Урок по самопознании Махаббат – өмір өзегі

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін - өзі тану сабағының жоспары

А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп Мерзімі №

Тақырып: Махаббат - өмір өзегі

Құндылық: Махаббат

  • Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірімділік

Мұғалім Даулетбақова С.Т. Сынып____5

Мақсаты : оқушыларға махаббат , сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу .

Міндеттері :

- « махаббат » , « сүйіспеншілік » ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру ;

- сүйіспеншілік қарым - қатынастарын дамыту ;

- оқушыларды өз Отанын , туған жерін , ата - анасын сүюге тәрбиелеу .

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Интерактивті тақта, бейнеролик, оқулық, үнтаспа, суреттер, плакат, маркер, стикер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.

2.Үй тапсырмасын тексеру: «Құстар торға қалай түсті ?» мәтінін оқып , төмендегі сұрақтарға жауап беру .

  • Аңыздан қандай ой түйдіңіз?

  • Адамдар неліктен бір-бірімен ренжіседі?

Сабақ барысын талдау: Жағымды күйге келтіру

3. Дәйексөз: « Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ . Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді »

В . Г . Белинский

Ой-пікірлерін ортаға салу

4.Әңгімелеу: «Ойланайық , әңгімелесейік » айдарымен берілген сұрақтар негізінде әңгіме жүргізу .

Ой түйіндеу, достардың адам өмірінде алатын орнын анықтау

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:

1) «Ойланайық, пікірлесейік » айдарымен берілген сұрақтар арқылы әңгімелесу жүргізіледі .

Қандай сезімдер көңіл күйге жағымды әсер етеді?

Сендерге айнала адамдардың көңіл күйі қалай әсер етеді?

2) Мәтінге назар аудару

Пікіралысу

6.Топпен ән айту: Ғ. Қайырбековтың сөзіне жазылған Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» атты әні

7.Үй тапсырмасы: Оқулықта берілген жаңа ақпаратты оқып , талдау .

8. Қорытындылау:

Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңберге жиналып , ата - анасына , жақын адамдарына сүйіспеншілік сезімдерін білдіру мақсатында жақсы тілектерін айтумен сабақты аяқтайды .

Бәрі шеңберге тұрып, жақсы тілектер айтады



© 2010-2022