Қазақ тілінен сабақ жоспары Менің киімім (2 сынып)

Раздел Другое
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сабақ: Қазақ тілі

Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Менің киімім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Киімдердің қазақша атауларын үйрету, тақырып төңірегінде сөйлей білуге баулу. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер жасауға машықтандыру.

Дамытушылық: Тілдесім әрекетін жетілдіру.Сауатты жазу, оқу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Киімдерді таза ұстау әдеттерін қалыптасыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сурет бойынша жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба, оқулық

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Кезекшімен сұхбаттасу.

II. Өткенді қайталау.

III. Жаңа сабақ.

Вот что мы одеваем? Как одним словом это можно назвать?

Дұрыс одежда, ал одежда киім деп аталады.

Сөздікпен жұмыс.

Киім - одежда, ұзын -длинный, қысқа - короткий.

Тапсырмалармен жұмыс:

Жазылым.

1- тапсырма Тірек сызба бойынша киімдерді атау, түстермен үйлесімді түрде байланыстырып жазу.

Айтылым.

«Есіңе сақта» атты тақырыптағы тапсырмалармен (П - Б, К - Г, Қ - Ғ) практикалық жұмыс жүргізу. Басқа да мысалдар келтірту.

Менің көйлегім

Сенің көйлегің

Сіздің көйлегіңіз

Оның көйлегі

2- тапсырма. Жаңа сөздермен сөйлем құра.

Менің көйлегім ұзын. Сенің етігің қысқа.

Сергіту сәті

Қарлығашқа ұқсайық,

Кәне, қанат жазайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып алайық.

Біз тынығып аламыз.

3-тапсырма. Сұраққа жауап бер.

  • Сенің жейдең қандай?

  • Оның етігің қандай?

  • Сенің шалбарың қандай?

  • Оның жемпірі қандай?

ІV.Бекіту кезеңі.

Өзіңді тексер. Аударып сөйле.

Красные сапоги. Белая рубашка. Короткое платье. Длинные сапоги. Черные брюки. Длинный шарф.

V.Қорытынды.

1.Үйге тапсырма беру. Киім атауларын жазу. Өзіңнің 1-2 киіміңнің қандай екенін жаз.

2.Бағалау.

© 2010-2022