Жауапкершілік пен жауапсыздық сабақ жоспары

Раздел Другое
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалпы орта білім беретін Шипов мектебі

Пәні: Өзін-өзі тану

Сыныбы: 1

Уақыты:

Тақырыбы: «Жауапкершілік пен жауапсыздық»

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: Өзіңді - өзің алдамау, мақтанбау,шыдамдылық, байсалдылық

Мұғалімі: Заитова А.А

«Уәде берсең - орында »

Халық мақалы

Мақсат-міндеттері:

-«Жауапкершілік» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу;

-жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту;

-оқушылардың жауапкершілігін дамытуға ықпал ету;

-өз сөзіне, ісіне жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Құралдар, мәлiметтер

Ұйымдастыру кезеңi.

Амандасу. Түгендеу.

-Cәлeмeтciздep мe, құрметті ұстаздар,бaлaлap, сіздepмeн кeздecyгe қyaныштымын. Бүгiнгi күн бiз үшiн қызықты дa, қyaнышты дa бoлaтынынa ceнeмiн!

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізелеріне қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін....

-Рахмет.
-Не елестетіңдер?

(Мен жылулық сездім),(мен гүлдің баяу ашылып жатқанын ),

(Мен нұр сәулесін аяғыма таралғанын сездім), мен Қолыммен жылулықты сездім),Ал мен жақсы сөздерді,тіліктер айтығым келді.

-Ендеше бәріміз хормен:

-Мен тек жақсы сөздерді айтамын,

-Мен тек жақсыны көремін,

-Мен тек жақсы жолмен жүремін.

Үй тапсырмасын тексеру.

Әңгімелесу.

Атқарамыз әр істі,

Жақсыға біз лайық.

Жауаптылық сезініп,

Уәдеге тұрайық.

  • Уәде беру дегеніміз не?

  • Тапсырылған істі дер кезінде орындайтын оқушы қандай оқушы?

Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға «Өкініш» әңгімесін оқып, сқрақ қою арқылы талдайды.

Өкініш

Атасының тапсырмасын орындап тастамақшы болып Қайырбек қораға қарай беттеді. Дарбазаның сыртынан біреудің ысқырғаны естілді.

  • Қайырбек, жүр кеттік. «Бірлік» ауылының балалары келіпті. Осы жолы оларды нөлмен қатырмасақ па? ....

  • Қайырбекті ұятқа қалдырған қай әрекеті?

  • Қайырбектің атасы не үшін ұялды?

  • Қайырбектің орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Дәйексөзбен жұмыс.

Оқушыларға бұл дәйек сөздің мағынасын түсіндіріп өтеді.

«Уәде берсең - оында»

Халық мақалы

Сергіту сәті.

Оқушылардың бойларын сергіту мақсатында сергіту сәтін ұйымдастырады.

«Макарена» әніне бірге қосылып би қимылдарын жасайды.

Ойын-жаттығу.

«Мен жауапкершілікті баламын...» деп аталатын ойын-жаттығуда оқушылар өз білім-біліктерін қолданып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік береді.

Плакатта баспалдақтармен көтерілгелі тұрған баланың суреті берілген. Жеке-жеке іс-әрекеттерді білдіретін сөздер жазылған қатты қағаздарды (үлкен әріптермен) Ақботаның қоржынына салады. Оқушылар кезектесіп тақтаға шығып, қоржыннан қағаз алып, оқиды. «Мен жауапкершілікті баламын...» деген сөзді қағазда жазылған сөзбен қосып оқиды.

Қағазда жазылатын сөздер: уәдеме тұрамын, өзіме сенімді боламын, өзімді басқара білемін, сабақтан кешікпеймін, айтқан сөзімді орындаймын және т.б.

Топпен ән айту.

Оқушыларды топпен ән айтуға шақырады.

Дәптермен жұмыс.

Оқушылар сабақта алған білімдерін дәптермен жұмыста бекіте түседі.

Дәптердегі суреттерге қарап, олардың мазмұны бойынша жауапкершілік, жауапсыздық сөздерін қатыстырып әңгімелейді.

1-суретте: Екі бала әкесімен бірге ағаш көшетін отырғызды. Әкесі балдарына ағаштың күтімі туралы ақыл-кеңес беріп тұр.

2-суретте: Бірінші бала ағашқа су құйып жатыр. Оның ағашы тіп-тік болып, болып, жапырағы жайқалып өсіп тұр.

3-суретте: Екінші баланың ағашы қурап тұр. Ал баланың өзі алаңсыз доппен ойнап жүр.

Қорытынды.

Сабақ қорытындыланады. Сабақ өз мақсатына жетті.

Үй тапсырмасы: Дәптермен жұмыс аяқтау.


© 2010-2022