Ашық сабақ Әр елдің салты басқа

Раздел Другое
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Әр елдің салты басқа. 11-сынып

Сабақтың мақсаты: «Әр елдің салты басқа» мәтіні бойынша өз ойларын шығармашылықпен жеткізе алады, сөйлемдерде жалғаулықтарды дұрыс қолдана білуі.

Сабақтың міндеттері:

Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.

Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушы білімдерін тексеру

Сабақта алған білімдерін жан-жақты талдау.жалғаулықтарды сөйлемдерде дұрыс қолдана алу, 5 жол өлең құрастыру.

Сабақта алған білімдерін жинақтау.

Күтілетін нәтиже:

1. Жалғаулықтарды сөйлемде дұрыс қолдана алады.

2. «Әр елдің салты басқа» тақырыбы бойынша өз ойын еркін жеткізе алады.

3.Өзінің іс-әрекетіне талдау жасай алу.

Сабақтың көрнекілігі: таныстырылым(монитор),плакаттар,оқулықтар,түрлі маркерлер,стикерлер.

Қолданылатын әдістер: (Сыни тұрғыдан ойлау), (Диалогтік оқыту) топпен белсенді әрекет, ой қозғау сұрақ-жауап; (Ақпараттық-коммуникациялық технология), таныстырылым; (Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту), кеспелер; (Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау) кері байланыс, бағалау парақтары

Қолданылатын модульдер:Блум таксономиясы,сын тұрғысынан ойлау,диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ-ны пайдалану

Жұмыс түрлері: Топтық жұмыс, кластер, бірлесе жұмыс жасау, пікір алмасу, сұрақ-жауап, жадыны дамытуға арналған тапсырмалар, топпен жұмыс, жеке жұмыс, жұппен жұмыс.

Сабақтың барысы:

Психологиялық ахуал.Ортаға шығып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.Шеңберге тұрып, топқа бөлу.3 мин

Блум таксономиясы бойынша

1.Білім:.(3 мин)

-Балалар, САЛТ, ДӘСТҮР деген сөздер қандай мағына береді?

-Қандай салт-дәстүрлерді білеміз?

-Қалай ойлайсыздар әр елдің салттары бірдей ме?

Сөздікпен жұмыс (3мин)

салт, дәстүр -традиция

рухани -духовно

саяси ахуалы - политическое положение

ишарат - намек без слов

жымию-улыбаться

тіл табысу-находить общий язык

2.Түсіну:Мәтінді түсініп оқу,аудару.

І топ кластер құрып, қорғайды,ІІ топ сұхбат құрастырады, ІІІ топ жағдаят (көрініс) .(15 мин)

Әр елдің салты басқа.

Ел көріп, жер көріп, рухани байып, өзгергенге не жетсін. Әрине саяхатқа шығарда бәріміз барар жеріміздің ауа райын, суын, тағамдарынғ саяси ахуалын сұрап алып жатамыз.

Сондықтан да біздің "ымымызды", үнсіз жауабымызды көбі дұрыс түсінбейді. Мәселен, бас шайқау бізде келіспеуді, "жоқ" дегенді білдірсе, Болгария, Мысыр елінде және Үндістанда ол келіскенді білдіреді. Еуропа елдерінің көбінде жиі қолданылатын "о-кей" белгісі келісім, ризашылық белгісін білдірсе, Францияда жағымсыз көңіл күйді білдіреді, ал Бразилияда бұл ұятсыз, жағымсыз ишараны білдіреді.

Біздің "тамаша" деп бас бармағымызды жоғары көтергеніміз басқа елдерде жолда такси ұстату үшін немесе "өз жолыңмен жүре бер" дегенді білдіреді екен.

Әлемде бұлардан да қызық қимылдар болады екен. Мәселен, Тибетте алдыңыздан шыққан жолаушы сізге тілін көрсетсе, таңғалмаңыз, ренжімеңіз, себебі ол сізбен амандасты.

Қайда барсаңыз да, қай елде болсағыз да ең жағымды, бәрі түсінетін ишарат - бұл сіздің шырайлы күлкіңіз. Ең тиімді байланыс жасау түрі-күлімсіреу. Күлкі - ол тіл табысуға, достасуға көмек береді.

3.Қолдану: «Бес жолды өлең» құрастырады. (5мин)

1. Зат есім - салт, дәстүр

2. Сын есім - сыпайы, үлгілі

3. Етістік - қолданады, игереді, құрметтейді

4. Сөйлем - Әр елдің салты әр түрлі.

5. Синоним - дәстүр, әдет-ғұрып

Сергіту сәті 2 мин

4.Талдау:Берілген кеспелерге тиісті жалғаулықтарды қойып жазу, бір сөйлемге синтаксистік талдау жасау, сөйлем түрін анықтау.

№ 1 Көп нүктенің орнына қарсылықты білдіретін жалғаулық қойып жаз, бір сөйлемге синтаксистік талдау жаса, сөйлем түрін анықта.
Ән басылып қалды, .... гитара сазы тоқталған жоқ.
Теңіз тынышталды, .... еш нәрсе көрінбейді.

№2 Көп нүктенің орнына себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын қойып жаз, бір сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Үйдің іші суық, .... от әлі жағылған жоқ.
Ол баяу оқиды, .... ол аз дайындалады.
Оқуға баруды армандаймын, .... көп оқимын.

№3 Кезектес салалас сөйлемдерді дұрыс аяқта.
Клубта кейде кино болады, кейде .... Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде ....Кейде көңілді болып жүреді, кейде ....Бірде боран соқты, бірде ....
(баяулатып жүреді, жауын жауды , мұңлы болады, қызықты баяндамалар тыңдалады).

№4Көп нүктенің орнына талғаулы салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын қойып жаз.Сен немесе шық, .... кір. Бұл жерде не сен тұрарсың, ... мен тұрармын.

№ 5Сөйлемдерді ыңғайласа байланыстырып жаз, бір сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Көктем келді ..... күн жылынды.Қоңырау соғылды .... оқушылар сыныпқа кірді.
Жиналыс бітті .... халық тарқай бастады.

№6 Көп нүктенің орнына талғаулы салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын қойып жаз.Сен немесе шық, .... кір. Бұл жерде я сен тұрарсың, ... мен тұрармын.

№7Көп нүктенің орнына себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын қойып жаз, бір сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Ол әнді жақсы айтты, .... бірінші орын алды.
Күн кешкіріп кетті, ..... амалсыз қалуға тура келді.

№8Көп нүктенің орнына қарсылықты білдіретін жалғаулық қойып жаз, бір сөйлемге синтаксистік талдау жаса, сөйлем түрін анықта.
Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады.
Тұрмыстары жүдеу, дегенмен бәрін алдымызға қойды.

5.Жинақтау: Адамдарға ұнау үшін бес ереже ойлап жазу (5мин)

  • Басқаларды тыңдай біліңіз.

  • .......

  • ........

6.Бағалау. (әр топтын бағалау парағын жинап алу) (3 мин)

білім түсіну қолдану талдау жинақтау бағалау

Оқушы аты

Мәтінмен

жұмыс

Бес жолды өлең

Кеспелермен

жұмыс

Адамдарға ұнау үшін

бес ереже ойлап жазу

бағалау

қорытынды










Оқушының аты ......«5»- өте жақсы,белсенді жұмыс істегені үшін

Оқушының аты ...... «4» - жақсы жұмыс істегені үшін

Оқушының аты ...... «3» - барлық тапсырмаларға белсенді қатыспағаны үшін

Оқушының аты ...... «2» -сабаққа қатыспағаны үшін

Үйге тапсырма: 49 бет, 5-тапсырма

Рефлексия:(музыка қосып қою)стикерге не білдім, нені білемін, нені білгім келеді туралы өз ойларын жазу. (2мин)

© 2010-2022