Қазақ тілінен сабақ жоспары: Адам бойындағы жақсы қасиеттер 6 сынып

Раздел Другое
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6 сынып Қазақ тілі 9.01.15

Сабақтың тақырыбы : Адам бойындағы жақсы қасиеттер.

Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа тақырыпты меңгерту.Көптік жалғау жалғанбайтын сөздер.

2. Сөздік қорын, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3 Адам бойында адамгершілік қабілетін, әдеп нормаларын сақтау әдетін үйретіп, өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа деген дайындықтарын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақ. Рахмет,мархабат, кешіріңіз, айып етпеңіз.Бұл сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер? Қандай сөздерге жатады?Адам бойындағы жақсы қасиеттерге жата ма? Проблемалық сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

  1. Оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтіннен үзінді беру. Мәтінді түсініп оқып, қалай түсінгендерін айту. Мәтінге ат қою. Мәтінге сұрақтар дайындау.

1-топ. Біз қайда барсақ та үнемі адамдар арсында жүреміз, көшеде, мәдени орындарда, вокзалда т.б. жерлерде де кейбір мәдениетсіз жастардың қылықтарынан ұяласың. Ол өзгені де өзін де сыйламау. Немесе жасы үлкенге жол беру, орын беру, көмек көрсету кейбір оқушылар тарапынан өте сирек кездеседі. Менің ойымша бұл-әдепсіздік.

2-топ. Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлемдеседі. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау-мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысықтап, тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп, әдеп сақтауы керек. Мысалы, кей оқушылар өздеріне сабақ бермейтін мұғалімдермен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, мәдениетсіздік деп ойлаймын.

3-топ. Сөйлескен адамға үнемі ілтипат білдіріп, көңіл аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде жан-жағына қарау, теңселу, алаңдап, сөзді шала тыңдау ұят болады. Сондай-ақ, асығыс тез сөйлеу, мақтана сөйлеу, қаты сөйлеу, сөзді бұзу, аяғына дейін тыңдамау - әдепсіздіктің белгісі.

  1. Мәтіннен көптік жалғау жалғанған сөздерді теріп жазып, ықпалдарды анықтау, морфологиялық талдау жасау. Үлгі: адамдар -кімдер?, зат есім, жалпы, көпше.

Адамдар - ілгерінді ықпал.

  1. Есте сақтаңдар! Лексикалық мағынасы көптік ұғымды білдіретін сөздерге көптік жалғауы жалғанбайды: мал,қар,су,жаңбыр, мұнай, газ, тары, шаш,тұз. Ай, Жер, т.б. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

  2. Сергіту сәті. Тренинг өткізу. Презентация

  3. Мақал -мәтелдермен жұмыс.Түсініп оқып, мағынасын қалай түсінетіндер айтып, о. тілінде баламасын табу. «Ерді -намыс, қоянды-қамыс өлтіреді», «Арыңды сатпа, теріңді сат» «Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала.»

ІІІ . Бекіту. Сәйкестендір

Бала дер тұз лер

Гүл тар кеме дар

Кітап лар су тер

ІV. Қорытынды жасау

V. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма: Ізетті бала Жаттау.







6 сынып Қазақ тілі Адам бойындағы жақсы қасиеттер.

1-топ. Біз қайда барсақ та үнемі адамдар арсында жүреміз, көшеде, мәдени орындарда, вокзалда т.б. жерлерде де кейбір мәдениетсіз жастардың қылықтарынан ұяласың. Ол өзгені де өзін де сыйламау. Немесе жасы үлкенге жол беру, орын беру, көмек көрсету кейбір оқушылар тарапынан өте сирек кездеседі. Менің ойымша бұл-әдепсіздік.

2-топ. Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлемдеседі. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау-мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысықтап, тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп, әдеп сақтауы керек. Мысалы, кей оқушылар өздеріне сабақ бермейтін мұғалімдермен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, мәдениетсіздік деп ойлаймын.

3-топ. Сөйлескен адамға үнемі ілтипат білдіріп, көңіл аударып тұрған жөн. Сөйлескен кезде жан-жағына қарау, теңселу, алаңдап, сөзді шала тыңдау ұят болады. Сондай-ақ, асығыс тез сөйлеу, мақтана сөйлеу, қаты сөйлеу, сөзді бұзу, аяғына дейін тыңдамау - әдепсіздіктің белгісі.

  1. Мәтіннен көптік жалғау жалғанған сөздерді теріп жазып, ықпалдарды анықтау, морфологиялық талдау жасау. Үлгі: адамдар -кімдер?, зат есім, жалпы, көпше.

Адамдар - ілгерінді ықпал.

  1. Есте сақтаңдар! Лексикалық мағынасы көптік ұғымды білдіретін сөздерге көптік жалғауы жалғанбайды: мал,қар,су,жаңбыр, мұнай, газ, тары, шаш,тұз. Ай, Жер, т.б. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңдар.

  2. Мақал -мәтелдермен жұмыс.Түсініп оқып, мағынасын қалай түсінетіндер айтып, о. тілінде баламасын табу. «Ерді -намыс, қоянды-қамыс өлтіреді», «Арыңды сатпа, теріңді сат» «Әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала.»

ІІІ . Бекіту. Сәйкестендір

Бала дер тұз лер

Гүл тар кеме дар

Кітап лар су тер




© 2010-2022