Жыл мұғалімі конкурсында өз өнері Ас мәзірі бағдарламасының ізімен

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ас мәзірі» бағдарламасы

Жүргізіші:-Армысыздар, құрметті теле көрермендер! Әдеттегідей сіздермен бірге «Ас мәзірі» бағдарламасы және мен Баянова Камшат.

Бүгін біздің студиямыздың қонағы М. Арын атындағы ҚҚОМ-нің математика пәнінің мұғалімі Назгүл Қаршығақызын ортаға шақырамыз.

Саламатсыз ба, Назгүл ханым. Студиямызға қош келдіңіз.

Назгүл: -Саламатсыз ба.

Жүргізуші: - Сіз математика пәнінің мұғалімісіз, есеп шығаруды жақсы көретініңізді, жақсы ұстаз екеніңізді білеміз. Сондай-ақ сіз тортты өте дәмді дайындайды деп естідік, бұл қаншалықты рас.

Назгүл: -Ия, мен есеп шығарумен қоса торт дайындауды жақсы көремін, торт дайындаудың шеберімін десем де болады.

Жүргізуші: - Бүгін біздің бағдарламамызға қандай торт әкелдіңіз?

Назгүл: - Өз мамандығымды қатты сүйетіндіктен «Математика-ғылымдар патшасы» деген торт дайындап әкелдім.

Жүргізуші: Өте дәмді көрінеді. Сізге ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу жеңіл ме, әлде торт дайындау ма?

Назгүл: Ұстаз болу да, торт дайындау да бірдей жауапкершілікті жұмыс деп есептеймін. Себебі, торттың дәмді сұранысқа ие болуы үшін құрамы мен оны жасаудың әдіс-тәсілдері математикадағыдай дәлдікті, әрі нақтылықты қажет етеді. Себебі тортты дайындауда біз бір затын ұмыт қалдырсақ, немесе ретін сақтамасақ торттың дәмі бұзылады. Бала тәрбиелеуде де бір нәрсені назардан тыс қалдырсақ, ол да дәмсіз торт секілді өз қадір қасиетін жоғалтады.

Жүргізуші: - Торттың құрамы туралы, оны қалай дайындадыңыз сол туралы айта кетсеңіз.

Назгүл: Әрбір әйел адам өз дастарханының қожайыны. Қонақ шақыру ежелгі салтымыз. Дастарханның сәнін келтіретін бірден-бір тағам ол-торт. Дүкенге барып торт сатып аларда қарасаңыз бәрі де әп-әдемі көздің жауын алады, қайсысын таңдарын білмей абыржып қаласыз. Бірақ маңыздысы оның сыртқы түрі емес, әрине дәмі, құрамы, сапасы.

Бала да торт секілді әп-әдемі, алайда балаларымыздың дені сау, білімді, тәрбиелі жеке тұлға болып қалыптасуы үшін, елімізге қажетті үлкен сұранысқа ие маман болуы біздің берген білімімізге, тәрбиемізге байланысты болмақ. Мен бұл тортты дайындау үшін ...

Жыл мұғалімі конкурсында өз өнері Ас мәзірі бағдарламасының ізіменАл осы тортты дайындау үшін, бәрін біріктіру үшін жаңа заман техникасы миксерді пайдалансақ, балаға да сапалы білім беруде жаңа технологияны пайдаланудың маңызы зор. Тортты дайындадық, алайда тортты біріктіру үшін, әсемдеу үшін кремін дайындаймыз. Оған 1 ст қаймақ, 1 ст шекер, 1 пачка ванилин қажет. Балаға білім мен тәрбие бердік, киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады демекші, оларды бірлікке, өнерге, әсемдікке баулуымыз қажет.

Жүргізуші: Тамаша, сіз торт дайындаудың ғана шебері емес, шебер ұстаз екеніңізді де дәлелдедіңіз. Сіздей ұстаздар барда балаларымыздың болашағына алаңдамасақ болады екен. Еңбегіңіз жана берсін.

Назгүл: Өн бойымда ән мен биден өнер жоқ,

Басқа өнердің бәрі дағы табылар.

Өз қолыммен дайындадым дәмді торт,

Ұсынамын дәм татыңыз алыңдар!

Жүргізуші: - Астарыңыз дәмді болсын! Келесі жетіде кездескенше сау-саламатта болыңыз.

© 2010-2022