Не? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№9 кәсіптік лицей


БЕКІТЕМІН

Директордың ОӨЖЖ орынбасары

Т.Мисюрина

2010 жылғы «___» _____________









Не? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысы


интелектуалдық сайысы










Дайындаған: Оспанов С.С.




Жәнібек ауылы - 2010 ж


Тақырыбы: «Не? Қайда? Қашан?»

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың арнайы пәндерден алған білім деңгейін тексеру,

мамандықтарын сүйюге баулу.

Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен және топта жұмыс істеу қабілетін,

логикалық ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: оқушылар арасындағы достықты, бір-біріне ақыл қосып көмекке

келуді, болашақ фермер мамандығын терең игерту.

Сабақтың түрі: Интелектуалдық сайыс

Көрнекілігі: ойын барабаны, музыкалық аппаратура, табло, ауылшаруашылық

өндірісінің шебері (фермер) мамандығы бойынша оқытылатын

пәндерден мамандардың бейне сұрақтар

Техникалық оқыту құралы: видеокамера, фотоаппарат, мультимедиалық аппарат,

экран, компьютер,

Сабақ жүргізу әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап, диалог, пікір-талас.

Пәнаралық байланыс:

  • «Автокөліктер мен тракторлар құрылысы және оларға техникалық қызмет көрсету»,

  • «Жолда жүру ережелері»,

  • «Қозғалыс қауіпсіздігі және автотранспорт құқығының негіздері»

  • «Ауылшаруашылық машиналары»

  • «Агрономия негіздері»

  • «Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы шаралар»

  • «Мал шаруашылығы»

  • «Ветеринария негіздері»

  • «Электротехника» пәндері


Өту барысы:

  1. Ойын ережесімен таныстыру.

  2. Сарапшылармен және командалардың құрамымен таныстыру, әр ойыншыға мінездеме беру.

  3. Ойын барысы

  4. Қорытындылау. Жеңген команданы анықтау

  1. Ойын ережесі:

«Не? Қайда? Қашан?» интелектуалдық сайысының ережесі төмендегідей: Ойынға «Ақылдылар» мен «Телекөрермендер» командалары қатысады. «Ақылдылар» командасы құрамында «Ауылшаруашылық өндірісі шебері (фермер)» мамандығы бойынша білім алатын топтардан іріктелген оқушылар (6 оқушы), ал «Телекөрермендер» командасы құрамында фермер мамадығына қатысы бар мұғалімдер мен кәсіби мамандар, сала қызметкерлері (10 адам). Жүргізуші сарапшылар алқасымен таныстырады. Олар осы фермер мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар мамандар. Сарапшылар ойын барысын қадағалап отырады. «Ақылдылар» командасының капитаны ортада орналасқан ойын барабанын айналдырады, ал барабанның үстінде әр телекөрермен туралы мәліметтер жазылған конверттер қойылады. Ойын барабанының стрелкасы түскен конверт ашылады, ішіндегі сұрақ қоюшының аты-жөні оқылады. Осы кезде жүргізуші «Ақылдылар» командасы капитанынан өз командасының сұрақты тыңдауға әзірлігін сұрайды. Олар дайын болғанда, мультимедиалық проектордан қабырғадағы экранға бейне сұрақ көрсетіледі. Сұрақ тыңдалғаннан кейін, сұрақтың бағасын сарапшылар алқасы белгілейді (теңгемен), ойлануға бір минут уақыт беріледі. «Ақылдылар» командасы дөңгелек үстелде осы уақыт ішінде ойланып, дұрыс жауабын талқылауы тиіс. Бір минут уақыттан кейін жүргізуші «Ақылдылар» командасының капитанынан сұраққа жауап беретін ойыншының аты-жөнін айтуын сұрайды. Жауапты команданың кез-келген бір ойыншысы айтады. Нақты жауап айтылғаннан кейін, экраннан сұрақ қоюшы кәсіби маман өз сұрағының дұрыс жауабын жариялайды. Егер сұрақтың дұрыс жауабы «Ақылдылар» берген жауаппен сәйкес келетін болса, бір балл «Ақылдылар» командасына беріледі, ал егер сәйкес келмеген жағдайда бір балл «Телекөрермендер» қанжығасына кетеді, сұраққа белгіленген қаржы дұрыс жауабын берген «Ақылдылар» командасына немесе сұрақ қоюшыға беріледі. «Ақылдылар» командасының бір ғана жеңілдігі бар. Сұрақ жауабын таба алмаған жағдайда көмекке бір маманды шақырады. Егер сұрақ жауабы толық емес немесе нақты берілмеген жағдайда, төрелікті сарапшылар айтады. Ойынға 10 бейне сұрақ берілген, егер есеп 5:5 аяқталатын болса, қорытынды 11 сұрақ қойылады.

2. Сарапшылармен және командалардың құрамымен таныстыру, әр ойыншыға мінездеме беру.

СНе? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысыарапшылар алқасына осы сала бойынша қызмет атқарып жүргендер, жұмыс тәжірибесі бар тәжірибелі мамандар шақырылды. Олар:

1) №9 кәсіптік лицей директорының өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Т.В.Мисюрина.

2) №9 кәсіптік лицей әдіскері Г.Қ.Есмұхамбетова

3) №9 кәсіптік лицей директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары - Б.Ғ.Сахитова


«Ақылдылар» командасы:

«Ақылдылар» командасының құрамында 6 оқушы бар. Команда «Ауылшаруашылық өндірісінің шебері» мамандығы бойынша білім алатын топтардың оқушыларынан құралған. Үшеуі - ІІІ курс білікілігі «Тракторист-машинист, В және С санатты автокөлік жүргізушісі, слесарь-жөндеуші», ал қалған үшеуі - ІУ курс біліктілігі «В және С санатты автокөлік жүргізушісі» оқушылары.

Команда капитаны Амиров Абылай 3 «А» топ оқушысы. Сабақ үлгерімі жақсы, лицей екпінділері қатарында, ЖЖЕ және тракторлар мен автокөліктер құрылысы мен ТҚК пәндерін жақсы көреді, сүйікті ісі «Көңілді тапқырлар клубында» өнерін көрсету, кроссворд шешу, лицей волейбол құрамасының мүшесі, қолы бос уақытында әкесіне автомобиль жөндеуге көмектеседі, арманы болашақта - Қазақстандық автокөлік жасап шығару. Оқушылар арасында сыйлы, беделге ие.

Команда мүшелері:

Тайгенжин Сағыныш 3 «А» топ оқушысы. Сабақ үлгерімі жақсы, лицей екпінділері қатарында, ЖЖЕ және тракторлар мен автокөліктер құрылысы мен ТҚК пәндерін жақсы көреді, сүйікті ісі өлең айту, лицей волейбол құрамасының мүшесі, қолы бос уақытында анасына көмектеседі, арманы болашақта - ГАЙ қызметкері болу.

Молдашев Оралбек 3 «А» топ оқушысы. Сабақ үлгерімі жақсы, лицей екпінділері қатарында, ЖЖЕ және тракторлар мен автокөліктер құрылысы мен ТҚК пәндерін жақсы көреді, сүйікті ісі сурет салу, қолы бос уақытында кітап оқығанды жақсы көреді, арманы - ұшқыш болу.

Абатов Сайран 4 «В» топ оқушысы. Сабақ үлгерімі жақсы, лицей екпінділері қатарында, ЖЖЕ, Қозғалыс қауіпсіздігі және автотранспорт құқығының негіздері және Автокөліктер құрылысы мен ТҚК пәндерін жақсы көреді, сүйікті ісі газет-журнал, ғылыми кітаптар оқу, 1 ұл және 1 қыз тәрбиелеуде.

Нигметов Арман 4 «В» топ оқушысы. Сабақ үлгерімі жақсы, ЖЖЕ, Қозғалыс қауіпсіздігі және автотранспорт құқығының негіздері және Автокөліктер құрылысы мен ТҚК пәндерін жақсы көреді, сүйікті ісі шахмат ойынын ойнау, арманы жеке шаруақожалық иесі фермер болу.

Карин Арман 4 «В» топ оқушысы. Сабақ үлгерімі жақсы, ЖЖЕ, Қозғалыс қауіпсіздігі және автотранспорт құқығының негіздері және Автокөліктер құрылысы мен ТҚК пәндерін жақсы көреді, сүйікті ісі тоғызқұмалақ ойынын ойнау, арманы инженер болу.

Телекөремендер командасы:

Абдгалиев Асхат Кенжеболатұлы - жоғары білімді ветеринар маман. Жәнібек аудандық, аумақтық инспекциясының ветеринары.

Атошев Шайдолла Ғайнушұлы - Жәнібек аудандық, аумақтық инспекциясының мемлекеттік техникалық инженер инспекторы.

Ашекенова Мағрипа Жамаловна - №9 кәсіптік лицейдің І санатты арнайы пәндер оқытушысы.

Джуманиязов Нұрхат №9 кәсіптік лицейдің өндірістік оқыту шебері.

Есмұхамбетова Гүлжан Қожанқызы - №9 кәсіптік лицей әдіскері, жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы

Құрманғалиев Серік Темірболатұлы - №9 кәсіптік лицейдің 1санатты арнайы пәндер оқытушысы

Махашев Карл Батырұлы - 1970-1982 жж. училище директоры, зейнеткер.

Телагисов Иосиф Кадырбайұлы - 1985-1988 жж. № 9 СПТУ- дың арнайы пәндер оқытушысы, ҚР ауылшаруашылық министрлігінің БҚО Жәнібек аудандық бөлімшесінің жетекші инженері.

Ойын барысы:

Жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар, қадырлі қонақтар және те бүгінгі сайысқа қатысушылар! Бүгін біз «Ауылшаруашылық өндірісінің шебері» мамандығы апталығының соңғы шарасына жиналып отырмыз!

«Не? Қайда? Қашан?» интелектуалдық сайысына қош келдіңіздер! Бұл сайысты барлығымыз теледидирдан көріп жүрміз. Апталық фермер мамандығына тиесілі болғандықтан, осы мамандық бойынша білім беретін ұстаздарды және білім алатын алатын оқушыларды құттықтаймын! Ойынға екі команда қатысады. Лицейіміздің фермер мамандығы бойынша білім алатын топтарынан іріктелген «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып шыққан, оқу үлгерімі жақсы, лицейішілік шараларға белсене қатынасатын оқушыларынан жинақталған «Ақылдылар» командасы. Ал екінші команда «Телекөрермендер» командасы құрамында фермер мамадығына қатысы бар мұғалімдер мен кәсіби мамандар, сала қызметкерлері.

Әрі қарай жүргізуші көрермендерді сарапшылармен, екі команда құрамымен таныстырып, оларға мінездеме береді. Ойын тәртібін түсіндіреді. Ойын басталғанда ойын барабаны стрелкасы түскен конверт ашылып, ішіндегі сұрақ қоюшының аты-жөні оқылады.

Жүргізуші: Ең алғаш сұрақты қоюшы 1970-1982 жж. училище директоры қызметін атқарған, қазіргі кезде зейнеткер Махашев Карл Батырұлы. Абылай мырза! Сіздің командаңыз сұрақты тыңдауға әзір ме?

Абылай: Командамыз дайын!

Жүргізуші: Ендеше экранға назар аударайық!

1Не? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысы - бейне сұрақ Махашев Карл Батырұлы: Құрметті «Не? Қайда? Қашан?» интелектуалдық сайысына қатысушылар! Сіздерге сұрақты «Транспорт құралдары құрылысынан» қойғым келеді. Жеңіл автомобильдер двигателінің жұмыс көлеміне байланысты бөлінеді, ал жүк автомобильдері толық салмағына қарай бөлінеді.

Енді сұрақ: Автобустар қалай түрлерге бөлінеді?

Жүргізуші сарапшылардан сұрақтың бағасын сұрайды. Оның бағасы 400 теңге. Сайысқа қатысушы «Ақылдылар» командасына 1 минут уақыт ойлануға беріледі.

Не? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысыЖүргізуші: Абылай мырза сіздерге ойлануға берілген уақыт тамамдалды. Енді осы сұраққа кім жауап береді?

Абылай: Бұл сұраққа жауапты Сағыныш береді.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер. Карл ағамыздың сұрағына команда ойыншысы Сағыныш мырза жауап береді! Назарымыз сізде!

Сағыныш: Біздің шешімімізге орай автобустар дизельді және карбюраторлы болып бөлінеді!

Жүргізуші: Бұл сіздің соңғы әрі нақты

жауабыңыз ба?

Сағыныш: Ия

Жүргізуші: Ендеше экранға назар аударайық!

1 - бейне сұрақтың жауабы:

Махашев Карл Батырұлы: Сұрақтың дұрыс жауабы - Автобустар ұзындығына байланысты бөлінеді.

Жүргізуші: Абылай мырза, өкінішке орай сіздің жауабыңызды біз қабылдай алмаймыз! 1 балл телекөрермендер ұпайына кетеді. Есеп 1:0 Ал тігілген 400 теңге сұрақ қоюшыға кетеді. Абылай мырза командаңыз жеңілістен бастады, ендігі сұраққа дұрыстап әзірленіңіз.

Ойын барабаны айналдырылады. Екінші болып сұрақ қоюға Абдгалиев Асхат Кенжеболатұлы, ветеринар маман қояды.

2Не? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысы - бейне сұрақ Абдгалиев Асхат Кежеболатұлы: Құрметті «Не? Қайда? Қашан?» интелектуалдық сайысына қатысушылар! Сіздерге қоятын сұрағым «Мал дәрігерлігі» пәнінен. Бұл ең зұлым аурулардың бірі. Онымен ірі қара, шошқа, жылқы және басқа да кейбір хайуанаттар ауырады. Аурудың ерекшелігі жасырын түрде ұзаққа созылады. Ауырған мал іш тастап тұқым беру қабілетінен айырылады. Ауруды тұңғыш рет Мальта аралында ағылшын дәрігері тапқан. Өкінішке орай адамға да жұғады. Адамның бұлшық еттері мен буындары әлсірейді, қызуы көтеріліп, жұмысқа қабілеті келмейді. Аурудың екінші аты - инфекциялық іш тастау. Сұрақ: Бұл қай ауру?

Сарапшылар сұрақты 300 теңгеге бағалады. Ойлануға берілген уақыт аяқталмай жатып, команда капитаны сұрақ жауабы әзір екендігін хабарлады.

Абылай: Бұл сұрақтың жауабын өзім беремін. Бұл - бруцеллез ауруы.

Жүргізуші: Абылай мырза, бұл сіздің соңғы әрі нақты жауабыңыз ба?

Абылай: Ия

Жүргізуші: Ендеше экранға назар аударайық!

2 - бейне сұрақтың жауабы:

Абдыгалиев Асхат Кежеболатұлы: Сұрақтың жауабы - бруцеллез ауруы.

Жүргізуші: Сіз дұрыс таптыңыз! Есеп теңестірілді. Есеп 1:1. Сіздің команда қоржынында 300 теңге! құттықтаймын!

Ойын барабаны айналдырылады. Үшінші болып сұрақ қоюға Джумалиев Абай, №9 кәсіптік лицей қызметкері қояды.

3Не? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысы - бейне сұрақ Джумалиев Абай: Құрметті «Не? Қайда? Қашан?» интелектуалдық сайысына қатысушылар! Сіздерге «Автокөлік құрылысы» пәнінен сұрақ қойылады. Ілініс айыру рычагтары мен ілініс айыру муфтасының тіреуіш подшипнигі арасындағы саңылау ГАЗ-24 «Волга» автомобилінде 2-5 мм құрайды. Сіздерге сұрақ: ГАЗ-53 және ЗиЛ-130 автокөлітерінде аталған саңылау қанша?

Жүргізуші сарапшылардан сұрақтың бағасын сұрайды. Оның бағасы 200 теңге. Сайысқа қатысушы «Ақылдылар» командасына 1 минут уақыт ойлануға беріледі. Бір минут уақыттан соң жүргізуші команда капитанына:

Жүргізуші: Абылай мырза сіздерге ойлануға берілген уақыт тамамдалды. Енді осы сұраққа кім жауап береді?

Абылай: Бұл сұраққа Оралбек жауап береді.

Оралбек: Менің ойымша ілініс айыру рычагтары мен ілініс айыру муфтасының тіреуіш подшипнигі арасындағы саңылау 3,5 мм!

Жүргізуші: Бұл сіздің соңғы әрі нақты жауабыңыз ба?

Сағыныш: Ия

Жүргізуші: Ендеше экранға назар аударайық!

3 - бейне сұрақтың жауабы:

Джумалиев Абай: Сұрақтың дұрыс жауабы - 4 мм.

Жүргізуші: Оралбек мырза, өкінішке орай сіздің жауабыңыз дұрыс емес! 1 балл телекөрермендер ұпайына кетеді. Есеп 2:1 Ал тігілген 200 теңге сұрақ қоюшыға кетеді. Телекөрермендер командасы тағы да алға шықты.

Ойын барабаны айналдырылады. Төртінші болып сұрақты Джуманиязов Нұрхат №9 кәсіптік лицейдің өндірістік оқыту шебері қояды.

4Не? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысы - бейне сұрақ Джуманиязов Нұрхат: Құрметті «Не? Қайда? Қашан?» интелектуалдық сайысқа қатысушылар! Сіздерге қоятын сұрағым «Қозғалыс қауіпсіздігі және автотранспорт құқығының негіздері» пәнінен. Басып озу кезіндегі қауіпсіздік шарттары. Көшелермен және жолдармен жүрген кезде бір көлік құралының екіншісін басып озу қажеттігі жиі туындайды. Басып озу жүргізушіден үлкен сақтықты және өтетін бөліктің, әсіресе, сол жағына шығу керек болған жағдайда абай болуды талап етеді. Талап етілетін шарттарды орындағанда басып озу қауіпсіз болады. Сіздерге сұрақ: Басып озу кезіндегі жүргізушінің ескеретін 4 факторын атаңыз?

Жүргізуші сарапшылардан сұрақтың бағасын сұрайды. Оның бағасы 400 теңге. Сайысқа қатысушы «Ақылдылар» командасына 1 минут уақыт ойлануға беріледі. Бір минут уақыттан соң жүргізуші команда капитанына:

Жүргізуші: Абылай мырза, сіздерге ойлануға берілген уақыт тамамдалды. Енді осы сұраққа кім жауап береді?

Абылай: Бұл сұраққа Сайран жауап береді.

Сайран: Басып озу кезіндегі негізгі ескерілетін 4 факторлар:

  1. Қалушы көлік сол жақ бұрылыс көрсеткішін жақпағандығын;

  2. Өзіңді басып озуға шыққан көліктің жоқ екендігін;

  3. Қалушы көліктің жүріс жылдамдығын;

  4. Өз көлігінің жағдайын.

Жүргізуші: Бұл сіздің соңғы әрі нақты жауабыңыз ба?

Сайран: Ия

Жүргізуші: Ендеше экранға назар аударайық!

4 - бейне сұрақтың жауабы:

Джуманиязов Нұрхат: Сұрақтың дұрыс жауабы. Негізгі жүргізушінің

ескеретін 4 факторы, мыналар:

1) Қалушы көлік сол жақ бұрылыс көрсеткішін жақпағандығын;

  1. Өзіңді басып озуға шыққан көлік құралының жоқ екендігін;

  2. Қарсы жолақтың бос екендігін;

  3. Өз жолағыңа оралғанда қалушы көлікке кедергі тудырмайтының.

Жүргізуші: Сайран мырза, сіздің бұл сұраққа жартылай жауап бердіңіз аталған 2 факторыңыз дұрыс, ал қалған екеуі қате. Енідігі төрелік сарапшыларда. Олар бұл сұрақтың сіздер берген жауабын қабылдар ма екен?

Сарапшылар: «Ақылдылар» командасының берген екі жауабын біз қабылдай алмаймыз себебі бұл өте дөрекі қателіктер.

Жүргізуші: Сайран мырза, өкінішке орай сіздің жауабыңыз дұрыс емес! 1 балл телекөрермендер ұпайына кетеді. Есеп 3:1 Ал тігілген 400 теңге сұрақ қоюшыға кетеді. Телекөрермендер командасы ұпай сандарын еселеуде. Абылай мырза командаңызға ойларын жинақтап, ұпай жинайтын сәт келді!

Ойын барабаны айналдырылады. Бесінші болып сұрақты Атошев Шайдолла Ғайнушұлы Жәнібек аудандық, аумақтық инспекциясының мемлекеттік техникалық инженер инспекторы қояды.

5Не? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысы - бейне сұрақ Атошев Шайдолла Ғайнушұлы: Құрметті «Не? Қайда? Қашан?» интелектуалдық сайысына қатысушылар! Сіздерге қоятын сұрағым фермер мамандарына байланысты. Тракторист-машинист мамандарына трактор жүргізуге рұқсат беретін А,Б,В,Г,Д санатты куәлік беріледі. Олар осы куәлік арқылы әр түрлі тракторларда жұмыс атқара алады. Шынжырлы, дөңгелекті тракторларды, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналарын т.б. Сіздерге сұрақ: осы куәліктегі «Д» санаты қай техниканы басқаруға рұқсат етеді?

Жүргізуші сарапшылардан сұрақтың бағасын сұрайды. Оның бағасы 400 теңге. Сайысқа қатысушы Ақылдылар командасына 1 минут уақыт ойлануға беріледі. Бір минут уақыттан соң жүргізуші команда капитанына:

Жүргізуші: Абылай мырза, сіздерге ойлануға берілген уақыт тамамдалды. Енді осы сұраққа кім жауап береді?

Абылай: Бұл сұраққа жауабымыз жоқ. Біз көмек сұраймыз

Жүргізуші: Абылай мырза, сіздер берілетін жалғыз ғана мүмкіндікті пайдаланағалы жатырсыз? Көмекке кімді шақырасыз?

Абылай: Көмекке лицейдің аға шебері Шағыров Ғалымжан Әбілұлын шақырғымыз келеді.

ЖНе? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысыүргізуші: Құрметті көрермендер, ортаға «Ақылдылар» командасына көмекке лицейдің аға шебері Шағыров Ғалымжан Әбілұлын шақырамыз!

Шағыров Ғалымжан Әбілұлы: Бұл сұрақтың жауабы өздігінен жүретін мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары, соның ішінде экскаваторлар, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары орнатылған тракторларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Жүргізуші: Ендеше экранға назар аударайық!

5 - бейне сұрақтың жауабы:

Атошев Шайдолла Ғайнушұлы: Сұрақтың дұрыс жауабы: «Д» санаты өздігінен жүретін мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары, соның ішінде экскаваторлар, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары орнатылған тракторларды жүргізуге рұқсат береді

Жүргізуші: Абылай мырза, сіздер көмекті дер кезінде шақырған екенсіңдер, Ғалымжан Әбілұлыда көмегін аямады. Осының арқасында 1 балл сіздерге бұйырады. Есеп 3:2. Ал тігілген 400 теңге «Ақылдылар» командасының еншісінде, қоржындарыңызда 700 теңге. Құттықтаймын!

Ойын барабаны айналдырылады. Алтыншы болып сұрақты Құрманғалиев Серік Темірболатұлы №9 кәсіптік лицейдің І санатты арнайы пәндер оқытушысы қояды.

6Не? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысы - бейне сұрақ Құрманғалиев Серік Темірболатұлы: Құрметті «Не? Қайда? Қашан?» интелектуалдық сайысына қатысушылар! Сіздерге «Тракторлар мен автокөліктер құрылысы және оларға техникалық күтім көрсету» пәнінен қойғым келеді. Бәріңізге де белгілі шаруашылық жұмыстардың көбісі трактормен тындырылады. Әсіресе, ауылшаруашылығында тракторлардың алатын орны ерекше. Қоятын сұрағым: Трактор сөзінің мағынасы қандай және оны алғаш ойлап тапқан кім?

Жүргізуші сарапшылардан сұрақтың бағасын сұрайды. Оның бағасы 200 теңге. Сайысқа қатысушы «Ақылдылар» командасына 1 минут уақыт ойлануға беріледі. Бір минут уақыттан соң жүргізуші команда капитанына:

Жүргізуші: Абылай мырза, сіздерге ойлануға берілген уақыт тамамдалды. Енді осы сұраққа кім жауап береді?

Абылай: Бұл сұраққа жауапты Карин Арман береді.

Арман: Тракторды ойлап тапқан орыс ғалымы Яблочков, ал мағынасы ауылшаруашылығында жұмыстарын атқаратын машина.

Жүргізуші: Бұл сіздің соңғы әрі нақты жауабыңыз ба?

Арман: Ия

Жүргізуші: Ендеше экранға назар аударайық!

6 - бейне сұрақтың жауабы:

Құрманғалиев Серік Темірболатұлы: Сұрақтың дұрыс жауабы: Тракторды ойлап тапқан орыс ғалымы Бленов, ал оның мағынасы «тартамын, сүйреймін» дегенді білдіреді

Жүргізуші: Арман мырза, өкінішке орай сіздің жауабыңыз дұрыс емес! 1 балл телекөрермендер ұпайына кетеді. Есеп 4:2 Ал тігілген 200 теңге сұрақ қоюшыға кетеді. Телекөрермендер командасы есепті еселеді. Өкінішке орай «Ақылдылар» командасын сәтсіздік арбауда. Сіздерге берілетін жеңілдік те жоқ, бірақ ойын әлі де аяқталған жоқ. Есеп теңестіруге мүмкіндігіңіз бар.

Ойын барабаны айналдырылады. Жетінші болып сұрақ қоюға Абдгалиев Асхат Кенжеболатұлы таңдалды.

7Не? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысы - бейне сұрақ Абдгалиев Асхат Кежеболатұлы: Құрметті «Не? Қайда? Қашан?» интелектуалдық сайысына қатысушылар! Сіздерге «Мал шаруашылығы» пәнінен сауал жолдағым келеді. Қазақ халқының ежелден келе жатқан кәсібі мал шаруашылығы, яғни 4 түлікті өсіру - өрбіту. Сіздерге қоятын сұрағым мынандай: Аталған нұсқалардың қайсысы етті бағыттағы сиырлар?

а) симментал б) қырдың қызыл сиыры в) герефорд

Сарапшылар сұрақты 300 теңгеге бағалады. Ойлануға берілген уақыт аяқталмай жатып, команда капитаны сұрақ жауабы әзір екендігін хабарлады.

Абылай: Бұл сұрақтың жауабын өзім беремін. Жауабы: в) нұсқасы герефорд сиырлары.

Жүргізуші: Абылай мырза, бұл сіздің соңғы әрі нақты жауабыңыз ба?

Абылай: Ия, сенімдімін

Жүргізуші: Ендеше экранға назар аударайық!

7 - бейне сұрақтың жауабы:

Абдыгалиев Асхат Кежеболатұлы: Сұрақтың дұрыс жауабы - герефорд.

Жүргізуші: Сіз дұрыс таптыңыз! 1 балл және 300 теңге ақшаны өз қоржыныңызға алып бердіңіз! Нағыз капитанға лайық мінез танытып отырсыз. Осы бағытыңыздан айырылмаңыз. Есеп 4:3. Сіздің команда қоржынында 1000 теңге! Құттықтаймын!

ОНе? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысыйын барабаны айналдырылады. Сегізінші болып сұрақты Есмұқанбетова Гүлжан Қожанқызы, лицей әдіскері қояды, жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы

8 - бейне сұрақ Есмухамбетова Гүлжан Қожанқызы: Құрметті «Не? Қайда? Қашан?» интелектуалдық сайысына қатысушылар! Еліміздің ертеңі, Қазақстанның болашағы сіздерсіңдер сайысқа қатысушы жастар! Сіздерге сәттілік тілей отырып, өзімнің «Техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өртке қарсы шаралар» пәнінен сауал жолдағым келеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады?

Сарапшылар сұрақты 300 теңгеге бағалады. Сайысқа қатысушы Ақылдылар командасына 1 минут уақыт ойлануға беріледі. Бір минут уақыттан соң жүргізуші команда капитанына:

Жүргізуші: Абылай мырза, сіздерге ойлануға берілген уақыт тамамдалды. Енді осы сұраққа кім жауап береді?

Абылай: Бұл сұраққа Нигметов Арман жауап береді.

Арман: Бұл сұрақтың жауабы: ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшейтін құралдың аты - психрометр.

Жүргізуші: Бұл сіздің соңғы әрі нақты жауабыңыз ба?

Арман: Ия

Жүргізуші: Ендеше экранға назар аударайық!

8 - бейне сұрақтың жауабы:

Есмухамбетова Гүлжан Қожанқызы: Сұрақтың жауабы - психрометр.

Жүргізуші: Сіз дұрыс таптыңыз! 1 бал және 300 теңге ақша «Ақылдылар» командасына бұйырады! Есеп теңестірілді. Есеп 4:4. Сіздің команда қоржынында 1300 теңге! Құттықтаймын!

Ойын барабаны айналдырылады. Тоғызыншы болып сұрақты Телагисов Иосиф Кадырбайұлы, ҚР ауылшаруашылық министрлігінің БҚО Жәнібек аудандық бөлімшесінің жетекші инженері қояды.

9 - бейне сұрақ ТНе? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысыелагисов Иосиф Кадырбайұлы: Құрметті «Не? Қайда? Қашан?» интелектуалдық сайысына қатысушылар! Сіздерге «Жолда жүру ережелері» пәнінен сауал жолдағым келеді. Тасымалдау кезінде, соның ішінде жолаушыларды тасымалдау: өте тәжірибелі және жолаушыларды тасымалдауда сол санатты жүргізуші куәлігі мен 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар жүргізушілерге жүктеледі. Енді, сіздерге сұрақ: Жолаушыларды борттық платформасы бар жүк автомобилінің кузовында, егер ол жолда жүру ережелерінің 4 тармағының талаптарына сәйкес жабдықталған болса, жүк автомобилінің жүргізушісі жол жүрер алдында қандай міндетті атқаруы тиіс?

Сарапшылар сұрақты 500 теңгеге бағалады. Сайысқа қатысушы «Ақылдылар» командасына 1 минут уақыт ойлануға беріледі. Бір минут уақыттан соң жүргізуші команда капитанына:

Жүргізуші: Абылай мырза, сіздерге ойлануға берілген уақыт тамамдалды. Енді осы сұраққа кім жауап береді?

Абылай: Бұл сұраққа Сайран жауап береді.

Сайран: Сұрақтың жауабы: Жүргізуші жол жүрер алдында көлік құралының жай-күйін тексеріп, жолаушыларды отырғызуы тиіс.

Жүргізуші: Бұл сіздің соңғы әрі нақты жауабыңыз ба?

Сайран: Ия

Жүргізуші: Ендеше экранға назар аударайық!

9 - бейне сұрақтың жауабы:

Телагисов Иосиф Кадырбайұлы: Сұрақтың дұрыс жауабы: Жол жүрер алдында жүргізуші жолаушыларға міну, түсу және кузовта орналасу тәртібі туралы түсіндіруге, қозғалыс кезінде тұруға және бортқа отыруға тыйым салынатындығын ескертуі тиіс.

Жүргізуші: Сайран мырза, өкінішке орай сіздің жауабыңыз дұрыс емес! 1 балл телекөрермендер ұпайына кетеді. Есеп 5:4 Ал тігілген 500 теңге сұрақ қоюшыға кетеді. Телекөрермендер командасы тағы да алға шықты. Енді ойын барабанын айналдырмас бұрын, құраметті, ақылдылар! Есеп 5:4 сіздер 1 балл айырмашылықпен ұтылудасыз. Енді соңғы сұрақ, егер жауабын тапсаңыз, онда шешуші сұрақ қойылады. Ал егер қателессеңіздер сіздер ұтыласыздар және сіздердің қоржыныңыздағы 1300 теңге өздеріңізге бұйырмайды. Әзір болсаңыздар сайысқа оралайық!

Ойын барабаны айналдырылады. Оныншы сұрақты лицейдің агрономия және АШМ пәндерінің оқытушысы Ашекенова Мағрипа Джамаловна қояды.

10 - бейне сұрақ АНе? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысышекенова Мағрипа Джамаловна: Құрметті «Не? Қайда? Қашан?» интелектуалдық сайысына қатысушылар! Сіздер Ауылшаруашылық өндірісінң шебері, яғни фермер мамандығы бойынша білім алудасындар. Фермер жеті мамандық иесі болуға тиіс. Сол себептен де менің сіздерге қоятын сауалым агрономия пәнінен болмақ. Жасыл өсімдіктердің өсуіне қажетті негізгі факторларды атаңыздар?

Сарапшылар сұрақты 300 теңгеге бағалады. Сайысқа қатысушы Ақылдылар командасына 1 минут уақыт ойлануға беріледі. Бір минут уақыттан соң жүргізуші команда капитанына:

ЖНе? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысыүргізуші: Абылай мырза, сіздерге ойлануға берілген уақыт тамамдалды. Енді осы соңғы сұраққа кім жауап береді?

Абылай: Бұл сұраққа капитан ретінде жауап беруге өзім бел байладым, жауапты мен беремін.

Жүргізуші: Нағыз капитанның өзі! «Ақылдылар» командасының капитанына қошемет білдіріп қояйық! Енді осы сұраққа жауап бермес бұрын, Абылай мырза, қай пәннен осал екеіңізді байқадыңыз ба?

Абылай: Ия. Адам бәрін жүре келе үйренеді екен. Білетініңнен білмейтінің көп болып шығып жатады. Бірақ сұрақтардың барлығы біз оқып кеткен сабақтардан.

Жүргізуші: Ендеше, құлағымыз сізде, Абылай мырза!

Абылай: Сұрақтың жауабы: жасыл өсімдікке қажет факторлар тыңайытқыш, көрсетілетін көмек, жел.

Жүргізуші: Сіз бұл сұрақтың соңғы екенін білесіз. Бұл сіздің команда үшін жауапты кезең. Соңғы әрі нақты жауабыңыз ба?

Абылай: Ия

Жүргізуші: Ендеше экранға назар аударайық!

10 - бейне сұрақтың жауабы:

Ашекенова Мағрипа Джамаловна: Сұрақтың дұрыс жауабы: жасыл өсімдіктердің өсуіне қажет факторлар: күн, су, ауа, ылғал, тыңайттқыш,.

Жүргізуші: Абылай мырза, өкінішке орай сіздің жауабыңыз дұрыс емес! Сіздер қанша тырысқандарыңызбен сұраққа жауап бере алмадыңыздар! 1 балл телекөрермендер ұпайына кетеді. Есеп 6:4 Ал сұраққа тігілген 300 теңге сұрақ қоюшыға кетеді. Құрметті көрермендер екі командаға да қошемет білдіре отырып, бүгінгі ойынымыздың төрелігін тыңдауға соңғы сөз сарапшыларға беріледі.

Сарапшылар: Бүгінгі ойын тартысты да қызықты өтті. Біз қиын сұрақтарға жауап берген «Ақылдыларымыздың» қуанған және мұңайған сәттерін көрдік. Ойыншыларға тамаша ойындарына алғысымызды білдіреміз. Алған әсерлеріміз мол. Фермер мамандықтары бойынша білім алатын оқушылар өз білімдерін көрсетті. Бірақ сәттілік сіздерден бүгінше кетіп қалды. Сіздер 6:4 есебімен жеңіліс таптыңыздар. Жинаған ұтыс ақшаларыңыз 1300 теңге сайыс қорында қалады. Кәсіби, тәжірибелі мамандар басым түсті. Сіздердің тауларың шағылмасын! Жеңістерің әлі алда! Бүгінгі кеш сендерге болашақта сабақ болар. Бәріңе рахмет! Жеңісті күндерде жолыққанша!

Жүргізуші: Құрметті бүгінгі кештің көрермендері мен сайысшылары! Осымен бүгінгі «Не? Қайда? Қашан?» интелектуалдық сайысымыз аяқталды. Келгендеріңе рахмет! Ақылдылар командасын қолдап, 3 «В» топ оқушысы Кауиева Гүлдана ән шырқайды. Сау болыңыздар!

Не? Қайда? Қашан? интелектуалдық сайысы





© 2010-2022