Материал Поэзия сен менімен егіз бе едің?

Поэзия сен менімен егіз бе едің?        Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толу орайына қарсы аудандық Абыл мәдениет үйінде  «поэзия сен менімен егіз бе едің?» деп аталған Мұқағали өлеңдеріне мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты,  ақын өлеңдерін жас өскелең ұрпаққа барынша насихаттап,мектептер арасынан үздік шыққан дарынды оқушыларды аудан көлемінде бәйгіге қосу, қала берді мұнан жүйрік шыққан сайыскерлерді облыс   жоғарғы белестерден көру. Ия Мұқаңның өлеңдері...
Раздел Другое
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Поэзия сен менімен егіз бе едің?

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толу орайына қарсы аудандық Абыл мәдениет үйінде «поэзия сен менімен егіз бе едің?» деп аталған Мұқағали өлеңдеріне мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты, ақын өлеңдерін жас өскелең ұрпаққа барынша насихаттап,мектептер арасынан үздік шыққан дарынды оқушыларды аудан көлемінде бәйгіге қосу, қала берді мұнан жүйрік шыққан сайыскерлерді облыс жоғарғы белестерден көру. Ия Мұқаңның өлеңдері десе ішкен асын жерге қойып тыңдайтын, және бір емес бір неше өлеңдерін жатқа оқитын жастар қарасы көбейіп келеді.Мұқағали, ол жүректің ақыны! оның әрбір өлеңінің астарында жүректі тебірентіп құлағыңның құрышын қандыратын күш бар. Оның өлеңдерінің астарында үлкен бір философиялық терең мағына бар.Осы орайда аудан мектептерінің 8-9-10 сыныптар арасында ақынның өлеңдеріне мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайысқа Лицей,Гимназия,Атамекен,Қалдығараев,Үстірт мектептерінен жиналған жас өркендері қатысты,сайыс қатысушылар арасынан жүзден жүйрік шыққан Үстірт орта мектебінен қатысқан Елубаева Жұлдыз ақынның «Аққулар ұйықтағанда» атты өлеңін нақышына келтіріп мәнерлеп оқып көрермендердің ықыласын өзіне қаратып,таң тамаша етті.Жұлдыз бала кезінен ақынның өлеңдерін жатқа айттатын, зерек оқушы болатын, мектепішілік сайыстарда үнемі бас жүлдені қанжығасына байлап жүретін. Жұлдыз осы орайда да қарсыластарынан озық шығып зал көрермендерін өзінің назарына аудара білді. Тіпті көздеріне жас алып тыңдаған көрермендер болды. Абай атамыз айтқандай «әннің де естісі бар ,есері бар » дегендей Мұқағалидің өзі жоқ болғаны менен оның өлеңдерін осылай құлақ құрышын қандырып оқитын жас өскелең ұрпақ оқығанда әрине ақын өлмейді! ақын мәңгі жасайды дегім келеді.Дегенмен Мұқаң ізіне өшпес мұра қалдырып кеткен ақын,оның қара өлеңдері мәңгі жырланып жүретініне сенеміз.

Үстірт орта мектебі Жанар Тапалова

© 2010-2022