Ашық сабақ М. Мақатаев Қарттарды сүйем

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Қарттарды сүйем»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ақынның өмірі, шығармашылығын айта отырып, өлеңнің негізгі идеясы - қарттар, олардың шежіре, дана, ақылды екенін ұғындыру.

Оқушылардың мәнерлеп оқуға деген ниет-ынтасын дамыту, тіл бай-лығын арттыру.

Қарттарды құрметтеуге, мейірімді, қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үйге берілген тапсырма

  1. «Қайран, Қарасазым-ай» өлеңін оқып, ұнаған шумақты жаттау.

  2. «Табиғат - алтын бесік» өлең мәтіні бойынша сурет салу.

Психологиялық дайындық

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан - жағым.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ақ сүт берген ананың

Балада хақы көп болар.

Ана деген мейірлі,

Сыйлай гөр, балам, анаңды.

Ата деген қадірлі,

Сыйлай гөр балам атаңды.


  • Біз бүгін М.Мақатаевтың « Қарттарды сүйем» өлеңімен танысамыз.

Дүниеге келер бір рет,

Дария кеуде тау мүсін.

Құрыштан құйған құдірет -

Қарттарым аман саумысың?!

Өздерің болсаң жанымда,

Ел іші жомарт еңселі

Дән иісі жүрген қанымда,

Даламның бір - бір бөлшегі.

Сағынып талай жыр туар,

Оралар әлі - ақ сан жыршы.

Даламның иісі бұрқырап,

Қарттарым, аман - сау жүрші.

Сергіту минуты

  • 1-қазан «қарттар күні» екендігін білеміз бе?

  • Өлеңге сүйене отырып «қарт» сөзінің мағынасына жуық сөздерді айтайықшы.

  • Балалар өздеріңнің ата-әжелерің туралы әңгімелеңдер.

  • Енді осы өзіміздің ата - әжелерімізге « Тілек хат» жазайықшы.

Қорытынды:

Үлкенді сыйлау, оларға қызмет көрсету ата - бабадан келе жатқан салтымыз.

Олардың өмірі біз үшін үлкен өнеге. Ұлы Отан соғысында елімізді қорғады. Сен-дердің осындай білім алып оқуларыңа олардың қосқан үлесі зор. Сондықтан да үл-кен кісілерді құрметтеп жүруіміз керек.

Ән: М. Мақатаев « Қариялар азайып бара жатыр»

Үйге тапсырма:

  1. М.Мақатаевтың «Қарттарды сүйем» өлеңін жаттау.

  2. Ата - әжелерің туралы өлең шығару.


















© 2010-2022