Статья Жаңа технологиялық үрдістерді күнделікті сабақта тиімді пайдалану

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Еліміздің егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру салаларында жүріп жатқан жаңашаландыру мен ізгілендіру мектепте, үлкен оқу орындарында осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратан қуатты талпыныстарға жол ашты. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі - білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша әдіс-тәсілдер, жаңа көзқарас, дарынды шәкірттердің әлемде болып жатқан әр түрлі істерге ат салысуы, пікірталастарға араласуы, білім мазмұнын жетілдіру, жаңа буын оқулықтары "Атамұра" басылымдары мен жаңа оқу-әдістемелік кешендерге көшу жұмыстары қалыптасуда.

"Сабақ беру - үйреншікті, жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер",- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, келешек ұрпақтардың тәрбиесі ұстаздардың жалықпай еңбек етуін талап етеді. Ыбырай, Ахмет армандаған, өсер ұрпақ бойынан көргісі келген тамаша қасиеттерді шәкірт жүрегіне ұялата алсақ, ұстаз еңбегінің жанғаны."Адамның ең жаманы - талапсыздық",- деп Абай атамыз айтқандай, қазіргі заманда не ғылымға, не еңбекке, не өнерге талпына алмайтын өмірге икемсіз жандар кездесіп жатады."Адамды адам ететін еңбек. Еңбекке жарамсыз адам - өмір сүруге деген ынтасы қалай болады?"- деген Энгельс.

Сондықтан ұстаздар жүгі ауырлап, адамға өмірі сүру міндеті қиындап келе жатқанда, оқушы санасына сәуле себер түсінік пен ұлағатты ұғымды қалыптастыру, білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқцшының қабілет деңгелейрін қалыптастыруда "Сын тұрғысынан ойлау технологиясы", М.М.Жанпейісованың "Модульдік оқыту технологиясының" мазмұны ерекше екендігінің сабақта қолданғаннан байқауға болады.

Қазіргі заманда оқыту технологияларын меңгеру - өте күрделі де ұзақ үрдіс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сабақта қандай әдіс-тәсілдерді пайдалансаң да, басты мақсат мазмұнды ашу. Кейбір әдіс-тәсілдер бір-біріне ұқсас келеді. Осындай ұқсастықтарды жинақтай келе "Мынау жаңа технология деп қатып қалмай, оқушыға саналы білім берудің, дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана білу керек. Мен оқытудың жаңа технологияларын қарастыра келе, "Сыни және жазу тұрғыдан ойлау" технологиясы әдебиет пәніне әбебиет пәніне өте лайық деп таныдым.

Оқушылардың әдебиет пәніне деген қызығушылығын арттырып, білім жолында ізденіске жетелейтін, қазіргі кең қолданып жүрген әдіс-тәсілдерінің бірі - "Сыни "және жазу тұрғысынан ойлау" бағдарламасы. Бұл әдіс-тәсілдер, әсірісе, қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында белгілі бір тақырып аясын кеңейтіп, туған тіліміз бен әдебиетімізді ата тарихымызбен, этногрофиямен, көркем өнер түрлерімен, кейіпкер іс-әрекеттеріне баға беру, авторға, кейіпкерге хат жазу арқылы оқушыға жан-жақты кешенді тәрбие берудің мүмкіндіктері мол. Өз сабақтарымда тақырыпты терең меңгерумен бірге халқымыздың тарихын, әдет-ғұрпын, жөн-жоралғы, салт-дәстүрлерін оқушы бойына дарытуға көп көңіл бөлемін. Өткенімізді түснбей, болашаққа ұмтылу мүмкін емес. Сол себепті, мұндай сабақтар, сөз жоқ, оқушы белсенділігін арттырып, шығармашылық белестерге жетелейді.

Сыни тұрғысынан ойлау (сыншыл ой) дегеніміз не?

Ойлау да оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол- белсенді, тұжырымдалған, күрделі шын ойды атйтатын құбылыс. Сыншыл ойлауды мазмұннан тыс үйретуге болмайды. Сыни тұрғысынан ойлауды оқушыларға, студенттерге, мектеп бағдарламасының мазмұнынан, күнделікті мектеп өмірінен бөлек аса жақсы үйретілмейді. Сыни тұрғысынан ойлау студент тәжірибесінің белгілі бәр мазмұны, күтілген нәтижесі, күнделікті тұрмыс тіршілігі негізіне қатысты қаралса, онда ол аса ұтымды түрде үйретіледі.

"Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту" бағдарламасына негізделген сабақтар оқушыларды жан-жақты және тереңірек ашуға, оларға бағыт-бағдар беріп, әсер етуге, оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Мұндай сабақтарды өту барысында сабақтың мақсаты нақтыланып, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығушылығын арттырып, ой-өрісің дамытуға ерекше назар аударамын. Сыни тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқыту мен үйрету үшін бағдарламаның үш сатысын білу керек.

  1. Қызығушылықты ояту;

  2. Мағынаны ажырату;

  3. Ой толғаныс.

Қ - қызығушылықты ояту

  1. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар тақырып жайлы сұрақ қояды және нені үйрену керек екенін анықтайды

  2. Осы кезеңде тақырыпқа қызығушылық басталып, зерттеу қалыптасады.

М - мағынаны ажырату

  1. Жаңа идеяны қабылдау

  2. Ескі мен жаңаны ұштастыру

  3. Ойлау қабілетін кеңейту

  4. Не түсінгенін анықтау, мақсат қою, СТО талдау, салыстыру, синтездеу.

Т - ой толғау

  1. Үйренудің қабылдануы, іштей ойлауға үйрету

  2. Ой алмасу

  3. Жинақтау, ақпараттарды тәртіпке келтіру

  4. Ой алмастыру, ой түйістіру өз үйрену жолы

  5. Не істедік?

Оқушылардың дербес ізденісі жаңа білімді өз белсенділіктермен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға көмектеседі. Оқушылардың білім деңгейі өседі, егер ол оны өзінің байырғы білімі мен іс-тәжірибесі негізінде жасаса, оқушы байырғы білімі мен жаңа ақпаратты сабақтастыруға мүмкіндік жасалынады.

Жаңа үрдістерді сабақта пайдалана отырып, оқушылардың ойлау, өз ойын еркін жеткізе білуі, пікірталасқа араласуы, адамгершілік, оқу-білімге құштарлық, көркем шығарманы өз бетінше оқуға, шығармашылық ізденістер қалыптасатын байқадым.

1. "Екі түрлі түсініктеме күнделігі". Мағынаны ажырату сатысы.

Үзінді:

-Менің атым әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан тудыңдар. Анамен алыспайды да, атыспайды да, нең бар еді менің жалғызымда? Кел, ботам өзіме! - дегенде қолымыздағы қыздың қалай ыршып кеткенін білмеймін, секіріп барып шешесінің мойнына асылады.

Үзінді жайлы пікір:

Бұл әңгіме маған өте қатты ұнады. Себебі, бұл әңгімеде ұмытылмас ананың ерлігі, қызына деген махаббаты суреттеледі. Әр әйелдің арманы - ана болу. Ана арқылы бізде жарық дүниенің есігін аштық.

2. "Топтастыру" әдісі

Топтастыру оқушыларды еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылау бағытта қолданылатын оқу әдісі!

3. 5 минуттық эссе

Жұмыстың бұл түрі оқушыларды өз істеген істеріне ойлану керектігін, қолмен істеген істерін мойнымен көтеру керектігін түсіндіреді. Осылай қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп көше бастадым. Оқыту мазмұны оқушылардың қызығушылығы есебінде жүзеге асады. Сабақты әрі қарай оқушылардың өздері шығармашылық жұмыстармен толықтырып отырады.

Шығармашылық топтың жұмысы.

Әдебиет сабақтарында ой толғаныс сатысын жиі қолданған тиімді. Ой толғаныс сатысы:

Тақырып (1 сөз)

Кейіпкердің көңіл-күйі (2 сөз)

Оқиға орны (3 сөз)

Оқиға алдындағы қиыншылықтар (4 сөз)

Тақырыпты ашатын оқиға (5 сөз)

Кейіпкердің жан толғанысы (6 сөз)

Тақырыптың шешімі (7 сөз)

Осы әдістер оқушылардың өмірде болып жатқан оқиғалаарды нақты саралап, сараптама жасауына көмектеседі. Әрбір бала өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді. Шығармашылық жұмыс арқылы өзінің жеке білімін байқап дәне оған жаңа ойлар қосады.

Мысалы Ш. Құдайбердіұлының "Еңлік-Кебек" поэмасын өткен кезде сабақтың құндылығы жеке оқушылардың жұмыстарымен дараланып отырды.

Оқушы еңбегі.

"Еңлік-Кебек" поэмасына пирамидалық кесте:

  1. Ғашықтар

  2. Қуанышты, бақытты

  3. Шыңғыстау, қара жартас, тау үңгірі

  4. Адасу, менсінбеушілік, салтқа қарсылық, әйел бостандығы

  5. Бал аштыру, кездесу, ғашықтық, әдет-ғұрып, жер дауы

  6. Бақыт, батыр, өжет, ашу, ыза, қайсар

  7. Ұлы сезім, қолға түсу, жалғыздық, ашу, ыза, үш тілек, өлім.

Оқушылар өз ойларын өлеңмен, кейде "5 жолды өлең" әдісімен жеткізіп жатты. Осындай әдіспен лирикалық тақырыбына құрастырылғын 5 жолды өлең:

Махаббат (1 зат есім)

Ыстық, мөлдір (2 сын есім)

Күйдіреді, қуантады, өкіндіреді (3 етістік)

Жүрек отын талғайтын сезім (4 сөз сөйлем)

Ғашықтық (синоним)

Кез-келген әдіс-тәсілдерді сабақта пайдаланғанда оқушылар жауабының дәл, тұсінікті, ойының жүйесі, сөздері анық болуын талап етіп отырамын және барлық оқушыны сабаққа қатыстыруға тырысамын.

"Сыни және жазу тұрғыдан ойлау" бағдарламаның философиясын терең түсініп, әдістерін тиімді пайдаланған кездегі жеткен жетістіктерім:

  1. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланды

  2. Оқушылар өз бетінше ізденуге үйренеді

  3. Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге машықтанды

  4. Өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге үйренеді

  5. Тақырыпқа деген жан-жақты түсінігін аңғара отырып, ынтасын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалды

  6. Білімді игеру қаажеттілігін түсініп, өз бетінше әрекет жасайды

  7. Өз пікірін ашық айтып, пікірталасқа белсенді араласады

  8. Оқушылар бір-бірің тыңдайды, құрметтейді

  9. Оқушылар төп ішінде ынтымақтастықпен жұмыс істейді. Әдіскер ғалымдардың зерттеу еңбектерің мұғалім өзіне қолайлысың, оқушыларға тиімдісін ала отырып, оны өз сабақтарында қолдану үстінде кәсіби шеберліктерін арттырып отырады.

Халқымыздың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы "Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек" дегені маманның жадында болуы тиіс.



© 2010-2022