Шалкиіз жырау «Би Темірге» бірінші толғауы. 9-сынып

Раздел Другое
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қ/қ ә/ті. Сынып: 9. Күні:---------------. Бекітемін ------------------. С. Мажитова.

Сабақтың тақырыбы: Шалкиіз жырау «Би Темірге» бірінші толғауы.

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: оқушыларға ХҮ ғасырдың жырауы Шалкиіз жырау туралы, оның толғаулары кейінгі ұрпаққа жеткен мұралары туралы толық мағлұмат беру. ә)Тәрбиелік: жырау өлеңдерін, толғауларын оқыта отырып, оқушыларды ата мекенін, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. Адалдыққа, ойлылыққа, табиғатты аялай сүюге үйрету. б)Дамытушылық: өтілген материалдарды тиянақты меңгеруге, ойлау белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.

Көрнекілігі: Шалкиіздің портреті, Бес ғасыр жырлайды. І том.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Қазтуған жырау туралы не білесіңдер? 2. Қазтуған жырау толғауларының басты тақырыптары.

3. Ақынның алдына қойған арманын танытатын шығармасы «Алаң да, алаң, алаң жұрт» өлеңінен жаттағандарын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жыраудың өмірі. Шалкиіз туындыларының хатқа түсу жайы. Жыраудың Орманбет биге, Ер Шобанға, Би Темірге байланысты жыр-толғауларынан көрінетін дәуір бейнесі. Жырау толғауларында елдік мұраттың бейнелену ерекшеліктері. Жырау шығармаларында реалистік, философиялық, дидактикалық көзқарастардың тоғыса көрінуі.

Қазақтың төл әдебиетінің бастапқы дәуірінде өмір сүріп, жыраулар поэзиясының мазмұндық жағынан тереңдей өрістеуіне, дүние сырына дендей үңілу тұрғысынан кемелдене түсуіне зор ықпал еткен жырау - Шалкиіз Тіленшіұлы. Жыраудыңөмір жолын зерделеген белгілі әдебиеттанушы М.Мағауин оны 1465 жылдар шамасында Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келіп, 1560 жылдар мұғдарында дүниеден озуы ықтималдығын айтады. Өзге әдебиет зерттеушілері де осы пікірден бұра тартпайды.

Ал жыраудың өз туындыларына үңілсек, оның өз дәуірінде қазақ пен ноғайлы жұрттарын жайлаған елмен етене араласқаны, екі елдің де билік басындағы хандары мен билерін, батыр-бағландарын жақсы білгені, ел тағдыры сынға түскен сәттерде ақылы мен айбарын алға сала, ой-пікірін олардың қай-қайсына да еркін айта білгені аңдалады. Сондай-ақ, жыраудың жыр-толғауларында мұсылманшылық қағидаларын қажетті тұстарда ой жеткізуге ұтымды пайдаланылуы, сонымен бірге көшпелі елдің жөн-жоралғысына, дәстүр-салтына қатысты көріністердің де орайымен алға тартылып отыруы Шалкиіз жыраудың мұсылманшылық жолын да, халықтың өмір салтын да жетік білгенін көрсетеді.

Шалкиіз жырау өз заманындағы қазақ пен ноғайлы хандарының бәрімен дерлік таныстықта болғанымен, солардың ішінде ноғайлы билеушісі Би Темірмен етене жақын араласқаны, оған ой-пікірін еркін айта алатын ақылман кеңесшіге айналғаны, жорық-жортуылдарда үзеңгілес серігі болғаны анық. Жырау толғауларының бірінде өмірінің бұл кезеңі:

«...Менім ием би Темірдің әрі өзім Жау көрген күн жүрегінің басы едім, Көз үстінде қасы едім!..» -деп суреттелуінің сыры сондықтан болса керек.

Үзінді мазмұнына қарасақ, толғау айтылған тұста жыраудың Би Темірмен арасы алшақтағаны байқалады. Ал осы мазмұнды жеткізу тәсіліне зер салсақ, жыраудың ойды бейнелі жеткізуге шеберлігі танылады. Өзінің Би Темір алдында абырой-беделінің қаншалықты жоғары болғанын біле тұра, жырау онымен арасы алшақтап, қарым-қатынастарына салқындық енген кездің өзінде кешегі билеушісінің, пікірлесінің қадір-қасиетін төмендетуді жөн көрмейді, қайта, оның әрекеттерін асқақтата суреттейді:

«Бұз үстіне от жаққан, Бұзмай бұлан пісірген,

Мен иемдің бөрлі ала тасы едім...» -

деп өзін кішірейте көрсетеді. Бұл жәйттің өзі Шалкиіздің ішкі мәдениеті жоғары жырау болғанын айғақтайды. Би Темірді «мұз үстіне от жаққан, бұлан етін бұзбай пісірген» айбарлы да, қайратты билік иесі ретінде даңқын асыра бейнелей келіп, өзін: «Мен иемнің мөрлі ала тасы едім...» - деп көрсетуі Шалкиіз жыраудың астарлы бейне жасауға шеберлігін аңғартады

2. Шалкиіз жыраудың өмірі мен шығармашылығын түсіндіру

3. Шалкиіздің ақындық қуатын танытатын шығармасы «Би Темірге» толғауы. Темірді суреттегенде, өзі білетін ең күшті деген көркем сөздерді, бейнелеулерді молынан қолданады. Ол оны халық аңызында айтылатын «алты ай жортса да арымайтын қазанатқа теңейді.»

Қарпайым сөз тіркестері. Алайда осы қарапайым сөз тіркестерінің өзінде адамды елітер қаншама сезім жатыр десеңізші!

4. Мәтінді мәнерлеп оқу. Оқушыларға оқыту Әдеби талдау жүргізу.

Мазмұны

Тілі

Ой-тұжырым, мақал-мәтелмен

І бөлім

Жыраудың Темірді қатты құрметтеуі.

Ассонанс, аллитирация, қайталау, теңеу, теңеулі эпитет

Алты ай жортса да арымайтын қазанат

ІІ

бөлім

Би Темірді қожа сапарынан тоқтатуға айтқаны

Әсірелеу, теңеу, қайталау.

Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол

Түсініксіз сөздермен жұмыс Қағба- мұсылмандар қадірлейтін қасиетті орын. Қазанат-жүйрік, алдына жан салмайтын ат.

ІҮ.Бекіту. 1.Шалкиіз жырау осындай артына мол мұра қалдырған жыраулардың бірі.Ол жырау, рубасы, батыр, екенін де айта кету керек.

Ү. Бағалау



© 2010-2022