На тему Бала тәрбиесі баршаға ортақ

Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бала тәрбиесі баршаға ортақ


«Адамның адамшылығы ақыл, ғылым,
жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан болады.
Адам баласын бауырым деу жүректің ісі» Абай.

Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы - қайғысы, «азап-соры» деген жастарды тәрбиелеу ісінде табысқа жету үшін әрбір ата-ананың өзі де тәрбиелі болу керек. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында. Ең алдымен ата-ананың ролі, онан кейін ұлағат сыйлаған ұстаз.

Ата-ана өз баласын өз махаббатының нұрына бөлеп, қуанышына, бақытына балайды, бала үшін күш-жігерін жұмсайды. Әке мен ана баласының келешегін ойлап, отбасында сабырлы мінездің үлгісін, еңбекетіг үлгілі табысын көрсете отырып адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейді. Еңбекқор, ілтипатты ата-ананы, ұстазды бала жанындай жақсы көреді, сыйлайды. Олардың бойындағы адамгершілік қасиетті жоғары бағалайды.

Сөз жоқ, бала үшін адамгершілік талғамдар мен әдет-дағдылар, яғни жеке бастың қалыптасуының барлық әлеуметтік-психологиялық негіздері отбасында қалыптасады. Демек, отбасылық тәрбиелеу шарттарын, мүмкіндіктерін зерттемей тәрбие үрдісінде оң нәтижелерге жету мүмкін емес. Кей ата-аналардың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі кемшіліктердің барлығын байқауға болады. «Міндетім киім мен тамақ табу ғана» деген оймен мектепке орынсыз талаптар қояды. өзінің жауапкершілігін сезе білмейді, баласын тәрбиелеуден қол үзеді. Оның зардабы баланың сабақ үлгеріміне, мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады.

Бала тәрбиесі - баршамызға ортақ. Баланың бүгінгі іс-әрекетіне, тәртібіне бүгін назар салмасақ, ертең кеш болады. Олай болса, бір сәт уақыт бөліп, мектеппен хабарласу ата-ананың бірден-бір міндеті.

Қаз қанаты ақ болады.

Ер қанаты ақ болады.

Балалардың қанатты кезі,

Мектептегі шақ болады, - дегендей баланың жүрегінен жол табу - нәтижелі істің жемісі.

Қазіргі заманда ұлттық мектептің ірге тасы қалана бастаған кезде ата-аналарда мектеппен байланысын нығайта түсуі абзал. Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие процесі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.

Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Отан жанұядан құралмақ, қазіргі заманда нарық жағдайында ата-аналардың, жалпы қоғам қауымдастығының көбісі жұмыстан бос және бос уақыты да баршылық. Ендеше сол бойындағы білімін, ілімін, күш-жігерін неге игі іске жұмсамасқа. Ел болашағы жастар қолында. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қылаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі сітер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар бірігіп атсалысуы қажет.

Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де, аздырып, тоздыратын да қоғамдағы тәрбие жұмысы. Жүйелі ұлттық адамгершілік тәрбие болмаса, халық бір-бірінен рухани үлгі көрмесе адам баласы бір-біріне ақырзаман әкелуі мүмкін.

Балаға жас кезінде әсер ететін құбылыстар әр түрлі болғанмен оларды тәрбиелеуші ата-ана. әр ұрпақтың өзіндік дәстүр салты бар. Бірақ бұл ата-баба салтынан алшақ кетпек емес. Кешегі кеңестік дәуірде ол да өзгеріске ұшырап, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынаста алшақтық белең алып, бала тәрбиесін мектеп мұғалімдеріне артып, өздерін бұл мәселеде аулақ ұстағысы келеді.

Мұнда бір нәрсе анық. Нәресте іңгәлап өмірге келгеннен кейін ол тек қана ананың аялы алақанында өседі. Түн ұйқысын төрт бөлген ананың еңбегі ол ер жеткен сайын қиындай түседі. Міне, осы тұсы нағыз шешуші кезең. Бір сәт те ата-ананың көзінен таса болмайды. Осылай өзіне өзі келгенше бәріне жауапты солар. Ұлағатты тәрбие бір сәт те таусылмайды. Бұл - баланың мектепке дейінгі іс-әрекеті. Мектеп партасына отырғаннан кейін оның екінші кезеңі басталып өмірге деген түйсігі өзгеріске ұшырайды.

Бұл кезеңде ата-ананың жауапкершілігі ешқандай төмендемейді. Қайта бұрынғыдан да арта түседі. Осы тұста баланың жан дүниесіне әсер ететін, білім, тәрбие беретін, мектептің есігі айқара ашылып, ұстаздардың қамқорлығына бөленеді. Бұл да өмірінде шешуші роль атқарады.

Мектеп және жанұя қарым-қатынасын дамыту үшін мына жағдайларды естен шығармауымыз керек.

  1. Отбасының тәрбиелік мүмкіндігін зерттеу;

  2. Тәрбие кеңестігін құруда «Үлгілі ата-аналар» қауымдастығын құру;

  3. Сыныптан тыс жұмыстарға ата-аналарды көптен тарту;

  4. Мектепте имандылық сағаттарын ата-аналармен бірлесе отырып жүргізу;

  5. Ұлттық мәдениетке сүйене отырып, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, ояту;

  6. Ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру.

Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді қорыта келе айтарымыз, мектеп пен жанұя арасында тығыз қарым-қатынасты орнатып, тәрбиеші ұстаз бен тәрбиеші ата-ана арасындағы ынтымақтастықты қолға алып жұмыс жасау бүгінгі күннің ең елеулі мәселесінің бірі.

Ислам діні кез-келген ата-анаға мынадай 3 міндет жүктейді. Бірінші - балаға көркем ат қою. Екінші - діннің әдепті тәрбиесін сіңіру. Үшінші тәрбиелі отбасымен құда болып, баланы айттырып үйлендіру. Әдепті тәрбиені бесіктен сіңіретін ата-ана және мектептегі ұстаздар қауымы. Осы бетте көненің сөздерінің көп көмегі тиері анық. Жүсіп Баласағұнның:

…Бала білім жолын қусын десеңіз,

Бесігіңде-ақ ілім шоғын көсеңіз… - деп жырлағандай бесік тәрбиесі бәрімізді ойландыруы тиіс.

Балам адам болсын дейтін ата-ана тәрбиені дұрыс беруі керек. Осы ретте Мағжанның мына сөзін айта кеткенді жөн көремін: «Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, айыпты емес, тәрбиеші жазалы. Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» деген нақыл сөзді естен шығармайық!



© 2010-2022