Слайд презентация по казахскому языку на лексическую темуТәтті тоқаш

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқамерзімді жоспар

Пән:қазақ тілі

Мерзімі:14.03.2015ж

№23

10 «Б»

Мұғалім: Ержанова Б.Н.

Сабақтың тақырыбы : Қ.Толыбаев «Тәтті тоқаш»әңгімесі

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды «Тәтті тоқаш»әңгімесімен таныстыру,негізгі идеясын ашу.Туған елге,жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,сөйлеу тілін дамыту

Күтілетін нәтиже:Оқушылар мәтін мазмұнын аша білді,түсінді,сыни тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлға қалыптасады.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,презентация,стикер,фломастер

Оқыту әдісі:СТО,топпен,жеке жұмыс,миға шабуыл

Оқыту кезеңдері

уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

1.Сәлемдесу

2.Психологиялық ахуал «Шаттық шеңберін»құру

3.Сандық ретпен топқа бірігеді

4.Бағалау парағын таныстыру,тарату

Мұғаліммен сәлемдеседі,шаттық шеңберіне ортаға шығып,бір-біріне жылы тілектер айта отырып,топқа бірігеді

Білу

7 мин

«Ой қозғау» стратегиясы.Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

-Уақыт жоспарлау дегенді қалай түсінесің?

Оқушылар үй тапсырмасын (презентация немесе кластер арқылы)көрсетті

Түсіну

12 мин

Миға шабуыл. Слайдта берілген мақал -мәтелдің жалғасын тапқызу.

-Балалар, бұл мақалдар- мәтелдер не жайында?

-Әрине,туған жер.Яғни,біздің бүгінгі танысатын әңгімеміз туған жер жайында болмақ деп ойлайсыңдар ғой.Неліктен лексикалық тақырып «Тәтті тоқаш»деп аталды екен?Оны мәтінмен танысу барысында түсінеміз.Сонымен алдымызға қандай мақсат қоямыз? Алдымен сабаққа кіріспес бұрын мен сабағымыздың эпиграфымен таныстырып өтейін. Мәтінмен таныспас бұрын түсініксіз сөздермен сөздік жұмысын жүргіземін.

Ал енді мәтінмен жұмысқа көшелік.Оқушыларға мәтінді кезекпен оқытамын,топішінде талқылайды.Қарсы топтар әңгіме мазмұны бойынша бір -біріне 1-2 сұрақ дайындайды.

Екі топтан қысқаша мазмұнын айтады.

Оқушылар берілген мақал-мәтел жалғасын табады.

Сабақтың мақсатын өздері табуға әрекет жасайды.Мәтінді

мәнерлеп оқып,қысқаша мазмұнын айтады,сұрақ қояды

Қолдану

7 мин

Оқулықпен жұмыс.

2-тапсырманы орындау.диалогтің тыныс белгілерін қойып,көшіріп жазыңдар.Мына сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талдаңыз.Ерте заманда бұл жерде қараторғайлар қаптап жүреді екен.Екі-үш күннен кейін егін алқабында комбайндар жүйткіді.Слайдтағы мақал-мәтелдегі асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасайды:

Оқушылар берілген грамматикалық тапсырманы тақтада орындайды,сөйлемді талдайды.

Талдау

5 мин

-Сонымен тақырып түйіні неде? Неліктен автор өз әңгімесін осылай атаған?

Оқушылар тобынан өз ойларын айтады: нанның ерекше дәмі арқылы автор туған жерге деген құрметін,сүйіспеншілігін жеткізбек болды.

Жинақтау (синтез.)

5 мин

Туған жер туралы, Ассамблея туралы бейнеролик көрсетіп,оған эссе жаздырту.

Қазақстан халқы асссамблеясының неше жылдығын тойлаймыз?Біздің ауылдың адамдары да көп ұлтты,осы сыныпта да әр ұлт өкілдері бар.

Өз туған жер,Отандарың жайлы не айтасыңдар?

Оқушылар туған жер,Отан жайында жазған эсселерін оқиды

Бағалау

3 мин

Топ лидері өз тобының оқушыларын критерийлер бойынша бағалайды.

Қорыту, өз жұмыстарына баға беру.

Бағалау парағын толтырады.

Үйге тапсырма

2 мин

«Менің туған жерім»шағын шығарма жазу

Үй тапсырмасын жазып алды

Рефлекция

2 мин

Сабақ соңында алынған рефлексиядан оқушылардың ойларын, сабақтан алған әсері туралы білдім

Оқушылар сабақта алған әсерлерін жазып, стикерлерді ілді.

Тексерілді: 14.03.2015ж







© 2010-2022