Көкірек көзін ашайық Урок самопознание

Раздел Другое
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сынып

Тақырып: Көкірек көзін ашалық!

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Адамгершілік

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың бойында адам туралы, оның табиғи ішкі мүмкіндіктері, мінез-құлқы туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу, бағалай білу және өзін-өзі дамытып, жетілдіре алу және өсу, есею жөнінде түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділігі:

- адам өмірінің үнемі дамып, өсіп, жетіліп отыратын құбылыс екендігін ұғындыру;

Дамытушылығы:

- адам бойындағы барлық қасиеттерді, өзіндік ерекшеліктерді дамыта отырып, оқушыларға әр адамның ішкі мүмкіндігінің зор екендігін және оны тиімді пайдалана алуға үйрету;

Тәрбиелілігі:

- оқушыларды өзін-өзі басқара алуға, өздігінен іздене білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу,түгендеу, 5-құрал-жабдық,оқулық дәптер,күнделік,қалам,бейджик)

Тыныштық сәті :

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)

немесе

1..................2

.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәйексөз:

«Көкіректе сәулесі жоқтың көңілінде сенімі жоқ.»

Абай

  • Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Адам өзі армандаған жетістіктеріне қол жеткізу үшін не істеуі керек деп ойлайсыңдар?

Әңгімелеу(сұхбат):

  • Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?

  • Өздерің жақын тұтқан адамдарды біраз уақыт көрмесеңдер қандай күйде боласыңдар?

  • Сағыныш дегенді қалай түсіндірер едіңдер?

  • Өз бойларыңнан қандай өзгеріс байқадыңдар?

  • Өздеріңмен бір жасқа есейгендеріңді қалай түсіндірер едіңдер?

.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс:( сахналау)

Оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекеттерін дамытып, олардың өзіндік пікірін дамыту мақсатында оқулықта берілген К.Сегізбаевтың «Өсіп - өнсін ағаштар» атты әңгімесін оқу ұсынылады.

-Адамның өсіп- жетілуінің басқа тіршілік иелерінен өзгешелігі неде?

-Адамның жан дүниесіне қандай қасиеттер сәуле береді?

-Адам руханилыққа қалай қол жеткізеді?

-Кекілді балақанның бойында қандай жақсы қасиет бар деп ойлайсыңдар?

6.Топпен ән айту.

  • Сөзі: Ш.Сариев

  • Әні: Қ.Дүйсекеев

Ойлан, балам

Ойлан, балам, өмір деген өтпелі,

Бұл дүниеге кімдер келіп, кетпеді.

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары,

Қайта оралмас бұл өмірдің көктемі.

Ойлан, балам!

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған,

Ойлан, балам!

Ойлан, балам, алда үміт, арманың,

Алда сенің нұрлы күнің, таңдарың

Қайта оралмас жас шағымның көзіндей,

Қайта оралмас ғұмырымды жалғадың.

Ойлан, балам!

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған,

Ойлан, балам!

Ойлаң балам, елің-жұртың, салтың бар,

Мұратына жетер адам талпынған.

Таудай биік азаматы болсаң да,

Биікпін деп айтпа, балам, халқыңнан!

Ойлан, балам!

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған,

.Үй тапсырмасы.

Б. Бұлқышевтің «Адам - өз өмірінің суретшісі» мәтінін оқып келу

Ойлан, балам!

.Соңғы тыныштық сәті. (Тыныштық....бар жерде,тыныштық.....бүкіл әлемде) Тыныш әуен қойылады.

© 2010-2022