• Преподавателю
  • Другое
  • Сабақтың тақырыбы: «Артына өлмейтұғын сөз қалдырғын Сәкен мен Сырбай аталарымыз»

Сабақтың тақырыбы: «Артына өлмейтұғын сөз қалдырғын Сәкен мен Сырбай аталарымыз»

Сабақтың тақырыбы: «Артына өлмейтұғын сөз қалдырғын Сәкен мен Сырбай аталарымыз»(Сәкен Сейфуллин мұражайында өткізілген жанды сабақтың жоспары)Сабақтың мақсаты: Сәкен Сейфуллин мен Сырбай Мәуленовтің өлеңдерін шәкірт жүрегіне ұялату, ақын өмірі мен шығармашылығына рухани ықпал ету. Мемлекеттік тілді қастерлеуге, оқушыларды білімге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.І – жүргізуші.Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!Өлімге жан екенсің қия алмайтын,Өлеңнің құшағына с...
Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Астана қаласы

Сырбай Мәуленов атындағы

№37 орта мектептің

орыс сыныптарындағы

қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі

Шапиева Жұлдыз Жұмашевна

Сабақтың тақырыбы: «Артына өлмейтұғын сөз қалдырғын

Сәкен мен Сырбай аталарымыз»

(Сәкен Сейфуллин мұражайында өткізілген жанды сабақтың жоспары)

Сабақтың мақсаты: Сәкен Сейфуллин мен Сырбай Мәуленовтің өлеңдерін шәкірт жүрегіне ұялату, ақын өмірі мен шығармашылығына рухани ықпал ету. Мемлекеттік тілді қастерлеуге, оқушыларды білімге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

І - жүргізуші.

Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Өлімге жан екенсің қия алмайтын,

Өлеңнің құшағына сия алмайтын.

Қазақты көргің келсе, міне, осы

Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын, - деп ақын Сырбай Мәуленов жырлағандай Сәкен Сейфуллин мұражайында өткізілгелі отырған мерекемізге қош келдіңіздер!

ІІ - жүргізуші.

Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп оқушылары сіздердің алдарыңызда өз өнерлерін көрсетпекші. Бұл мектеп оқушылары Сырбай атамыздың атымен аталатын мектепте оқитындарын мақтанышпен айтады.

Сырбай Мәуленов

Қазақ халқы үшін аяулы да ардақты есім. Әдебиетіміздің алып бәйтерегі, соғыстың от - жалынынан өткен майдангер ақын. Сыршыл лирик. Өлең Сырбай ақынның өміріне айналды.

І - жүргізуші.

Туған жерім, ыстықсың сен біртүрлі,

Бәрі таныс, бәрі маған сүйкімді,

Өзеніңмен бердің маған күлкіңді,

Өлеңіңді бердің маған мың тілді,

Туған жерім, ыстықсың сен біртүрлі.

ІІ - жүргізуші.

Сәкен туған жерін, өскен елін шын сүйген, ұлағатты болған, халқымыздың көзін ашып, көкірегін оятуға жанын салған жалынды жан. Өз халқының сауаттылығы, білім - ғылым жолына ұмтылуы, әдебиетті, мәдениетті басқа елдермен терезесі тең деңгейге көтерілуі үшін еткен еңбегі ұлан - ғайыр.

І - жүргізуші.

Сырбай Мәуленов 1922 жылы 17 қыркүйекте қазіргі Қызылорда облысы жерінде дүниеге келеді.

ІІ - жүргізуші.

Сырбай Мәуленов өзінің туған жері, жарық дүниеге келуі жайында былай депті: «Сол жылы біздің үй Торғайдан толқындай төңкеріліп, Қызылжыңғыл құлаған екен. Атымды Сыр бойында туды деп Сырбай қойыпты.

І - жүргізуші.

Шілдеханамда Торғайдан Сарысу өзеніне жекжаттарын сағалап келген Тосынбайдың Әлиі деген ауыл ақыны батырлар жырын толғапты. Сөйтіп, менің құлағым өлеңнің азанымен ашылыпты.»

ІІ - жүргізуші.

Ақын: «Балалық балғын кезім, жасөспірім өрімтал шағым Қызылорда құшағында өтті. Алғашқы өлең жолдары да сыр бойында пайда бола бастады. Қызылорда пединститутында оқып жүрген кезімде, жас жырларым облыстық газет беттерінде жарияланды», - дейді.

І - жүргізуші.

Жанымды жырға толтырған,

Жасымнан маған Сыр ыстық.

Тулаған асау толқыннан,

Тапқандай болғам туыстық, - деп қашан көз жұмғанша Сырды жырлап өтуіне жастық шақта ақын көңілге терең ұялаған шынайы сезімнің табиғи сыры бар.

ІІ - жүргізуші.

Жас ақын өзі сұранып майданға аттанады. Өлең, жырларында жиі айтылатын Волхов майданында лейтенант шенінде соғысқа кіреді. Рота командирінің саяси бөлім жөніндегі орынбасары болады.

І - жүргізуші.

Майданда оқ пен оттың өтінде жүрген ақын ерте есейеді. Көңіл күйін поэзияға көшіріп, жас ақын жалындап өлең жазады.

Мен емес пе ем сондағы

Он тоғыз жас жолдағы

Мен емес пе ем сондағы

Жанған Волхов орманы -

секілді өлеңдерде ақын осындай өмір мен өлім арасында арпалыста кешкен отты кешу, жаралы жастық шағынан сыр шертеді.

ІІ - жүргізуші.

Ақынның тұңғыш кітабы «Өлеңдер жинағы» деген атпен 1948 жылы жарық көреді. Іле - шала ақынның «Дала дабылы» (1949), «Жасыл орман» (1950) аталатын жыр жинақтары бірінен кейін бірі жарық көреді. Сырбай Мәуленовтің ақын атағы дүркірей шықты. Ақынның әдебиетке жолы осылай басталды.

І - жүргізуші.

Өмірінің ақырына дейін Алматыда тіршілік етті. Ақын 1993 жылы 13 ақпан күні қайтыс болды. Шын дарынға өлім жоқ. Ақын жарық дүниеден кеткелі де халқы дүркін - дүркін жыр жинақтарын шығарды. Азаматтық, ақындық тұлғасын көп болып мүсіндеген естелік кітабын бастырды. Ақынның әдеби - шығармашылық өмірі осылай жалғасып, келер ұрпаққа ұласып кетіп барады.



Сырбай Мәуленовтің өлеңдерінен ...

1 - оқушы.

Бабамнан қалған мұра бар

Бабамнан қалған мұра бар:

Ол - мынау жатқан төбелер,

Ол -мынау жатқан жыралар,

Әжімді аспан, көне жер.

Бабамнан қалған асыл бар:

Ол - мынау жатқан көк көлдер,

Ол - мынау жатқан асулар,

Ол - мынау жатқан өткелдер.

Бабамнан қалған байлық бар,

Шетіне жұрттар,

Ол - ару қыз, жайсаң жігіттер.

2 - оқушы.

Фаризаға.

Жайнады жыр отыменен

Бүгінгі өмір баба аңызы.

Шетелдерде оқыды өлең

Қазағымның қара қызы.

Ұялаған ар туындай

Келбетінде дала жүзі

Жазғы жасын жарқылындай

Сорғалаған қалам ізі.

Толқынының құйған жырын

Атыраудың өр теңізі

Ие болды сыйға бүгін

Музаның бір ерке қызы.

3 - оқушы.

Сүрініп майып болса да

Табаны тайып тасына

Құмартады адам соншама

Шығуға шыңның басына.

Көк толқын күнге ұрса да,

Жартастың мұңсыз жоқ күні.

Ажалдың аузында тұрса да

Сұлу көрінеді от тілі.

4 - оқушы.

Жаратылыс - жас ана

Туған жер менің ырысым

Туған жер менің тынысым.

Орманы, тауы, көлдері

Жағалай менің туысым.

Даласы дарқан анадай,

Еркелеймін баладай.

Көлдері туған жеңгедей,

Белдері туған ағадай.

Гүлдері қарындасымдай

Үлбіреп тұрған иіліп.

Бәрі де бауырласымдай

Соларға жүрем сүйініп.

5 - оқушы.

Мекен еткен көп сері

Сағынамын Көкшені.

Көз алдымнан өтеді

Тал қайыңы, көк шөбі.

Қарағайы жебедей,

Көк шоқысы кемедей.

Көгі мұнар жап -жасыл,

Көлі теңіз телегей.

Бабалардай баяғы

Алақаны аялы.

Көк орманы жұпармен

Көкіректі шаяды.

Жастық шағың өтсе де,

Кәрілікке жетсе де.

Бауырында жүгірген

Баладайсың Көкшеге.

6- оқушы.

Аңсаймын алыс өлкемді

Азғана уақыт бармасам.

Қып - қызыл бұлттай ертеңгі

Жанбады лаулап жан қашан.

Боратып қарды қырда жел

Тұрса да долы қыс қоршап.

Бәрібір сенен туған жер

Кетпейміз біздер құс болсақ.

7 - оқушы.

Көп жылдан соң оралып,

Сағынып бардым ауылға.

Жолықты қайран балалық,

Ақ ұлпа құмды адырда.

Жолықты судың бойында,

Су бойы нәзік гүл екен.

Алған соң қанып ойынға,

Сүйеніп талға тұр екен.

Әдетінше ол бұрынғы,

Желіге байлап құлынды.

Құдықтың мөлір суына,

Рахаттанып жуынды.

Ойнаған мөлдір сағымда,

Ақбұлақ болып кәусарлы.

Балалық шағым ауылда,

Қайтадан мені қарсы алды.

Сәкен Сейфуллин өлеңдерінен ...

8 - оқушы.

«Оқжетпес», «Бурабайдың» жағасында,

Күн батыс тауға кірген сағасында.

Басында кептер кебін қыз жырлаған,

Аңғал құз, көлдің жиек тағасында.

«Бурабай» таудың шұңғыл шарасында,

Әлгі құз «Оқжетпес» пен арасында.

Ұлылы - кішілі боп көлге төнген,

Өңкей құз күміс көлге жарасымда!

«Оқжетпес» кербез сұлу боянбаған,

Керіліп, кернеу тартып оянбаған.

Айнаға алдындағы мәңгі қарап.

Өзінің көркіне өзі тоя алмаған.

9 - оқушы.

Мен келем тау ішінде түнделетіп

Аймақты күңірентіп өлеңдетіп.

Астымда ақ боз атым сылаң сағым

Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп.

Ақ боз ат менің тұлпарым

Шалқыған көңіл сұңқарым.

Көкірек керіп жұттым мен

Ауаның жазғы жұпарын.

10 - оқушы.

Шалқыған біздің жақтың көлдері бар

Ағашты биік таулы жерлері бар.

Өзен, су, көлдер жайнап, тау қыстайтын

Меймандос берекелі елдері бар.

11 - оқушы.

Туғалы қапас көрмеген

Көкіректе кектер кернеген.

Талпынып құлаш сермеген

Айтайын ішкі сырымды.

Қайырымды қалың елім бар,

Сарыарқа сары белі бар.

Өрісті шалқар көлі бар

Сағындым мен қырымды.

12 - оқушы.

Әлди, әлди ақ бөпем

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама, бөпем, жылама

Жілік шағып берейін.

Қартайғанда күтетін

Әкесі мен шешесін.

Қандай жігіт өскенде

Болар екен бөпешім.

Жаным менің өскенде

Көсем болар ма екенсің?

Тақылдаған таңдайы

Кере қарыс маңдайы

Алмас тілді немесе

Шешен болар ма екенсің?..

Келесі сөз кезегі осы мұражайдың директорына, экскурсия жетекшісіне беріледі.

Назарларыңызға рахмет!



© 2010-2022