Урок Жаңа жылды тойлау

Раздел Другое
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, зат есімді түсіндіру , сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалып

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекетті құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: зат есімді меңгеру, жаңа жыл туралы, өз ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

115 бет. 4 - тапсырма.

Мәтіннен дара және күрделі зат есімдерді табу.

ІІІ. Жаңа сабақ

Біздің мектепте 5-6 сыныптар арасында «жаңа жылдық маскарад» атты кеш болды. Оған біз жақсы дайындалдық. Оқушылар әртүрлі жануарлар болып киінді. Олар шыршыны айналып,ән салып, би биледі. Ақшақар мен Аяз ата ән салып , тақпақ айтқан балаларға сыйлықтар ұсынды. Маскарад өте көңілдң болды.

1- тапсырма. «Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

1. Мәтінді оқиды.

2. Мәтінді аударады

3. Мәтінді мазмұндайды

4. Мәтін бойынша сұрақ құрайды.

2- тапсырма. Берілген сөйлемдерден зат есімдерді тауып,

құрамына қарай талдау.

3 - тапсырма. Берілген сөйлемдерден септік жалғауы бар сөздерді табып, теріп жазу.

Зат есім тұлғасына қарай екі түрге бөлінеді:

1. Негізгі зат есім: мектеп, табиғат, орман, т.б.

2. Туынды зат есім: әнші, жерлес, білім, т.б

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

2 - тапсырма («Біз мектепте жаңа жыл тойлаймыз» мәтінін мазмұндау)

«Жаңа жыл кеші» тақырыбына әңгіме жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау



© 2010-2022