«Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі кітапхананың рөлі

Раздел Другое
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі кітапхананың рөліАлматы облысы, Талдықорған қаласы

М.Ломоносов атындағы №5 мектеп -лицейінің кітапханашысы Джамбулбаева Раушан

Тақырыбы: «Жас ұрпаққа патриоттық

тәрбие берудегі кітапхананың рөлі»

Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі қоғамның басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа сапалы білім берумен бірге заман талабына сай патриоттық тәрбие беруі. Патриоттық білім, ол қоғамда білімнің тез және шапшаң қарқынмен дамуына байланысты туындайды. Өйткені оқушылардың мектепте ғана алған білімдерімен шектеліп қалуға болмайды.

Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге құрмет,қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіру, патриоттық білімділігін арттыру үшін патриоттық білім, патриоттық сана, патриоттық іс-әрекет қажет. Әр оқушы білімді өздігінен ізденіп, ғылыми және техникалық ақпараттарының ағымына бағдар ұстау дағдысын қалыптастыруы қажет.

Патриоттық білім - оқушылардың іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен білім алуы, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.

Патриоттық сана - сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда Отанды сүю, елін қорғауға байланысты басты ұғымдарды ашып көрсету арқылы қалыптасады.

Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үдерісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін патриоттар тәрбиелеуді ерекше талап етеді. Жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру үдерісіндегі іс-әрекетіне қажетті, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың мәндерін тереңірек анықтау қажет.

Қазіргі қоғамдағы патриоттық сана екі топтан тұратын біртұтас жүйе ретінде беріледі:

1.Оқушылардың сана-сезімін өз ұлтының мәдениеті мен ана тілін меңгеру негізінде дамыту.

2.Әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамдық қасиеттер жүйесін меңгеру негізінде дамыту, яғни оқушылардың өз халқының тарихы мен мәдени дәстүрлерін үйрену, зияткерлік пен эмоционалды дамуы, сондай-ақ әлем халықтары мәдениетінің дамуындағы бір-біріне ықпалы туралы түсінігін қалыптастыру.

Кітапхана жас ұрпақтың оқу орны ретінде заманауи орталық болғандықтан, жас жеткіншектерді ұлтымыздың патриотизмге бай тарихын, жауынгерлер мен батырлардың ерліктерін , ата-бабаларымыздың өнегелі өмірін жас ұрпаққа жеткізу патриотизмге баулудың бірден-бір көзі.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу, қай халықтың болмысын тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі. Халық батары Бауыржан Момышұлы: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік пен ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы тұл, келешегі тұрлаусыз» деген Б.Момышұлының өзі де ұлтжанды азамат екенін артында қалдырған қанатты сөздерінен көрініс табады.

Жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін біздің мектептің кітапханасында оқырмандарды қызықтыру үшін сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Мектеп кітапханасы арнайы дәстүрлі көрмелермен жабдықталған. Жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған елге, туған өлке туралы патриоттық сезімін ояту мақсатында «Егеменді елім, Қазақстаным менің», «Абай дана, Абай дара қазақта», «Ана тілім -асыл мұрам», «Жер жаннаты- Жетісу»т.б атты тақырыптық көрме жасақталып, ондағы мақсат ғасырлыр бойы қастерлеп тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, сияқты қасиеттерді сіңіру, қадірлеу,қорғау, қастерлеуді түсіндіру. Сонымен қатар, кітапханада Елбасының Жолдауына байланысты «Келешекті болжаған кемел Жолдау» атты кең көлемде кітап көрмесі жасалынып, Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары, барлық жылдардағы жолдаулар қойылған. Жолдаудың ерекшелігі жөнінде оқушылар арасында баяндамалар оқылып, талқыланды. Оқушыларға қазақ халқының ұлтжанды ақындарының шығармашылықтарын насихаттау, асыл әдеби мұралары арқылы жас ұрпақ бойына ұлтжандылық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен әдеби танымдық кеште кітап көрмесі, слайдтар пайдаланамыз.

Заманауи жастар көпшілік шараларды жаңа түрлерін, жаңаша мазмұнын талап етеді. Жылма жыл кітапхана 7-9 мамыр күндерін жаңа мазмұнмен өткізу талабы алға шықты. Сол себепті «Жеңіс жадымда жаңғырады...» атты әдеби бәйге ұйымдастыруды мақсат етемін. Бәйге талабы жастар еңбектерін Ұлы Отан сғысына қатысқан өз аталары немесе тылда ерен еңбек етіп, жарын соғыстан сағына күткен асыл әжелері туралы жазу болмақ. Осы еңбектерін жазу барысында әрбір жасөспірім аталары, әжелері туралы іздестінеді, сұрастырады, көнерген альбомдар ашады, естеліктер ақтарылады. Ол жерде кітапхана отбасылық ұрпақтар сабақтастығына дәнекер болады,аталар ерлігін білуге жастардың құлшынысын оятады деп үміттенемін.

Балаларды жанашылдыққа жетелей отыра, өткенімізді білетін, бүгінгімізді түсінетін, болашаққа сеніммен қарайтын азаматтарды тәрбиелеу. Сондықтан, оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді. Қорыта айтқанда, мектеп кітапханасы рөлі жылдан жылға артып келеді. Олай болса, жақсы кітаптың бар қазынасын оқырман жүрегіне жеткізіп, рухани керегімізге айналдыра білейік.

© 2010-2022