Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «АХМЕР ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕ

Секция: қазақ тілі мен әдебиеті

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы

Орындаған:

9 «В» сынып оқушысы

Муртазина Анастасия

Жетекші:

Н.Т.Кияшова

қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі

Өскемен қаласы

2015 жыл

МАЗМҰНЫ

1.КІРІСПЕ ............................................................................................................ 3

2. АБАЙ МЕН ПУШКИН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЖҮРЕК СӨЗІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ................................................................................................. 5

2.1 Жүрек сөзіне түсінік ................................................................................... 5 2.2 Абай өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы ...................................... 6

2.3 Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы .................................. 19

3. ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................ 23

4. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................. 24







КІРІСПЕ

Қазақ халқы сөзге бай халық. Әрбір сөзді әр түрлі мағынада кеңінен, түрлендіре қолдана білген. Қазақ халқының қай ақынын алып қарасақта, «жүрек» сөзін өз туындыларына арқау ете отырып, ерекше қолдана білген. «Жүрек» сөзін тура мағынада да, ауыспалы мағынада да өз шығармаларында көркемдеп суреттеген. Жүрексз өмір жоқ дегендей, өзімнің сүйікті ақындарым, яғни қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен орыс халқының танымал ақыны А.С.Пушкин шығармаларындағы осынау бір сөздің қолданылу саны мен қандай мағынада қолданылған анықтап зерттеу болды. Екі ақында өз елдерінің қазіргі кездегі мақтанышы, ұлысы болып мәңгілік артынан өзпес із қалдырған ақындар. Шығармаларын түрлі тақырыптарда жазған. Осы өлеңдерінің қай-қайсысын алып қарасақта, «жүрек» сөзіне ерекше қолдана білген. Осынау «жүрек» сөзі арқылы өздерінің көңіл-күйлерін, халқының, елінің тағдырын суреттей білген.

«Жүрек» сөзінің мағыналары әр түрлі. Тура мағынасы - қан айналу жүйесінің көкірек қуысының сол эжағына орналасқан бас органы- ғылыми, медициналық салада қолданылады. Әдебиет саласында көбінде ауыспалы мағынада кездестіреміз. Мысалы: саяси-әкімшілік орын, орталық - Евразия жүрегі, Астана -қазақ елінің жүрегі; кісінің жан дүниесі, рухани сезімі - жүрек жылуы, жүрегі жарылды, жүрегі бұлқ етпеді, жүрегі қобалжылды,ақ жүрек, ер жүрек, тағы басқа.

Зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі : Қазақ халқының ұлы ақыны Абай мен орыс халқынының ақыны Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу.

Зерттеу жұмысының мақсаты : Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы саны мен мағынасын айқындау. Осы мақсатқа сай төмендегідей міндеттер қойылады:

  • Жүрек сөзіне биологиялық және ақындар ұғымында түсініктер;

  • Ақындардың жүрек сөзін қолданылу саны;

  • Абай өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу жағдайы;

  • Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу ерекшелігі.

Зерттеу жұмысының нысаны : Абай мен Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылу санын анықтау

Зерттеу жұмысының дереккөздері : Аталмыш мәселенің шешімін табу үшін көрнекті ғалымдардың, ойшылдардың, ақын-жазушылардың, тіл мамандарының жүрек сөзіне қатысты айтқан пікірлері, зерттеулері, жүрек туралы тұжырымдарын басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының жаңалығы : Жүрек сөзі, ақындар шығармаларында , олардың тілдегі көрінісі сараланды.

Зерттеу әдістері: Зерттеудің теориялық негізінде қазақ және орыс ғалымдарының ғылыми теориялық еңбектері, ой-пікірлері, тұжырымдары алынған. Әдістемелік негізінде сипаттау және кешенді түрде талдау, сипаттау, жинақтау.

Зерттеу жұмысының теориялық, практикалық маңызы : Зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен қорытындылардың теориялық және практикалық маңызы елеулі. Зерттеу нәтижелерін мектептерде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.



2. АБАЙ МЕН ПУШКИН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЖҮРЕК СӨЗІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

2.1 Жүрек сөзіне түсінік

Биологиялық тұрғанда жүрек ол іші қуыс бұлшықетті мүше. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларының бұлшықет қабығы. Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бесет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.[1]




1.2 Абай өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы

Абай поэзиясы - сұлу поэзия, Абай поэзиясы - махаббат, сүю, сүйіспеншілікке толы поэзия.

Ұлы ақын адам ұрпағының данасы да, дарасы да, патшасы да, қарасы да ет жүректен тұрады, жүрек соғып тұрғанда, адам өмір сүреді, жүрегі тоқтағанда «қайран жүрек мұзға» айналып, өмірден өтеді деген. Жақсылық та, жамандық та, қайғы мен қуанышта да ең алдымен жүрегімізге ден қоямыз. Ақын келешек ұрпаққа:

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым кәні қойма! -

деп, бізге әрі өсиет, әрі үлкен сенім, әрі зор салмақ тастап кетті. Абай атамыз өзі айтқандай «жұмбақ адамды» түсіну үшін оның ең алдымен жүрегіне үңілу керек екендігін, бар сырды жүректен іздеу керек екендігін, ең бастысы не нәрсенің барлығын да жүректен қарау керектігін айтып өткен. Ақынның қай шығармасын алып қарасақта, «жүрек» сөзіне жиі-жиі айналып соғып отырғанын байқамыз. 1987 жылы шыққан «Абай Құнанбаев» деген кітабындағы өлеңдеріндегі жүрек сөздерін қолданылуына зерттеу жұмысын жүргіздім. Яғни бір жинақта ақынның 94 өлеңі берілген. Көптеген өлеңдерінде кейбір жүрек сөзімен тіркескен сөз тіркестері 2-3 рет қайталанады.

Данышпан ақын жүрек сөзін екі түрлі мәселедегі тақырыптарда қолданған. Бірі - достық, махаббат тақырыбында болса, екіншісі - өзі туралы, халқы, елі жайында сөз қозғаған кеңінен қолданған.

Енді осы өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуына тоқталатын болсам.

  1. «Көзімнің қарасы» өлеңінде:

Жүректен қозғайын (3 шумақ, 1 тармақ)

Әдептен озбайын.

Өзі де білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын.

Жүректе оты жоқ (7шумақ, 3 тармақ)

Өрттенген жүрекке (19 шумақ, 3 тармақ)

Бір көрген болар сеп...

Біздердей ғашық көп

Қайсысы саған дөп?

Жөндеп те айтпадым,

Жүрегім лүпілдеп (20 шумақ, 4 тармақ) [4. 69-71]

Бұл өлеңін ақын 1981 жылы жазған. Өлең 22 шумақты, 4тармақтан тұрады. Ақын «жүрек» сөзін 4 түрлі мағынада қолданған. Өлеңде ғашығына деген ішкі сезімін де ірікпей айтқан, жігіт сөзінен жүрек лүпілі, тағат таптырмай тынышын қашырған, бір ысып, бір суыған, іңкәр ниет, алабұртқан көңіл күйі сезілгендей. Ақын өзі бой тасалап, кейіпкерін алға ұстап сөйлетеді. [2.280]

  1. «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңі:

Аласы аз қара көзі айнадайын,

Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,

Үлбіреген ақ етті, ашық жүзді,

Тісі әдемі көріп пе ең қыздың жайын?

Егерде қолың тисе білегіне,

Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.

Бетіңді таяп барсаң тамағына,

Шымырлап бу енеді сүйегіңе [4.56]

Бұл өлеңінде сұлу қыздың сыртқы бейнесі суреттеледі. Ақын халық ұғымындағы қыз сұлулығының негізгі белгілерін тізбектеп, жас арудың сыртқы сымбатын сипаттайды. Жас арудың сымбаты жүрегіне ыстық тиіп, жүрегі одан лүпілдегенін көрсетеді. [2. 171]

  1. Адамның кейбір кездері» өлеңі 7 шумақтан тұрады. Бұл өлеңде ақын :

Сылдырлап өңкей келісім

Тас бұлақтың суындай,

Кірлеген жүрек өзі ішін

Тұра алмас әсте жуынбай.

... Ызалы жүрек, долы қол

Улы сия, ащы тіл

Не жазып кетсе, жайы сол,

Жек көрсеңдер өзің біл [4. 88]

Абайдың сөз өнері, өлең, ән туралы ең таңдаулы лирикалық туындыларының бірі. Ақындық өнер айналасында сөз қозғайды. Бұл өлеңінде жүрек сөздерін ауыспалы мағынада қолданылған, яғни «кірлеген жүрек», «ызалы жүрек» тіркесінде. [2.61]

  1. «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңінде:

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан - шын асыл, тастай көрме. [4. 89]

Өлең сол дәуірдегі көкірегі ояу, көзі ашық ойлы жанға арналған. Жүрегіңді тыңда деген мағына айтылған. Шын асыл жүректің түбінде жатады сол асылды таңдаған адам жүрегінің түбіне терең бойлап, іздегенін тек содан ғана табады.

  1. «Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек» өлеңінде:

Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап қайнап бір жүрек қылады әлек.

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек [4. 55]

Бұл өлеңінде «жүрек» сөзі үш рет қолданылған. Адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделген. Онда ақын шын мәнінде жақсы адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керектігін айтқан. Бұл жерде жүрек - қағілез, сергек сезімдіде берілген.[2.134]

  1. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде.

Сөз айта алмай бөгеліп,

Дүрсіл қағып жүрегі,

Тұрмап па едің сүйеніп,

Тамаққа кіріп иегі [4.42]

Өлең - ақынның табиғат көріністерін, махаббат сырларын кестелі тілмен айшықтаған әлем поэзиясының шоқтығы биік туындыларының бірі.

  1. «Кейде есер көңіл құрғырың» өлеңі :

Кейде есер көңіл құрғырың,

Махаббат іздеп талпынар.

Ішем деп бейнет сусынын

Асау жүрек алқынар.

Тартқан бейнет, өткен жас

Жүректің отын сөндірмес.

Махаббат - өмір көркі рас,

Өлген соң ол да үндемес.

Жүрегі жұмсақ білген құл

Шын дос таппай тыншымас.

Пайда, мақтан бәрі - тұл,

Доссыз ауыз тұшымас. [4.63]

1890жылдары ақынның кемеліне келген кезінде жазған, махаббат туралы жазылған өлеңі. «Тартқан бейнет, өткен жас жүректің отын сөндіре» алмайды деген қорытындыға келеді.

  1. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі:

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы. .

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп.

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. [4.35]

Өлеңінде шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатын сөз болады, даналықтың айғағы дейді. Тілге жеңіл өлең жүрекке жылы тиіп, айналадағы заттардың бәрі көңілге жағымды келеді деген мағынада қолданылған.

  1. «Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңінде :

Тыңдамаса еш адам

Өз жүрегім толғансын.

Әр сөзіне қарасын,

Іштегі дертім қозғалсын.

Жүрегіңмен тыңдамай.

Құлағыңмен қармарсың.

Соны көріп, соларға

Қайтіп қана сарнарсың? [62-63]

Ақындық өнердің, өлең жырлардың, ән мен күйдің халық өмірінде алатын орнын Абай өте жоғары бағалады. Осы өлеңде ақын сөзді құлақпен емес, жүрекпен тыңдау керектігін айтқан.

  1. «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңінде:

Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім ұмытып,

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып.

Адам ағзасындағы бастысы - ол жүрек. Жүректің құдіреттілігі сонша ол тоңған бойды жылытады дейді.

  1. «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» өлеңі :

Сән салтанат жұбантпас жас жүректі,

Кім де болса тұрғысын көксемек-ті.

Мезгілі өткен, дәуренді қуалаған,

Неғылсын бір қартайған қу сүйекті?

Кәрі, жас дәурені өзге, тату емес,

Епке көнер ет жүрек сату емес.

Кімде-кім үлкен болса екі мүшел,

Мал беріп алғанменен, қатын емес,...

Өлеңде қазақ әйелінің басындағы әділетсіздік, қорлық пен зорлық жырланады. Жас сұлудың кәрі шалға мал сатылып, одан кейін жардан секіріп өлгені туралы аңыз желісінде жазылған. Сол әділетсіздікке себеп болып отырған қоғам тәртібі, малға сатып жас қыз алуға құмар шалдар қылығы сыналады. Ақын «ет жүректен» шыққан сөз ғана - шындық дейді.

  1. «Білімдіден шыққан сөз» өлеңінде :

Жүрегі - айна, көңілі - ояу.

Сөз тыңдамас ол баяу,

Өз өнері тұр таяу,

Ұқпасын ба сөзді тез? [4.48]

Ақын бұл өлеңінде айтушы мен тыңдаушы, ақыл мен ақылсыздық, жақсы мен жаман, білімді мен білімсіз арасындағы айырмашылық анық, айқын әрі көркем суреттеген. Жақсы деген жанның көкірегінде білімдіден шыққан сөздің нұрын көріп, сырын тани алатын көз болатынын, жүрегі сезімді, көңілі сергек келетінін суреттеп өткен.[2.171]

  1. «Сегіз аяқ» өлеңінде :

Алыстан сермеп

Жүректен тербеп

Шымырлап бойға жайылған;

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған.

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл. [4.48]

Абай бұл өлеңінде мұңды ақын өз басының жеке жарасы, өзіндік қам-қайғысы есебінде «мен» деген жүректен жеке-даралық қайғы түрінде айтылады. [2.84]

  1. «Болыс болдым мінеки» өлеңі :

Сияз бар десе жүрегім

Орнықпайды суылдап.

Сыртқыларға сыр бермей,

Құр күлемін жымыңдап.

Сасып қалдым, күн тығыз,

Жүрек кетті дүпілдеп

Тың тұяқ күнім сүйтсе де,

Қарбаңдадым өкімдеп. [4.43]

Өлең жолдарында «жүрек» сөзі барын малын болыстық мансапқа жету үшін салып, арманына жетеді. Болыстыққа қолы жеткен соң да оның көңілі орнықпайды, өзінен күштілерге құлдық ұрып, әлсіздерге ыңғай бермей, қырын қарайды. Сыртқы жұртқа сыр бермей, сырбаз жүргенмен, сияз бар деген хабарды құлағы шалса-ақ, жүрегі суылдап, мазасыз қашады. Ояздан қорыққанын аңғарамыз. [2.163]

  1. «Ерекше естен кетпес қызық қайда» өлеңі :

Ерекше естен кетпес қызық қайда?

Жолығатын қыз қайда терең сайда?

Сұлулығын қояйын, мінезі артық,

Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда.

... Жүректен ізі кетпес қызық көрсек,

Жақсылықты аянбай жұртқа бөлсек,

Жақынның да, жардың да, асықтың да -

Бәрінің де қызығын көріп білсек. [4.79]

Ақынның өткен күнді еске алып, ойға кеткен тебіреністі шағын елестететін элегия үлгісіндегі лирикалық туынды. Сүйіспеншіліктің басты шарты сұлулық емес, парасатты ақыл, таза жүрек, биязы мінез екенін де ескере кетеді. Өмірде бастан кешкен өз қызығың жұртқа жасаған жақсылықтан бір де кем түспейтінін айта келіп, ақын адам өмірінің осындай ізгілік пен сүйіспеншілікке толы болуын жақтайды.[2.225]

  1. «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас» өлеңі :

Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас,

Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
. Жүректен қызу-қызба кете қалса,

Өзге тәннен еш қызық іс табылмас.

Достық, қастық, бар қызық - жүрек ісі,

Ар, ұяттың бір ақыл - күзетшісі.

Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық,

Арын, алқын - бұл күннің мәртебесі.[4.98]

Жоғарыда берілген өлеңде «жүрек» сөзін төрт кездестіреміз. Ұлы ақын қызық та, қызу қандылық та бір ғана жүректе дейді. «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас» деген жолда өмірдің терең философиясы жатыр. Теңізде не болмайды, асыл маржан да, інжу тас та, меруерт те - бәрі сонда. Жүректе жасық, жаман нәрсенің болуы мүмкін емес. Өйткені ол асылдың асылы, қасиеттінің қасиеттісі. Жалыны оттай жайнаған достық та, амал-айласы бұқпантайлап жасырынған қастық та бір ғана жүректің әмірімен болмақ. Жүрек - адам мүшесінің патшасы, ол - шындық сүйетін әділ патша. Сондықтан жүрекке шын берілген көңіл, шынайы достық, айнымас махаббат, нәзік сезім, сүттей ұйыған ауыз бірлік, ағайын арасының балдай татулығы қажет. [2.260]

  1. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде :

... Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр

Бұл өлеңінде ақын жігіттерге болашақ жар таңдауда ақыл-кеңес береді. Ол жүрекке ден қояды. Жар алған соң оның жүрегі әр түрлі толқында жүретіндігін түсін, артық-кемшілігі болса кешіре бел, сабырлы, төзімді бола білдейді. Жарының толқыған сезімін түсіне білу деген ой салады.

Абай өлеңдеріндегі «жүрек» сөзінің 1 реттен қолданылу

Өлеңі аты

Жүрек сөзі

1

«Жігіт сөзі» («Айттым, сәлем, қаламқас»)

Жүрек балқып игенде

2

«Қыз сөзі»

Жүрегіне от жанып

3

«Есіңде бар ма жас күнің»

Жаралы болған жүрекке

4

«Жастықтың оты жалындап»

Жас жүректе жанған шақ.

5

«Жүрегімнің түбіне терең бойла»

Жүрегімнің түбіне терең бойла

6

«Ауру жүрек ақырын соғады жай»

Ауру жүрек ақырын соғады жай

7

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»

Қаза көрген жүрегі жаралы - ол

8

«Буынсыз тілің»

Сезімпаз көңіл Жылы жүрек

9

«Домбыраға қол соқпа»

Жүрегім, соқпа, кел тоқта

10

«Ем таба алмай»

Жас жүрегім, Жанды менің

11

«Жапырағы қуарған ескі үмітпен»

Ыстық жүрек, өң-шырай, қуат пен күш?

12

«Бөтен елде бар болса»

Аз жүрегін жалғайды

13

«Көлеңке басын ұзартып»

Себеді сорлы жүрекке

14

«Жақсылық ұзақ тұрмайды»

Үрпейген жүрек басылмай

15

«Малға достың мұңы жоқ малдан басқа»

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

16

«Жүректе қайрат болмаса»

Жүректе қайрат болмаса

17

«Қор болды жаным»

Жай таба алмай жүрек,

18

«Қуатты оттай бұрқырап»

Ынталы жүрек сезген сөз

19

«Өкінішті көп өмір кеткен өтіп»

Жүрегінде жатады өкпе сызы

20

«Әбдірахман өлгенде»

Айнымас жүрек, күлкің - бал.

21

«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап»

...Жүрегіңе сүңгі де түбін көзде

22

«Желсіз түнде жарық ай»

...Дүрсіл қағып жүрегі.

23

«Құлақтан кіріп, бойды алар»

...Жүрегім бойды жылытып.

24

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»

...Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп.

25

«Білімдіден шыққан сөз»

... Жүрегі - айна, көңігі - ояу

26

«Сегіз аяқ»

...Жүректен тербеп.

27

«Көлеңке басын ұзартып»

... Себеді сорлы жүрекке

28

«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»

...Толқынын жүрегіңнің хаттай таныр

Абай өлеңдеріндегі «жүрек» сөзінің 2 реттен қолданылу

Өлеңі аты

Жүрек сөзі

1

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

Асау жүрек аяғын шалыс басқан

Жүрегіңнің түбіне терең бойла

2

«Көзінен басқа ойы жоқ»

Жүректің көзі ашылса

Жүректе айна жоқ болса

3

«Ойға түстім,толғандым»

Жүрегімді байқасам

Ғаділетті жүректің

4

«Оспанға»

Жау жүрек жомарт құбылмай

Жалын жүрек суынбай

5

«Жүрегім, нені сезесің»

Жүрегім, нені сезесің

Күйесің, жүрек, күйесің

6

«Әбдірахманға Кәкітай атынан хат»

Жүректің сөзін сөйле, тіл

Жас жүрегім қозғалса

7

«Өкінішті көп өмір кеткен өтіп»

Жүрегінде жатады өкпе сызы

Қосылған босаспайды жүрек жігі

8

«Білектей арқасында өрген бұрым»

...Жүрекке ыстық тиіп салған сайын,

...Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе.

9

«Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында»

...Сән салтанат жұбантпас жас жүректі,

...Епке көнер ет жүрек сату емес

10

«Адамның кейбір кездері»

... Кірлеген жүрек өзі ішін

... Ызалы жүрек, долы қол...

11

«Өзгеге, көңілім, тоярсың»

... Өз жүрегім толғансын

... Жүрегіңмен тыңдамай.

12

«Болыс болдым мінеки»

... Сияз бар десе жүрегім

... Жүрек кетті дүпілдеп

13

«Ерекше естен кетпес қызық қайда»

... Ақылды, асыл жүрек, сөзі майда.

... Жүректен ізі кетпес қызық көрсек

Абай өлеңдеріндегі «жүрек» сөзінің 3 реттен қолданылу

Өлеңі аты

Жүрек сөзі

1

«Сен мені не етерсің»

Ет жүрек өртенді

Шын жүрек - бір жүрек.

2

«Алла деген сөз жеңіл»

Ынталы жүрек, шын көңіл

Жүректің ақыл суаты,

Білмейдүр, жүрек сезедүр.

3

«Жүрегім менің қырық жамау»

Жүрегім менің қырық жамау

Кімді сүйсе бүл жүрек.

Қан жүректі қайғылы-ау.

4

«Жүрегім, ойбай соқпа енді»

Жүрегім, ойбай соқпа енді

Сорлы жүрек мұнша ауыр

Сенделеді ит жүрек.

5

«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»

Жүрек тербеп, оятар баста миды

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Жылы жүрек қайда бар қозғаларлық?

6

«Кейде есер көңіл құрғырың»

... Асау жүрек алқынар.

... Жүректің отын сөндірмес.

... Жүрегі жұмсақ білген құл

7

«Әуелде бір суық мұз - ақыл зерек»

...Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

...Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.

...Тулап қайнап бір жүрек қылады әлек.

Абай өлеңдеріндегі «жүрек» сөзінің 4 реттен қолданылу

Өлеңі аты

Жүрек сөзі

1

«Көзімнің қарасы»

...Жүректен қозғайын

...Жүректе оты жоқ

...Өрттенген жүрекке

... Жүрегім лүпілдеп

2

«Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас»

... Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас

...Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
... Жүректен қызу-қызба кете қалса

... Достық, қастық, бар қызық - жүрек ісі

Осы өлеңдерінен Абай Құнанбайұлының «Жүрек» сөзіне ерекше көңіл бөлгенін көреміз. Кейбір өлеңдерінде мысалы: «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас» өлеңі : жүрек сөзі 4 түрлі мағынада қолданған, жүрек - теңіз - жүректі теңізге теңесе, жүрек қалмас - өмірде адамға жүрексіз қызықсыз, жүректен - адамның қызу-қызбасы кетеді, жүрек ісі - достық, қастық барлығы жүректен бастау алады деп көрсеткен.

Ұлы ақынымыз «жүрек» сөзін ең алдымен айтар ойын оқырманға көркемдік құрал ретінде қолданған. Мысалы, у жүрек, қан жүрек, ынталы жүрек, жас жүрек, үрпиген жүрек, жалын жүрек, сорлы жүрек, ет жүрек,ауру жүрек, жаралы жүрек, тағы да басқа.

Сондай-ақ, «жүрек» сөзін ұлы ақынымыз келешек ұрпағына қалдырған ақыл-нақыл, өсиеттерінде жиі қолданылған. Мысалы, «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста», «Жүрегіңе сүңгі де түбін көзде», «Жүрегімнің түбіне терең бойла Жүрегімнің түбіне терең бойла», «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейді ақын. Ақын өзі жырлайтындай «Алла махаббатпен жаратқан Адам атаулысының басты қасиеті - Абайға «жылы жүрек» жатыр».

Абай «жүрек» сөзі арқылы халықтың қайғысын, мұңын, өзінің қайғы-мұңымен ұштастыра отырып жырлаған.

1.3 Пушкин өлеңдеріндегі жүрек сөзінің қолданылуы

Қазақ халқының ақындары секілді орыс халқының ақындары да «жүрек» сөзін өз шығармаларына арқау еткен. Орыс халқының ұлы ақыны Пушкин шығармаларын сүйіп оқығандықтан, оның 1983жылы шыққан «Избранное» кітабына 44 өлеңі енгізіліпті. Осы өлеңдерінің 17 өлеңінде «жүрек» сөзі 23 рет кездеседі. Ақынның өлеңдерінің құрылымы әр түрлі (тармақтары жағынан). Пушкиннің басым көпшілік өлеңдерінде «жүрек» сөзі 1 реттен 13 өлеңінде кездессе, 2,3 реттен кездесетін «жүрек» сөзі екі-екі өлеңде қолданылған. Мысалы, «Погасло дневное светило», «Разговор книгопродавца с поэтом» өлеңдерінде 3 түрлі мағынада кездеседі. Енді ақынның өлеңдерінде жүрек сөзінің қолданылу санына тоқталатын болсам.

  1. «Деревня» өлеңін ақын 1819 жылы жазған. 4 шумақтан тұратын, бірақ шумақтары әр түрлі келеді. «Жүрек» сөзі соңғы шумақта кездеседі. Мысалы :

... О, если б голос мой умел сердца тревожить![6.10]

Дауысым менің өзге жүректердің тынышын алса ( басқа адамдарды алаңдату ) деген мағынада қолданылған.

  1. «Жил на свете рыцарь бедный» 1829 жылы жазылған өлеңінде :

Он имел одно виденье,

Непостижное уму,

И глубоко впечатленье

В сердце врезалось ему.[6.13]

Бұл өлеңде басты кейіпкер Рыцарь Иса пайғамбар Мария анасының образына ғашық болып, айналасындағы бір әйелге көңілі аумайды. Автор мына өлеңде «жүрек» махаббат сезімінің тереңдігін, ештеңеге ұқсамайтығының көрсетеді, ары Рыцарьдің көңілсіз жүргенінің себебін ашады. « В сердце врезалось ему» деген сөздер шарықтау шегі деп ойлаймын. Өлеңі 14 шумақты, 4 тармақты өлең. «Жүрек» сөзі 2 шумақтың 4 тармағында кездеседі Өлеңі 14 шумақты, 4 тармақты өлең. «Жүрек» сөзі 2 шумақтың 4 тармағында кездеседі.

  1. «Воспоминания в Царском Селе» өлеңін 1814 жылы жазған. Ол 20 шумақты 8 тармақты. «Жүрек» сөзі соңғы шумақтың 6 тармағында кездеседі.

Да снова стройный глас героям в честь прольется,
И струны гордые посыплют огнь в сердца,
И ратник молодой вскипит и содрогнется
При звуках бранного певца.... [6.21]

Бұл өлеңде әр дәуірде қоғам дамуында жалғыз елбасшы мен қолбасшылардың рөлдері ғана емес, ақынның маңызы зор екені көрсетілген. Ақындардың сөздері адамдарды ерлікке шақырады. Мұнда «И струны гордые посыплют огнь в сердца», деген батырлардың ерлік сезімдерін тудырады мағынадасын қолданылған деп ойлаймын.

  1. «Вольность» (Ода)1817жылы жазылған өлеңі, ол 12шумақты, 8 тармақты өлең. 10шумақтың 8тармағында кездеседі. Мысалы :

И слышит Клии страшный глас

За сими страшными стенами,

Калигулы последний час

Он видит живо пред очами,

Он видит - в лентах и звездах,

Вином и злобой упоенны,

Идут убийцы потаенны,

На лицах дерзость, в сердце страх.[6.25]

Өлең кейіпкерлері ел басшылары, олардың қатыгез, зұлым екендігін, бүкіл адамзатты қорқытып ұстаған адамдар. Бірақ әр зұлымдықтың ақыры болады. Сол кезде олардың да бойында қорқыныш сезім билейді. Бұл сезімді жүрек образы арқылы көрсетеді.

Пушкин өлеңдеріндегі «жүрек» сөзінің 1 реттен қолданылу

Өлеңі аты

Жүрек сөзі

1

«Деревня»

... О, если б голос мой умел сердца тревожить!

2

«Жил на свете рыцарь бедный»

В сердце врезалось ему.

3

«Воспоминания в Царском Селе»

И струны гордые посыплют огнь в сердца

4

«Вольность»

На лицах дерзость, в сердце страх.

5

«К Чаадаеву»

... Пока сердца для чести живы

6

«Я пережил свои желанья»

... Плоды сердечной пустоты

7

«Если жизнь тебя обманет»

... Сердце в будущем живет;

8

«Воспоминание»

... Змеи сердечной угрызенья;

9

«Зимний вечер»

... Сердцу будет веселей.

10

«Что в имени тебе моем?»

... Есть в мире сердце, где живу я

11

«Бесы»

... Надрывая сердца мне

12

«Осень»

... Легко и радостно играет в сердце кровь

13

«Пора, мой друг, пора! Покоя сердце просит»

... Пора, мой друг, пора! Покоя сердце просит

Пушкин өлеңдеріндегі «жүрек» сөзінің 2 реттен қолданылу

Өлеңі аты

Жүрек сөзі

1

«Редеет облаков летучая гряда»

... Над мирною страной, где все для сердца мило,

... Там некогда в горах, сердечной думы полный

2

«19 октября»

... Кому бы мог пожать от сердца руку

... Полней, полней! И, сердцем возгоря.

Пушкин өлеңдеріндегі «жүрек» сөзінің 3 реттен қолданылу

Өлеңі аты

Жүрек сөзі

1

«Погасло дневное светило»

... И все, чем я страдал, и все, что сердцу мило

... И сердце хладное страданью предала.

... И вы забыты мной... Но прежних сердца ран

2

«Разговор книгопродавца с поэтом»

... Я так и вспыхну, сердцу больно

... Тревожить сердца тяжкий сон?

... Там сердце их поймет одно

Ұлы ақын Пушкин «жүрек» сөзі арқылы өлеңдерінде адамның көңіл-күйін, өмірге көзқарасын, әлеуметтік жағдайын, тағы да басқа қырларынан көрсете білген.





ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ


Зерттеу жұмысынан байқағанымыздай екі ұлттың ұлы ақындары адамның өмірін жандандырып тұратын ең басты ағза - жүректі ұтымды да, тиімді өз шығармаларында жан-жақты, тура да, ауыспалы мағынада да шебер, көркемдеп суреттей білгенін байқаймыз. Қазақтың ұлы ақыны «жүрек» сөзін ұтымды қолданған. Мәселен, «жүрек ісіне» деген ол рақымдылық, мейірбандық жүректің ісі болып табылады деп көрсеткен. Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе ақын шығармаларындағы «жүрек» сөзінің қолданылу санына тоқтаслсақ. Мәселен Абайдың 50 өлеңін зерттедім, бұл өлеңдерінде «жүрек» сөзі 2 өлеңінде төрт рет қолданылса, 7 өлеңінде «жүрек» сөзін әр өлең тармақтарында үш-үштен қолданылған, ал 13 өлеңінде екі-екіден болса, 28 өлеңінде бір реттен қолданған. Сонымен жалпы осы 50 өлеңінде «жүрек» сөзін ақын 85 рет тура да, ауыспалы мағынада қолданған. Яғни «жүрек» сөзін елі, халқы, өз туралы өлеңдерінде жиі қолданған. Сондай- ақ, талданған өлеңдерін оқи отырып, ақынның көңіл-күйін білуге болады.

Ал Пушкин өлеңдер жинағында ақынның 44 өлеңі беріліпті, соның 17 өлеңінде 17 рет «жүрек» сөзі берілген. Пушкин өлеңдерінде де «жүрек» сөзі арқылы махаббат, елін, халқын қорлаған басшылардың іс-әрекеттерін шебер суреттеген. Басым көпшілік өлеңдерінде 1 реттен «жүрек» сөзін қолданылған.



ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Интернет желісінен

  2. Абай энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 1995ж

  3. Мұхтар Әуезов «Абай Құнанбаев» Монографиялық зерттеу.- Алматы: Санат, 1995. - 98-179б.

  4. Абай Құнанбаев. - Алматы: Мектеп, 1987. - 8-100б.

  5. Қанипа Бітібаева. Мектепте Абайды танытудың жаңашыл әдістемесі мен технологиясы. - Өскемен: Рекламный Дайджест, 2013. - 3-142б.

  6. А.С.Пушкин. Избранное.- Москва: Просвещение,1983





24


© 2010-2022