Абай өмірі. Ашық сабақ

Раздел Другое
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

09.01.2014. Қазақ әдебиеті 10 «А» сыныбы.

Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы.

Мақсаты: 1. Оқушыларға А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармаларының қыр - сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, теориялық негіздерді меңгерту.

2. Қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру .

3. Туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі оқыту әдісі, сұрақ - жауап әдісі

Көрнекілік: Әдебиет электронды оқулық, интерактивті тақтасы, суреті, кестелер, сызбалар, тест.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткенді пысықтау. Сандар сөйлейді.

1835-1865, 1856, 1841-1889, 1864-8-14, 1879, 1845-1904

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Абай туралы не білесіңдер?

  • «Ескітам» медресесінде қай жылы оқыды? (1853)

  • Семейдегі АхметРиза медресесінде қашан оқыды? (1855)

  • Абай қай жылдары әкімшілік, билік жұмыстарына араласты? (1858)

  • Абай шығармаларының тұңғыш жинағы қашан жарияланды? (1909)

2.Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы деректермен танысу.

ІV. Оқулықпен жұмыс.

V. Өздік жұмыс.

1.Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы "Қазақ" газетінде жарияланған мақаласында Абайды қалай бағалады? («Қазақтың бас ақыны » деп бағалады.)

2.Қай жазушы Абайды:

"Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі", - деп бағалады. (Мұхтар Әуезов)

3.Шыр етіп түскен сәбиді етегіне орап, көтеріп алған мейірбан жүзді қарт әйел, әне, сол қадірлі бидің бәйбішесі, яғни мына сәбидің туған әжесі ... болатын. (Зере)

4.Шешесі мінезге бай, ауылға жайлы, сонысымен аса сыйлы қай бәйбіше еді? (Ұлжан)

5.Тіпті сүйікті немересінің азан айтып қойған ... деген атына тілі келмей, оны "ойлы болсын, аңдағыш болсын, абайлағыш болсын" деген тілекпен Абай атандырған да сол аяулы кәрі әже - тұғын. (Ибраһим)

VІ. «Жүйесін тапқан сөз жүрекке жетеді» Даналық ойдан дән ізде! Берілген үзінділердің авторын табу.

  1. Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе,

Адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге. Сұлтанмахмұт Торайғыров

  1. Абай шығармашылығының дені - халықтың қамын жеген, демократтық идеядан нәр

алған, сыншыл реализм бағытымен суреттеген шығармалар. Тұрсынбек Кәкішев.

  1. Әрбір ұлы ақын тәрізді Абайдың ұлылығы сол - ол қай әдебиеттен үйренсе де, жалаң шәкірт боп қалмай, данышпан ұлттық ақын болды. Зәки Ахметов

  2. ... Адамшылық ой қиялы өте таза, ұлтжанды, елін - жерін сүйген кісі еді. Міржақып Дулатов

VІІ. Бағалау.

VІІІ.Үй тапсырмасы . Оқу, мазмұндау, іздену жұмысы .

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы. «Абай - дара, Абай - дана қазақта» шығармаға дайындалу.



© 2010-2022