Ең жақсы сыйлық диктант

Раздел Другое
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: қазақ тілі

Сыныбы. 4 «Б»

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Ең жақсы сыйлық»

Сабақтың мақсаты: білімділік: «Ең жақсы сыйлық» мәтінін толықтай оқып, таныстыру; дамытушылық: оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын молайту; тәрбиелік: адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі: диктант

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме, оқушылар?!

-Бүгін сабақта кім жоқ?

-Дәлелді ме?

II.Жаңа сабақ.

1.Мәтінді үш рет оқу, мазмұнымен таныстыру.

2.Мәтіндегі кездесетін тыныс белгілерді анықтау.

III.Дәптермен жұмыс. «Ең жақсы сыйлық» мәтінін дәптерге жазамыз.

Досыңды атаулы мерекемен немесе туған күнімен құттықтағың келгенде кітап сыйлағаның дұрыс. Кітап -ең жақсы сыйлық. Қажет кітапты мұқият таңдап алуың керек. Өзің мазмұнын білмейтін, кез келген кітапты сыйға тарту дұрыс емес. Тағы бір ескеретін нәрсе сөзіңді кітапқа жазуға болмайды.

Грамматикалық тапсырма.

1.Құттықтау сөзінде неше буын бар?

2.Кітап сөзіне фонетикалық талдау жаса.

IV.Қорытынды.

Мәтінді бір оқып шығамын. Мәтінді оқушылар өздері тексеріп шығады. Оқушылар дәптерді тапсырады.

V. Қатемен жұмыс.

VI.Үйге тапсырма. Сөздікті жаттап келу.

YII.Бағалау.


© 2010-2022