Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, ақынды әр қырынан аша білу, бұрынғы Абай туралы білімдерін тереңдету;
ә) дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын дамыта отырып, сабаққа қызығушылығын, ақынға деген сүйіспеншілігін арттыру;
б) тәрбиелік: қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, туған жерін сүюге, отбасын қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

а) Шаттық шеңберін құрып, біріне-бірі жақсы тілектерін айтады. Сабаққа сәттілік тілеп,стикерлердің түстері арқылы топқа бөлінеді. ә) Орындарына жайғасқан соң әр топ өздерінің алтын ережесімен таныстырады. б) Оқушыларға бағалау парақшалары беріледі, көшбасшылары сайланады.

1 топ - Ақын.

2 топ - Философ.

3 топ - Аудармашы.

4 топ - Сазгер.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Тест сұрақтары:

1. Шоқанның Кадет корпусында оқыған жылдарын көрсет.

А) 1847 - 1853 ж.ж.

Ә) 1847 - 1852 ж.ж. Б) 1847 - 1857 ж.ж.

2. Ш.Уәлиханов неше жасында Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланған?

А) 20 жасында

Ә) 22 жасында Б) 25 жасында

3. Шоқанның қай еңбегінде ел арасындағы аңыз-әңгімелер туралы айтылған?

А) « Оңтүстік Сібір руларының тарихы туралы жазбалар »

Ә) « Қырғыздар туралы жазбалар» Б) «Қазақтың халық поэзиясының түрлері»

4. Ы.Алтынсарин қай жылы, қай жерде қыздар мектебін ұйымдастырған?

А) 1884 жылы Торғайда

Ә) 1887 жылы Ырғызда Б) 1879 жылы Орынборда

5. Ы.Алтынсариннің еңбекті сүюге тәрбиелейтін әңгімесін табыңыз.

А) «Әке мен бала»

Ә) «Мейірімді бала» Б) « Бақша ағаштары»

Жауаптары:

  1. А.

  2. Ә.

  3. А.

  4. Ә.

  5. А.

ә) Сөзімді аяқта. (Сұрақ жалпы қойылады)
- 1841 жылы 20 қазанда ...

- Балғожа Жаңбыршыұлы ...

- Үміт еткен көзімнің нұры балам, ...(өлеңді жалғастыр)

- Ыбырай 1850 жылы ...

- Торғайда ...

- Ыбырай профессор Ильминскийге жазған хатында «...

- Қазақ хрестоматия оқулығын ...

- Ыбырайдың мынадай өлеңдері бар: ...

- Әңгімелері мыналар: ...

- Ыбырай - аудармашы. Ол ...

ІІІ. Жаңа сабақ:
Алаштың айтулы ақыны Мағжан Жұмабаев Абайға «Шын хакім сөзің асыл баға жетпес, бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» деп баға берген. Біздің бүгінгі сабағымыз қазақтың бас ақыны А.Құнанбаев атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы.

А) «Миға шабуыл» әдісі (Ой қозғау)

Абай кім?

Ә) Бейнематериал

Б) Оқулықпен жұмыс. Топтық тапсырмалар ( Постер қорғау )

І топ Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында.

ІІ топ Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналар

ІІІ топ Абай поэзиясы- адамзаттың асыл қазынасы.

ІV топ Абайдың қазақ поэзиясын қалыптастырудағы орны.

IV. Жаңа сабақты бекіту: Кім жылдам?
1. Сұрақтар. Абай шығармашылығына байланысты.
- Абайдың шын аты кім?
(Ибраһим).
- Абайдың аяқталмаған поэмасы.
(«Әзім әңгімесі».)
- Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.
( Зере, Ұлжан.)
- Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.
(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)
- « Абай жолы» романын кім жазды?
( Мұхтар Әуезов).
- Абай алғаш сауатын кімнен ашты?
(Ауыл молдасы Ғабитханнан)
- Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?
(Абайдың ағасының баласы.)
- Абайдың туған жылы?
1845 жыл
-Абайдың дүниеге көзқарасының қалыптасуына игі әсер еткен революционер-демократ кім?
Михаэлс
- Абайдың неше қара сөзі бар?
45

2. Білімді жинақтау

І топ «Топтастыру»

ІІ топ «Венн диаграммасы» Абай - Шоқан

ІІІ топ «Бес жолды өлең» Ақын

ІVтоп «Эссе немесе Еркін жазу» әдісі бойынша тапсырма
V. Бағалау: формативті және сумативті бағалау.
VI. Үйге тапсырма беру. А.Құнабаевтың өмірі мен шығармашылығын оқып, хронологиялық кесте толтыру.

VII. Кері байланыс. «ББҮ» әдісі бойынша бүгінгі сабақ туралы пікірлерін жазғызу.

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы



Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы



Мұнайлы ауданы « №7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Акмурзаева Бахар Сидназаровна

© 2010-2022