Көркем әдебиет сабағынан Түлкі мен тырна тақырыбының жоспары

Тақырыбы: «Түлкі мен Тырна» ертегісі Мақсаты: 1)Балалардың халық  ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру. 2)Ертегі арқылы балалардың ой-қиялын дамыту. 3)Балаларға кейіпкерлердің  рөлін ойнауды үйрету, сөздерін жаттау. Қолданылатын көрнекі құралдар: Суреттер,құрастыру суреті «Түлкі мен тырна» Сөздік жұмыс:Тырна,жайпақ табақ,құмыра. Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті     Мотивациялық- қозғаушылық Ынталандыру,сезімді ояту. Балалар, бүгін ерекше күн біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін  көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік. Ұйымдастыру кезеңі. Ал енді шеңберге тұрып бір-бірімізге жақсы сөздер айтайық. Шаттық шеңбері:        Алақанды ашайық,        Күннің нұрын салайық,        Жүрек жылуын салайық,         Осы жақсы лебіздерді         Бір-бірімізге сыйлайық.   Енді орнымызға отырайық.       Қонақтармен сәлемдеседі.     Алақандары арқылы бір-біріне жылы сөздерін жеткізеді.   Шеңбер  бойына тұрып орындайды.        Орындарына отырады. Ұйымдастырушылық- ізденістік Балалар қазір жылдың қай мезгілі?   Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?   Көктемнің  ерекшеліктері   қандай? Дұрыс! Есікті тарсылдатып қонақ келеді. Ертегілер елінен орманшы атай хатшы апай арқылы тапсырма беріп жіберіпті. Ал енді осы хаттың ішіндегі тапсырманы оқып берейін.Менің немерелерім ертегі кейіпкерлерінің суретін құрастырып берулерін өтінемін.   Осы парақтарды құрастыру керек.Қандай ертегі кейіпкерлері бейнеленген.Біз қандай ертегілер білеміз? Жарайсыңдар ендеше түлкі мен тырна е... Көктем мезгілі.   Күн жылынады,қар ериді.   Құстар ұшып келеді, Ағаштар бүршік жарады.       Мұқият  тыңдап отырады.         Түлкі мен тырна бейнесі Бауырсақ, Мақта қыз мен мысық т.б.   Мұқият тыңдап отырады.       Ұнады! Жеке,топша толық жауаптары.     Қимылдар жасайды.         Қызығушылық танытады. Рефлексиялық-түзетушілік Қорытындылау: Балалар,сендерге достарыңның орындаған ертегісі ұнадыма? Ертегіде қандай кейіпкерлер бар? -Түлкі қандай аң? -Тырна қандай құс? -Қандай ыдысқа тамақты салып берді? Жарайсыңдар, балалар өте жақсы ойнадыңдар! Рахмет сендерге өнерлеріңе өте ризамын.       Ұнады. Түлкі, тырна Жабайы,қу. Мойны ұзын. Жайпақ табақ, құмыра. Күтілетін нәтиже: Білуге тиіс:Балалар ертегі кейіпкерлерін атай білуі, қимыл-қозғалыстарын сала білуі, дауыс ырғағын келтіре  білуі керек. Игереді:Ертегінің мазмұнын түсінді.   Меңгереді:Жақсы қасиеттерді.
Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Салтанат» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы:«Түлкі мен тырна»ертегісі

(2-ші сәбилер тобы)



Тәрбиеші:С.Е.Утебаева



Петропавл қаласы

2014жыл

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:23.04.2014жыл

Топ:2

Білім беру саласы:Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Түлкі мен Тырна» ертегісі

Мақсаты:

1)Балалардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру.

2)Ертегі арқылы балалардың ой-қиялын дамыту.

3)Балаларға кейіпкерлердің рөлін ойнауды үйрету, сөздерін жаттау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Суреттер,құрастыру суреті «Түлкі мен тырна»

Сөздік жұмыс:Тырна,жайпақ табақ,құмыра.

Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-

әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Ынталандыру,сезімді ояту.

Балалар, бүгін ерекше күн біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін көптеген қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Ұйымдастыру кезеңі.

Ал енді шеңберге тұрып бір-бірімізге жақсы сөздер айтайық.

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық.

Енді орнымызға отырайық.

Қонақтармен сәлемдеседі.

Алақандары арқылы бір-біріне жылы сөздерін жеткізеді.

Шеңбер

бойына тұрып орындайды.

Орындарына отырады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Көктемнің ерекшеліктері қандай?

Дұрыс!

Есікті тарсылдатып қонақ келеді.

Ертегілер елінен орманшы атай хатшы апай арқылы тапсырма беріп жіберіпті.

Ал енді осы хаттың ішіндегі тапсырманы оқып берейін.Менің немерелерім ертегі кейіпкерлерінің суретін құрастырып берулерін өтінемін.

Осы парақтарды құрастыру керек.Қандай ертегі кейіпкерлері бейнеленген.Біз қандай ертегілер білеміз?

Жарайсыңдар ендеше түлкі мен тырна ертегісін есімізге түсірейік.

Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын ашу.

Біз бүгін түлкі мен тырна ертегісін есімізге түсірдік.

Сендерге ертегі ұнады ма?

Түлкі кіммен дос болыпты?

Түлкі тырнаны қалай күтті?

Бой сергіту сәті:

Қанат жаям жалма-жан

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам

Аяғымның ұшына.

Сахналық көрініс:

Балалар,біз қонақтарға «Түлкі мен тырна» ертегісін сахналап рөлге бөліп берейік.

Ортаға екі баланы шығару.

Көктем мезгілі.

Күн жылынады,қар ериді.

Құстар ұшып келеді, Ағаштар бүршік жарады.

Мұқият тыңдап отырады.



Түлкі мен тырна бейнесі

Бауырсақ, Мақта қыз мен мысық т.б.

Мұқият тыңдап отырады.

Ұнады!

Жеке,топша толық жауаптары.

Қимылдар жасайды.



Қызығушылық танытады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қорытындылау:

Балалар,сендерге достарыңның орындаған ертегісі ұнадыма?

Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

-Түлкі қандай аң?

-Тырна қандай құс?

-Қандай ыдысқа тамақты салып берді?

Жарайсыңдар, балалар өте жақсы ойнадыңдар!

Рахмет сендерге өнерлеріңе өте ризамын.

Ұнады.

Түлкі, тырна

Жабайы,қу.

Мойны ұзын.

Жайпақ табақ, құмыра.

Күтілетін нәтиже:

Білуге тиіс:Балалар ертегі кейіпкерлерін атай білуі, қимыл-қозғалыстарын сала білуі, дауыс ырғағын келтіре білуі керек.

Игереді:Ертегінің мазмұнын түсінді.

Меңгереді:Жақсы қасиеттерді.

© 2010-2022