбейіп, жамырасын!

Бағы жанып кәрі-жастың,

Басынан бақ арылмасын!

Орындалып ойларымыз,

Тойға ұлассын тойларымыз!

Аумин!!!

2-жүргізуші: «Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!Ұлыс бақты болсын,төрт түлік ақты болсын» десіп, өткенге салауат айтып, келер күннен береке тілеп, ақ көңіл, адал жүрекпен құшақтарын айқастырып табысатын қасиетті күн - Наурыз мерекесі құтты болсын,ағайын!

(Залға бірін-бірі итеріп қалжыңдасып Қожанасыр мен Алдар көсе шығады)

Қожанасыр: Ассалаумағалейкум,халық!Алдар көсені көрмедіңдер ме? Мені алдап кетті.Қайда жүр екен,ә? Қазір кездессін бәлем! Алдар! Алдар! Қайдасың? Менің жаңа шапанымды алдап киіп кетіпті.

Алдар көсе: Ей,Қожеке,не болды сонша айқайлап.Неге шақырдың? Өзің бердің ғой сол шапанды.

Қожанасыр: Әкел шапанымды.Бер деймін шапанымды.

Алдар көсе: Кешіріңіз Қожеке, келіңіз татуласайық, ренжімеңіз.

Қожанасыр: Татулассақ татуласайық.Тойға құтты болсын айтайық.

Арайы бар даланың,

Амансың ба,Жаңа күн.

Сәлем,халқым, тірегім,

Сендермен бірге жүрегім,

Орындалсын ойларың,

Құтты болсын тойларың!

Алдар көсе:

Сәлем Наурыз күніміз.

Мейман парқын біліңіз.

Қыруар істі бастаймыз,

Қуанышты үніміз.!

Қайтқан емес толайым,

Алдарыңа келіп тұрмын,

Айналайын,ағайын.

1-жүргізуші:

Сәнді көктем-наурыз,

Наурыз тойы жырымыз.

Көңіл гүлдей жайнасын,

Құлпырсын Күн мен Ай,

Құтты болсын Наурыз той! - дей келе, кішкентай Исламның әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, баршаңызды «Наурыздың» дастарханынан дәм татуға шақырамыз!!!!

Бисенғали Ақбота «Дастархан» әнімен. Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымен, шуағымен күн - ана,
Алып кетіп жер бетіне гүл көктем! Енді тамашалайтындарыңыз «Қазақ биі» Қол соғып,қошеметпен қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Наурызым міне келді жайраңдаған,

Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған

Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,

Көктемнің бұл күніне қайран қалам.

Ендеше, көрініс тамашалаңыздар «Қыз ұзату»

1-жүргізуші:

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз жырлағандай ортаға әнші қызымыз Гүлнафистің орындауында «______________________________________________» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Көргенде қуанасың таза ауаны,

Құлаққа естілгенде жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурызым құтты болсын қазақ елі.

Ендігі кезекте 4 класс оқушыларының әзіл көрінісін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші:

Бүгін шаттық,бүгін той,

Жаңғырған дәстүр жарқын ой. Қыздырған Наурыз мейрамы,

Жиналған жастар сауық қой.-деп, ортаға Жандостың орындауында « ____________ _» күйін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Тәуелсіз биік халқымның,

Желбіреп туы шалқысын.

Әз Наурыз келіп еліме,

Жер -Ана бойы балқысын.

Жаңғырар дәстүр-салтымның,

Күзелсін бұлақ жағасы.

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз-жыл басы!- дей келе көрініс тамашалаңыздар «Қазақ хандығы» қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күні жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

Ойын ұйымдастыру

Көрініс жол полицисы 9 класс оқушылары

2-жүргізуші:

Жақсылық жүрегіне жыр еселер,

Биікке шарықтатар киелі өнер.

Наурызың құтты болсын-апа-әкелер!

Наурызың құтты болсын-ата-әжелер!

1-жүргізуші:

Той дегенде қазақтың жаны кірер,

Бағаңды жас білмесе,кәрі білер.

Наурызың құтты болсын нар ағалар,

Наурызың құтты болсын,бар інілер.

2-жүргізуші: Осы айтылғандар,бір алланың құлағына шалынып,періштелер әумин десін.

Ән «Елім менің» Амангелді Жасұланның орындауында

1-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен думанымыз аяқталды.

2 -жүргізуші:

Дастархан халқымның тола берсін,

Бақыт құсы басына қона берсін.

Ұлы тойдың төресі-Наурыз тойы

Жаңа жылдың құт тасы бола берсін.

Ән «Мерекем» орындайтындар Ақбота мен Жандос.

Әр шаңырақ қуанышқа бөленіп,бақытты балалық,құдіретті даналық жайсаң дей келе «Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем!» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Сау-саламатта болыңыздар. Амандықта жүздесейік, халайық!

Мерекемізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директоры Ибрашева Данагүл Дулатқызына береміз.







Қызыр баба:

Ал, халайық.Жарайсыңдар, «Атаның сөзі-ақылдың көзі» дегендей ата салтын ұмытпай, ұлыс тойын өткізіп жатқандарың өте жақсы. Көсегелерің көгерсін, ырысымыз көп болсын деп Наурыз тойына бата берейін. (Бата)

Ассалаумағалейкум!

Кең пейілді Елек елім!

Кемелденген ғажап жерім!

Ұлыс күні құтты болсын!

Ауыл іргесі мықты болсын!

Бақыт әкеп ұлыс күні,

Баянды боп тыныштығы,

Әнші құстар баққа қонсын!

Алтын табақ аққа толсын!

Бұлт шалмасын ай-күнімді!

Жаңа күнім жадырасын!

Төл көбейіп, жамырасын!

Бағы жанып кәрі-жастың,

Басынан бақ арылмасын!

Орындалып ойларымыз,

Тойға ұлассын тойларымыз!

Аумин!



© 2010-2022