Қазақ әдебиеті С. Торайғыров «Бір адамға» өлеңі

Раздел Другое
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров (1893-1920 )«Бір адамға» өлеңі

Сабақтың мақсаты

а) ақын өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларға өлең мазмұнын меңгерту.

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,

Сабақтың көрнекілігі: сызбалары,кестелері, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Cұлтанмахмұт 1893 жылы 28 қазан күні Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келеді. Балалық,жастық шағы Баянауылда өтеді. Арғы атасы Торайғыр би болған, шешендігімен әділдігімен ел арасында аты аңызға айналған. Өз заманының ірі тұлғасы болған. Мұқан,Тортай деген молдалардын сауатын ашады.

Ақын 27 жасында 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастан қаза табады.

Тірек сызбамен жұмыс:

өлеңдері

поэмалары

прозасы

«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»

«Анау-мынау», «Жарлау», «Бір адамға», «Бұлар кім?» т.б

«Адасқан өмір»,

«Кедей»,

«Айтыс»,

«Қайғы»,

«Қамар сұлу»,

«Кім жазықты?»

«Ауырмай есімнен жаңылғаным»

С.Торайғыровтың шығармаларына назар салып зерттеген жазушы Ж.Аймауытов, ғалымдар Б.Кенжебаев,Ғ.Ахмедов А.Еспенбетов т.б

Ой қозғау. «Бір адамға» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Сұрақ. Шорманның Садуақасы шен-шекпенді кімнен не үшін алды? Қалай жинады? Әлеуметтік теңсіздікті ашу.

Ой дамыту. Мәтін бойынша жұмыс.

1.Осы өлеңде оқиға бар ма, әлде ақынның көңіл-күйі сезімі бар ма?

2.Неше адам қатысып отыр? Мұнда шал сөзі бар, ол кім атынан баяндалады. Сосын ақынның ішкі ойы,монологы берілген.

3.Ирония дегенді түсіндіру. Бір қарағанда мақтау сияқты көрінгенмен,астарында зілді кекесін,мысқыл, әжуа жататын астарлы ойды ирония ,- дейміз.

Мәтіннен иронияны тауып оқыту. Екі-үш шумақ.

4.Ащы мысқылмен, зілді кекесінмен ашық түрде күлкі ете суреттеуді сатира,- дейміз. Соңғы үш шумағы. Сатиралық ойды табу.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1.С.Торайғыровтың қандай поэмаларын білесіңдер?

2. Ақынның қандай өлеңдерімен таныс едік?

3. Сұлтанмахмұттың ұстаздары кімдер?

Білімді бағалау: Оқушылырдың білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: «Бір адамға» өлеңін жаттау.

© 2010-2022