Баяндама: Ар ұят туралы

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ар-ұят туралы

Ар-ұят түсінігін иеленуші жеке адам болып саналады. Ар-ұят "адамның жеке өмірінің әр түрлі оқиғаларын көре білу, бағалай білу және оған қайғыра білу қабілеті". Жоғары моральдық құндылықтар деңгейінде барлығы ар-ұятпен бағаланады. Психологиялық ұят ар-ожданды алдын ала анықтайды, ал ұят пен борыш өзара әрекетіндегі адамгершілік пен мақсатқа ұмтылудың негізгі реттеушісі десек болады. Осы кәсіби мақсат "адамның кәсіби жетілу процесімен бірге" қалыптасады. Кәсіби ар-ұят өз кезегінде осы процестің табысты жағдайы болып табылады.

Ар-ождан, ар-ұят - ізгілік пен мейірімді, инабаттылық пен имандылықты білдіретін ұғым, қоғамда қалыптасқан нормаларға сай әр адамның өз іс-әрекетін бақылауын, ойлауын, сезімдерін, мінез-құлықтарын бағалауы.

Кәсіби ар-ұят қоршаған ортаның пікіріне тәуелді болмайды, ал ұят басқалардың пікіріне бағытталады. Кәсіби ар-үят іс-әрекет пен парыздың бағалануына қарай қалыптасады. Кәсіби ар-ұят парыздың орындалуына жетелейді. Кәсіби ар-ұят - адамның алдындағы кәсіби жауапкершілігі. Намыс - жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттердің бірі. Жауапкершілік - біреуге тапсырылған немесе белгілі бір іс-әрекет барысында оның қорытындысын өз мойнына алатын жеке адамның міндеттемелері. Осы жауапкершіліктің, кәсіби ар-ұят ретінде қалыптасуының күрделі сәті туралы Генри Форд былай деп жазады: "Менің табыстарымның құпиялылығы басқа адамның көзқарасын түсініп, заттарға оның және өзімнің көзқарасыммен қарай білу қабілетімде түр".

Ар-ұят жалғыз: "ол адамда не бар, не жоқ".

Кәсіби борышты, сананы, жауапкершілікті қалыптастырудың негізгі қозғаушы күші адамның өзін-өзі кәсіби жағынан тәрбиелеуі болып саналады.

© 2010-2022