Работа с учениками на тему Как пользоваться абонементом

Раздел Другое
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әуезов орта мектебі















Көп оқып, көп білуге ұмтыл!

(Оқырманмен жұмыс)















Кітапханашы: Тубекбаева А.К



2014-2015 оқу жылы

Мақсаты: жаңа әдебиеттермен таныстыру. Оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі: дәйекті сөздер:

  1. Жақсы кітап - жан азығы

  2. Әрбір адамның ең жақсы досы- өмір досы кітап болуы тиіс. М.Әуезов.

  3. Кітап- ақылды қуаттандыратын құрал.

  4. Өмірде ең жақсы кеңесші кітап.

2. Кітап көрмесі. (жаңа әдебиеттер)

1-бөлім. Жаңа әдебиеттермен таныстыру. (пән мұғалімдері)

2- бөлім. «Көп оқып, көп білуге ұмтыл!» атты жас оқырмандарға бәсекесі. Оқушылардың кітап, оның шығу және қалыптасу тарихы жайлы түсініктерін, кітапты ұқыпты ұстауға және кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту. Жазушы жайлы кенірек мағлұмат білуге ықпал ету болып табылады.

Кіріспе.

Кітапханашы: Құрметті ұстаздар, жас оқырмандар! «Көп оқып, көп білуге ұмтыл!» атты кешімізге қош келдіңіздер.

Білімді ұрпақ - егеменді елдің берік тірегі. Білімді болу үшін рухани жан дүниеңіз бай, оған қоса адамгершілік , ізгілік, қайрымдылық қасиеттер болу керек. Осындай ізгі қасиеттерді, рухани байлықты, сөз өнерін біз кітап арқылы насихаттаймыз.

Кітап -рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. Кітаппен достассаң көп білесің. Қазір сіздер мектебіміздің кітапханасына келген жаңа әдебиеттермен таныс боласыздар. Пән мұғалімдері.

  1. Тарих пәнінің мұғалімі А.А.Альмуханов Сатаевтың «Тқл тарихымыздың тұнығынан».

  2. Қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі А.Құсаинова, З.Қабдолов «Дана дидар».

  3. Орыс тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі М.П Кандилиди, И.Щеголихин «Мир вам, тревоги прошлых лет» кітаптарымен таныстырады.

Кітапханашы: Кітап адам жүрегін, санасын, ақылын байытады, дүние танымын кеңейтеді. Ұлы Абай: «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деген болатын. Кітапты қызығып, сүйіп оқитын оқырмандар біздің мектеп кітапханасынан да көптеп табылады.

Бүгінгі бәсекемізді өз мәресіне жеткізу үшін ортаға кітапқұмар жас оқырмандарды шақырамыз.

Бәсеке шарттары бойынша 6 белестен өтулеріңіз керек.

Сүрінбей өтіп, мәреге жеткен оқырманға үлкен сыйлық пен. «Ең үздік кітапқұмар» атағы беріледі.

Әділқазылар алқасы тағайындалады.

Бәсекенің бірінші белесі: «Кітаптың шығу тарихы».Адамзат қағаз ойлап тапқанша жазу үшін қандай заттарды пайдаланған? Қазақ әліпбиінің атасы кім? Қай ғасырда қағаздарды ойлап тапты? Алғашқы баспа қалыбын қай ғасырда, кім ойлап тапты? т.б. сұрақтар төңірегінде болады. Төрт сұрақтан беріледі. Жауап әзір болғанша музыкалық сәлем беріледі.

Ән. «Туған жер».

Екінші белес: «Кітаптың ата-аналары».

Бұл белесте кітапты жазатын жазушылар мен ақындар жайлы мәліметтерді білу керек. Мысалы, қазақ жазушыларының арасында фамилиялары, аттары бірдей қандай ақын-жазушыларды, өнер, қоғам қайраткерлерін білесің?









© 2010-2022