Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Тұмыс – салт жырлары

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі: №2 Сыныбы: 5 Пәні: қазақ әдебиеті Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Тұмыс - салт жырлары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тұрмыс - салт жырлары туралы әдеби білім беру.

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, , ОүБ.

Стратегиялық іс әрекет: Ой қозғау».. «топтық бағалау».

Дерек көздер:Оқулық , түрлі түсті стикерлер

Жоспар мазмұны

Мұғалім іс әрекеті

Оқушылардың іс әрекеті

І. Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушыларды психология

лық дайындау.

Өзін -өзі реттеу.

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, амандасу.

Ыстық алақан тренингін ұйымдастыру.

Сәлемдеседі жылы қабақты сезеді.

Бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

- Бүгінгі күніңе сәттілік тілеймін.

- Сабағыңды беске оқы, денің сау болсын.

Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.

Топ ұстанымын құру.

ұлттық құндылыққа байланысты асықты пайдаланып 4 топқа бөлемін

Оқушылар қоржыннан асықтарды алып шағын топтарға бөлінеді, Әр шағын топ бірлесе отырып, өз топ ережелерін құрып, таныстырып, тұстарына іледі

Негізгі бөлім

Қазақ әдебиетінің үлкен бір саласы - тұрмыс - салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды сондықтан да тұрмыс- салт жырлары деп атаған.

Тұмыс - салт жырларында халықтың өзіне тән тұрмысы, тіршілігі салт - дәстүрі сөз болады, төрт түлік мал және басқа жануарлар туралы, наурыздағы, көктемдегі ел қуанышы туралы жырлар айтылады. тұрмыс - салт жырларының түрлері:

  1. Бесік жыры.

  2. Тұсау кесер жыры.

  3. Жар - жар

  4. Той бастар.

  5. Беташар.

  6. Бата-тілек.

  7. Жоқтау.

Тұрмыс- салт жырларының төрт түлік малға, басқа жануарларға арналған түрлері көп.

Оқушылыр тұрмыстық салт жырлармен танысып,күнделікті тұрмыста кездесетіндерін дәлелдейді


1-тапсырма

  1. «Малдың баласын сүюі» атты өлеңді мәнерлеп оқу

  2. «Төрт түлік мал туралы» атты өлеңді тізбектеп оқу

Оқушылар сабақтың мақсатына өз идеяларын қосады.

Сергіту сәті.

3 топқа бір -бірінің артына тұрып арқаларына сурет салады, сол суреттің бейнесін табу керек

Салған суреттерін бір- біріне сыйға тартады

Қорытынды

1.Тұрмыс - салт жырлары дегеніміз не?

2.Оларды неген тұрмыс - салт жырлары деп атаған?

3.Тұмыс - салт жырларының қандай түрлері бар?

4.тұмыс - салт жырларының ең көп тараған түрі қандай?

5.Наурыз жыры дегеніміз не?

Оқушылар топта бірлесе отырып ортақ шешімге келіп , жауап береді

Бағалау.

(мадақтау сөздері арқылы бағалаймын)

Әр шағын топ сарапшылары өз топ мүшелеріне баға берді.

Үйге тапсырма

1.Тұрмыс - салт жырлары туралы түсінік.

2.«Малдың баласын сүюі» атты өлеңді жаттау

3.Төрт түлік мал, жан - жануарлар, табиғат құбылыстары туралы жырларды оқу.

Рефлексия.

Оқушыларға жасыл, қызғылт түсті стикерлер таратады.

- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

- Нені үйрендіңдер?

- Шағын топта жұмыс жасау сіздерге ұнады ма?

Оқушылар стикерлерге

- Бүгінгі сабақтан қандай әсер жазады.

- Нені үйренгендерін

- Шағын топта жұмыс жасау ұнады ма? деген сауалдар төңірегінде ішкі сезімдерін жазады.




© 2010-2022