Разработка урока по теме Атақты домбырашылар

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 сынып күні:

Сабақ тақырыбы: Атақты домбырашылар.

Сабақ мақсаты: 1. Қазақ халқының атақты домбырашылар өмірімен

таныстыру.

2. Өзін еркін ұстауға, өз ойын түсінікті жеткізе

білуге, тіл мәдениетін сақтауға дағдыландыра

түсу сол арқылы тіл байлығын арттыру.

3. Үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру, жазу, оқу

Көрнекілігі: портреттер, слаид

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын тексеру (баяндама немесе презентация)

III.Сабақ мақсаты мен барысын айту

IV. Жаңа сабақ

1.Психологиялық ахуал

-бір-біріне жақсы тілектер айту

2.Жаңа тақырыпты түсіндіру

-жаңа тақырыпты түсіндіру

-кіріспе сөзімді айтамын

Балалар бүгін біз сіздермен атақты домбырашылар тақырыбымен танысамыз. Өткен сабақта халық аспабы - домбыра құрылысымен және домбыраның пайда болу аңызымен танысқанбыз. Бүгін сол тақырыпты жалғастырамыз.құрманғазының күйлерін тыңдау.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1806-1879)

ҚРазработка урока по теме Атақты домбырашыларұрманғазы Сағырбайұлы Бөкей ордасында туып-өскен. Ол атақты күйші, композитор, қазақ халқы оны «күй атасы» деп біледі. Біздің заманымызға Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», «Көбік шашқан», сияқты 60-тан астам күйлері жетті. Сонымен қатар өмірбаяндық «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», т.б. күйлері бар. Халық Құрманғазыны және оның шығармашылығын жоғары бағалады.

Дина Нұрпейісова (1861-1955)

Разработка урока по теме Атақты домбырашыларАса дарынды күйші Дина Нұрпейісова жеті-сегіз жасынан бастап қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында Құрманғазыны көреді. Оның күйлерін үйренеді. 1888 жылы Құрманғазы Динаны соңғы рет көргенде, оған домбырасын сыйлап, күйлерін кейінгі ұрпаққа жеткізуді аманат етеді. Атақты күйлері: «Той бастар», «Әсемқоңыр», «Бұлбұл», «Ана бұйрығы» т.б.

ТӘТТІМБЕТ ҚАЗАНҒАПҰЛЫ (1815-1862 ж.)

Разработка урока по теме Атақты домбырашылар

Қазақтың күйші-композиторы, домбырашы, шертпе күй орындаушылык мектебінің негізін калаушылардың бірі, халык аспаптық музыка өнерінін (күйдің) классигі. Орта шаруа отбасында дүниеге келген. Домбырашылық өнер арғы ата тегінен дарыған. Алғаш домбыра тартуды Қазанғаптың інісі Әлиден үйренеді, анасы Ақбөпе де өнерге баулиды. Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйлері бар. Ол - «Қосбасар» (бірнеше түрі), «Сарыжайлау», «Сарыөзен», «Теріс қакпай», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Бестөре», «Азамат», «Алшағыр», «Азына», «Көккейкесті», «Бозторғай», «Қорамжан», «Боз айғыр», «Ерке атан», «Ноғай-қазақ», «Керкиік», «Қашкан қалмақ», «Қаражорға», «Балбырауын»,«Жетім қыз», «Салкоңыр», «Көш жанаған», «Сарықамыс», «Шәйір қалды» т.б.
-Слаид көрсету. Сол арқылы әңгімелесу.

2. Жаңа сөздерді мәтінмен жұмыс жасау барысында тауып, аударады.

3. Мәтінмен жұмыс. Ауызша жұмыс

-мәтінді ішінен оқып, дайындалады

-кезекпен оқып, бірге аудару

-мәтін бойынша сұрақтар құру.
- бір-біріне сұрақ қояды.

4. Сергіту сәті «Мені таны» ойынын өткізейік.
Ойынның шарты: бір портертті ұстап тұрамын олар айқайламай, қол көтеріп жауап береді. Әр топтың портреттері әр - түрлі. Онда күйші-сазгерлердің, оқушылардың портреттері көрсетіледі, қай топ дұрыс жауап беріп, қателеспесе сол топ жеңімпаз.(Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нүрпейісова, Біржан сал, Ақан сері, Балуан Шолақ, Абай, «Ұлытау тобы» т.б

5. Дәптермен жұмыс

1-тапсырма. Мәтін ішінен септік жалғаулары бар сөздерді көшіріп жазып, олардың септіктерін көрсет.

Жауап үлгісі: Қазақтың, музыкасының, озбырлыққа, жолында, түрмеден,

2-тапсырма. Мәтін ішінен етістіктерді теріп, оларды тұйық етістік формасына қойыңдар.

V.Үй жұмысы.

VI. Қорыту.

Оқушылар өздеріне қаншалықты сабақ ұнаса солай қарай сабақты да бағалайды.

Өте ұнады ұнады ұнамады

деген үш бұлт тақтада ілулі тұрады, оқушыларға сабақ өте ұнаса сол бұлтқа қояды, ұнамаса ұнамады деген бұлтты жабады.

VII. Бағалау

Оқушыларды біліміне, өз ойын, пікірін дәлелдей алу қабілетіне қарай бағалау.








© 2010-2022