Мұғалім –оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып, күн болам!

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда,кім болам?! - деп сонау XX ғасырдың басында Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқан ғой.

Егер, ағартушы,педагог-ұстазды күнге теңесек, күн сәулесін жерге тегіс шашады ғой.

Ұстаз-мұғалім де кластағы барлық оқушыны мейірім шуағымен қуаттандырып,ұйымдастыра білуі қажет.

Бүгінгі сіз бен бізге ортақ тақырып - Мұғалім -оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы

Мектептегі оқу-тәрбиені ұйымдастырушы әрі іске асырушы тұлға - мұғалім. Мұғалім, бұл- арнайы дайындығы бар,педагогикалық қызметпен кәсіби деңгейде айналысатын адам.Мұғалім төккен маңдай тердің жемісі тұлға.

Шаңырақты - Мұғалім -ұйымдастырушы деп алсақ,оқушылардың танымдық іс-әрекеті деп керегені алайық,алайда, осы шаңырақ пен керегені байланыстыратын уық қой. Уықтардың қызметін мұғалім қызметтері,мұғалімге қойылатын талаптар,мұғалім шеберлігі атқарады.

Мұғалім қызметтері деген не?

(Аудиториямен жұмыс)

Білгір мұғалімдердің қызметі - дайын білімді қолдау емес,оқушыға жаңа ой пайымдауға көмектесу.Демек,педагогикалық еңбектің өзегі -адам қалыптасуына себін тигізетін барша үдерістерге басшылық жасау.

Мұғалім нәтижесі - танымдық іс-әрекеті дамыған,озық ойлы адам.

Ол үшін алға мақсат қою керек.

1.Оқушылар дамуының тән-дене және психикалық ерекшеліктерін зерделеу.

2.Ақыл және адамгершілік тәрбиесінің деңгейін саралау.

3.Отбасылық тәрбие жағдайын пайымдау.

Болашаққа ой жүгірте алмайтын,неге ұмтылатынын пайымдауға өресі жетпейтін педагог «алдым жөн, артым соқпақ» деп тәуекел сапар шеккен жолаушыға ұқсас.

Мұғалімге қойылатын талаптар қандай?

(Аудиториямен жұмыс)

Қазақта: «Жеті рет өлшеп,бір рет кес»,-деген керемет мақал бар.Ендеше,мұғалімге қойылатын негізгі жеті талапты жеті өлшемге теңер едім.

1.Ұйымдастырушылық.Мұғалімнің оқушыларды оқу-танымдық істерге тартуы,міндеттерді бөлістіру,қызмет жоспарлауы,орындалған істерге қорытынды жасауынан және тағы басқа ептіліктерінен көрінеді.

2.Дидактикалық.Оқу материалдарын,көрнекі құралдарды,техникалық оқу жабдықтарын жинақтау және дайындау;оқу мазмұнын түсінікті,анық мәнерлі,нанымды баяндау,оқушыларды өздерінің танымдық қызығулары мен рухани қажеттерін дамытуға ынталандыру,олардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру.

3.Түсінім.Мұғалімнің өз шәкірттерінің жан-дүниесіне еніп,олардың көңіл-күй кейпін шынайы бағалауға,психикалық ерекшеліктерін тани білуде көрінетін ептіліктері.

4.Қарым-қатынастық.Өз әріптестерімен,оқушыларымен,олардың ата-аналарымен,оқу орны жетекшілерімен жақын іскерлік байланыстар түзуде көрінетін мұғалім ептіліктері.

5.Ықпал таныту.Көңіл-күй,ерік әсерлері арқылы оқушыны билеу.

6.Зерттеушілік.Педагогикалық жағдайлар мен үдерістерді шынайы танып,бағалау ептіліктерімен іске асырылатын қабілет.

7.Ғылыми-танымдық.Педагогика,психология,әдістеме салаларындағы ғылыми жаңалықтарды игере білу қабілеттерімен белгіленеді

Мұғалімге қажет кәсіби сапалардың және бір тобы -ұстамдылық пен сабырлылық.

Мұғалім мінезінің жан сезімталдығы -оқушы қалпын,оның көңіл-күйін сезіп,көмекке зәру болғандарға дер мезетінде қол ұшын беру қажеттілігін білдіретін барометр.

Мұғалімнің ажырамас кәсіби қасиеті - бұл әділдік.Оқушылардың біліміне,ептіліктері мен дағдыларын бағамдау сарабы оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей ықпал етеді.

Ұстаз ісінің жемісі - талаптан.Мұғалім қатаң да жоғары талапты алдымен өзіне қойғаны жөн,себебі өзінде болмағанды өзгеден,әсіресе,оқушыдан талап ету -қиянат.

Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі -ой-өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы.Заман ағымымен теңдей қадам атамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет.

Мұғалім шеберлігі деген не?

(Аудиториямен жұмыс)

Педагогикалық шеберлікте ең алдымен көрінетін аса қажетті сапа -ұйымдастырушылық.Оқу үдерісінің қандай жағдайында болмасын,тіпті қолайсыз болған күнде де,тәрбие,даму және білімнің алдын-ала жоспарланған деңгейіне қол жеткізу.Қазіргі заман оқу әдістерін жете меңгеру де осы шеберліктің бір қыры.

Шеберлік деңгейінен көріне алмаған мұғалім баланың ойлануына,пікір жүргізуіне мүмкіндік бермей,өз білгенін оған қандай да бір жолмен таңа салуға ұмтылады.Ал шебер ұстаз сол білім арқылы баланы оқу ләззатына бөлеп,қуанышқа жеткізеді.Бір жұмыс не әдіс түрін қайталай беруден оқушы жалығады,сондықтан жаңа да соны тәсілдерді шаршамай іздестіру мұғалімнің шартты міндеті болмақ, сонда ғана оқушылардың танымдық-іс әрекеттерін ұйымдастыра аламыз.

Ахмет Байтұрсыновтың «Егіннің бастары» деген мысалында әкесі мен баласы егін даласына барады.Жайқалған егін арасында басын тік көтеріп жалғыз масақ тұрады.Сонда әкесінен баласы сұрайды ғой: «Әке,анау бидай неге масайрап,басын тік салып,мәз болып тұр?»- деп

Сонда әкесі: «Барлық бидайдың басы масаққа толы,сондықтан олар иіліп,иба сақтап тұр.Ал,ана жалғыз бидайдың басында ешқандай масақ жоқ»,-деп жауап беріпті.Осы жалғыз бидай секілді оқушыдан гөрі ,жалғыз бидайға ұқсаған ұстаздар әлде қайда қауіптілеу деп сөзімді аяқтаймын.



© 2010-2022