Разработка урока на тему Өздік есім

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ

МЕКТЕП: Көкшетау қ.

КҮНІ: 19.01.2015

МҰҒАЛІМ: Абилхамитова Р.К.

Лепеспаева А.Т.

СЫНЫП: 6-сынып /2-сабақ/

ОҚУШЫ САНЫ:

КЕЛМЕГЕНДЕР:

Сабақтың тақырыбы: Өздік және жалпылау есімдігі. Табиғат-адам досы.

Оқу бағдарламасына сілтеме

Сөйлеу мәнерін бағалау

Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу

Әр түрлі стильде жазу

Сабақтың мақсаты

Есімдіктің мағыналық, тұлғалық жағынан білім беру. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылардың білімдерін толықтыру.

Оқушылардың қабілетін дамытуда, оқушы сезіміне әсер ететіндей, сабаққа ынтасын дамыту үшін таблица, карточка, т.б. құралдар мен әдістерді пайдалану. Ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.

Сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Тілдік мақсаттар

Мәтінді түсініп қайта құра алады, сөйлемді дұрыс құрай алады.

Қоршаған ортаны қорғау туралы білім алады.
Білімді өз беттерімен меңгереді.

Сөздік қоры артады.
Бірін-бірі тыңдауға үйренеді.
Сыни ойлайды.

Табиғат - адам досы тақырыбында ой толғау жазады

Алдыңғы меңгерілген білім

Есімдік туралы түсініктері бар, Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздің және жалпылау есімдіктерін біледі. Табиғат туралы жалпы түсініктері бар

Сабақ барысы

Сабақтыкезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

1 мин

2 мин





Қызығушылықты ояту

5мин



5 мин

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу; сабаққа оқушылардың даярлығын тексеру.

  2. Оқушыларды топқа бөлу: Есімдіктердің мағыналық топтары арқылы сыныпты 2 топқа бөлемін.

1-топ: Мен, сен, біз, ол, сіз

2-топ: Анау, сол, міне, мынау, әне

Қызығушылықты ояту:

Жеке жұмыс:

Интерактивті тақтамен жұмыс.

Флифчартпен жұмыс. Берілген сөздерді сәйкестендіріп жазу:

Сол, қанша, әркім, өзі, ешқашан, барлығы, міне, кім, мен, ешкім, күллі, өздері, біреу, сен


  1. «Ұстап ал» ойыны.

  2. Сабақ тақырыбымен таныстыру: Сонымен балалар бүгінгі тақырыбымыз «Табиғат - адам досы». Өздік, жалпылау есімдіктері.

Дәптерлеріңе бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңдар.

Біз бүгін келесі мақсаттарға жетуге тырысамыз: есімдіктердің мағыналық топтарын меңгеру, сауатты сөйлеу және жүйелі түрде жазу, берілген тақырып бойынша өз ойларыңды жеткізе білу.

Ол үшін біз топпен, жұппен және жеке жұмыстар атқарамыз, карточкаларды, кестелерді пайдаланамыз.

Енді топпен жұмыстың ережесін қайталап жіберейікші.

Сабақ соңында бағалауда осы мақсаттар бойынша бір-біріңді жұпта бағалайсыңдар. Келістік пе?




Интерактивті тақтамен жұмыс

Мағынасын ашу

кезеңі



5 мин





5 мин/оқып танысу/

10мин /тапсырмаларды орындау/









Тыңдалым.Терме диктант

Сыныптық және жұптық жұмыс

Сөздердің реті бойынша нұсқаулық

Есімдіктердің тізімі

Үшінші сөзді жаз.

Орман, бәрі, анау

Екінші және бесінші сөзді жаз.

Экология, барлығы, ауа райы, олар, өзінің, біз

Үшінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы сөзді жаз

Сіздің, тазалық, қайда, неге, барлығы, өздері, баршасы, қашан, сол,



Тапсырма аяқталған соң оқушылар жұпта бір-бірінің жауаптарын тексеріп көріп, мағыналық топтарын атайды.

Оқылым. Топтық жұмыс

ТУҒАН ЖЕР

Туған жеріміз - Қазақстанда теңіз де, басын мәңгі қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек орман - тоғай да бар. Көз жеткісіз жазықтар мен қыраттар да аз емес. Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат ештеңе жоқ. Болуы да мүмкін емес! Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәттен бастап, осы өлке саған алтын бесік - атамекен болып саналады. Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, атаң мен әжеңе, одан арғы бабаларыңа да осы жер құтты мекен болған. Сенен кейінгі ұрпақтарға да құтты қоныс болып қала бермек. Жер-ана бізге бәрін береді, оның жомарттығында шек жоқ: аппақ ұнынан иісі бұрқыраған ақ нан пісірілетін ақ бидай да жерден өніп шығады. Күлте жал жылқы, семіз қой, шаңырақ мүйіз сиыр, күші мен төзімділігіне адам таң қалатын түйе де сен туған жерден өніп-өседі, адамға қызмет етеді. Сол төрт түлік малдың ең басты қорегі - боз жусан мен көк шалғын, жасыл бидайық та жер-ананың төсінде желкілдейді. Өзің шөлдегенде ішетін, шешең әлсін-әлсін шай қайнатып, ас пісіретін, күнде сен жуынатын, өсімдік атаулының тіршілік көзі боп табылатын суды да біз жерден аламыз. Су ішетін кесең, тамақ жейтін қасығың, өзің ойнаған алуан түрлі ойыншықтар да жер қойнынан шыққан заттардан істеледі. Оқитын кітабың, жазатын дәптерің, қолыңа ұстайтын қалам мен қарындашың да сондай.

Тапсырмалар:
1. Мәтіннен мына сөздердің антонимдерін тауып көр.

1. сараңдық

2.қап-қара

3. арық

4. суық

2. Мына сөздердің мәтіннен синонимдерін тауып көр.

1. биік

2. құрметті

3. туған жер

4. тамағы

3. Мәтіннен есімдіктерді теріп жаз.

4. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыр.

5. Мәтінді қайта құрастыру, яғни мәтін құрылымын түсіну.

Сонымен мәтінмен жасаған жұмысымызды қорытындылайық.







reftrend.ru/306089.html

Ой толғаныс кезеңі

5мин Кері байланыс

Бағалау

5мин

Үйге тапсырма:

Сабақ соңында:

Не білдім?

Не қиындық туғызды?

Қандай мақсат қойдым?

«2 жұлдыз,1 тілек»

«Табиғат - адам досы» тақырыбында ой толғау жазып келу

Қосымша ақпарат





Дифференциациялап оқыту - Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді Нәтижені саралау.Қабілеті жоғары оқушы қосымша тапсырма алады.

Ерекше дарынды баланы сабақ басында бағалаушы ретінде тағайындап, баға береді.

Белсенділігі төмен:Егер топ ішінде талқылауға ынтасы жоқ бала болса, ол оқушы суреттер салуға көмектеседі

Әр топ өз ішінде ерекше көзге түскендер мен белсенділік танытпағандарды ескере отырып, өздеріне смайлик арқылы баға береді.

(электронды сөздіктер, видеофильм, интернет.)

Топпен жұмыс істеу дағдылары. (бір-біріне құрмет)

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



© 2010-2022