Ғылым жолында. Шылау сөздер

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ғылым жолында. Шылау сөздер.

Мақсаты:

білімділік: Тұңғыш ғалымдар жөнінде алған білімдерін толықтыру, өткен тақырып бойынша әр түрлі әдістер арқылы оқушылардың сөз байлығын, ережені қолдануын тексеру, білімдерін жүйелеп, өз пікірін айта білуге қалыптастыру; қушыларға шылау сөздер туралы білімдерін бекіту; дамытушылық: оқушылардың ойлау,сөйлеу тілін, түрлі жаттығу жұмыстары арқылы есте сақтау , шығармашылық қабілеттерін дамыту; сауаттылығын арттыру. тәрбиелік: оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, ұқыптылыққа, байқағыштыққа, жылдамдыққа,ойын ашық,еркін жеткізуге , өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер: жаттығу ,ой жинақтау, сұрақ-жауап,талдау

Көрнекіліктер: тірек сызба, карточкалар.

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: семантикалық карта.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сөздікпен жұмыс:

мұғалім жаңа сөздерді оқып, түсіндіреді;

оқушылар жаңа сөздерді тізбекпен оқиды;

оқушылар жаңа сөздермен сөйлем құрастырады.

1)Мәтінмен жұмыс:

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқиды.

2. Мәтінді аударады.

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрайды.

4. Мәтінді өз сөздермен әңгімелеп береді.

Әлкей Марғұлан
(1907 - 1985)
…Әлкей Марғұлан Абылай ханның ту ұстаушысы Олжабай батырдың шөбересі. Оның әкесі Хакан мен анасы Нұрилә өз уақытының көзі ашық адамдары болған.
Әлкей ауыл мектебінде, одан кейін үш жылдық орыс мектебінде оқыған. 1919 жылы мұғалімдер курсына оқуға түскен ол бір жыл оқып, туған ауылында мұғалім болып жұмыс істей бастайды. 1920 жылы танымал фольклоршы Ә. Диваев қазақ кеңес фольклорын зерттеу мақсатында Жетісуға және Сырдария өзеніне ғылыми экспедиция ұйымдастырады. Сол экспедицияның құрамында Әлкей де болады.
1921 жылы Семей педагогикалық техникумына оқуға түседі. Кейін үш жоғарғы оқу орнында, атап айтқанда, Шығыстану институтында, Материалдық мәдениет институтында (кейіннен Археология институты деп аталған) және Өнертану институтында қатар оқыған.
Еліміздің аса көрнекті ғалымы және КСРО География қоғамының толық мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Әлкей Хақанұлы Марғұлан - Қазақстан ғылымының тарих, әдебиет, өнер, археология, этнография, география, сәулет өнері салаларында қажырлылықпен еңбек етіп, өзіндік із қалдырған үлкен ғалым.

2) Грамматикалық тақырып:

Шылау сөздер лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды.

Атқару қызметіне байланысты шылаулар 3 топқа бөлінеді:

  1. Септеуліктер (Послеслоги, являются аналогами предлогов)

  2. Жалғаулықтар (Союзы)

  3. Демеуліктер (Частицы)

Септеуліктер - белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Септеуліктер мезгіл, мақсат және себеп-салдар мағыналарын айқындап, сөзден кейін қолданылады. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, кейбір етістік түрлерімен тіркесе алады.

Жалғаулықтар - сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстырады. Демеуліктер өзгермейді, түрленбейді, тіркескен сөздеріне қосымша мағына үстейді.

Шылау сөздермен сөйлем құрастырып жазу.

IV. Қорытындылау.

«Қазақстан ғалымдары» тақырыбына топтастыру.

1. Шылау сөздер дегеніміз не?

2. Шылау сөздер түрлері қандай?

3. Шылау сөздердің белгілері?

V. Үй тапсырмасы: сөздікті, ережені жаттап келу

VI. Бағалау.



© 2010-2022