Тіл ғажабы атты интеллектуалдық ойыны

Мақсаты: Интеллектуалдық ойын арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі мен пікір, ойларын еркін жүзеге асыруды қалыптастыру. Барысы:         Тіл – тәуелсіздігіміздің тұғыры, тірлігіміздің айғағы, ұлттық сана, ұлттық рухты бекемдей түсетін темірқазық. Ғылым  мен техниканың даму қарқыны білім беру саласында оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер, оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Мемлекеттік тіл –біздің ана тіліміз. Мемлекеттік тілдің деңгейін көтеруге ат ...
Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақкөл орта мектебі















«Тіл ғажабы»

интеллектуалдық ойыны



















Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ф.А.Азмағамбетова







2013 жыл

Мақсаты:

Интеллектуалдық ойын арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі мен пікір, ойларын еркін жүзеге асыруды қалыптастыру.

Барысы:

Тіл - тәуелсіздігіміздің тұғыры, тірлігіміздің айғағы, ұлттық сана, ұлттық рухты бекемдей түсетін темірқазық. Ғылым мен техниканың даму қарқыны білім беру саласында оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер, оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Мемлекеттік тіл -біздің ана тіліміз. Мемлекеттік тілдің деңгейін көтеруге ат салысу -ұлтын, елін сүйген әрбір қазақстандық азаматтың парызы.

I кезең:

Топтармен танысу, ұрандарын тыңдау.

Екі топқа бөлініп өзара сайысқа түсті. Топ атаулары: «Зергерлер» мен «Сөз мергендер»

II кезең:

«Сұрақ-жауап»

  1. Қазақ тілі туралы ең бірінші заң қай жылы қабылданды? (1989 жылы)

  2. Қазақ тілінің туыстас тобы?(түркі тілдес тобы)

  3. Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін тіл туралы заң қай жылы қайта қабылданды?(1997 жылы 11 шілдеде)

  4. Заңның 4-бабында не айтылған?(«ҚР -ның мемлекеттік тілі -қазақ тілі» )

  5. Әлемде ең көп тараған тіл?(қытай тілі)

  6. Рун жазулары дегеніміз не?(құпия жазулар)

  7. Қай топқа жатады?(қыпшақ -ноғай тобына)

III кезең:

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні...» -мақал -мәтелдер сайысы

  1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

  2. Оқу білім азығы, білім ырыс азығы.

  3. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

  4. Өнер алды қызыл тіл.

  5. Тіл буынсыз, ой түпсіз.

  6. Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.

  7. Шешеннің тілі, шебердің бізі.

  8. Адамға келген он бәленің тоғызы тілден.

  9. Тәрбие тілден басталады.

  10. Тіл атағыңды өсірер де өшірер.

IV кезең:

«Кім жүйрік?» -жаңылтпаштарды жатқа оқу.

  1. Гүлжамила бақташы, гүлге толы бақшасы

  2. Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?

  3. Жағажай ,жағажайда Қамажай,

Жағажайды жағалай,

Жүгіреді Қамажай.

  1. Сең сел емес,

Сел сең емес,

Мен сен емес,

Сен мен емес.

  1. Оқуда Ораз озар ма екен?

Ажар озар ме екен?

V кезең:

«Өткенге шолу»- тіл тарихына үңілу.

«Құпия жазулар туралы»

Қорытынды:

Бүгінгі интеллектуалдық ойынымызды қазақтың көрнекті сөз зергері Ғ.Мүсірепов атамыздың тіл туралы эпитетімен аяқтаймын.

«Қазақ тілі -бай тіл, оралымды, ырғақты,теңеу бейнелері ерте туған тіл».

© 2010-2022